Сергектікті, тапқырлықты және ұқыптылықты дамыту ойындары. Дене шынықтыру, 8 сынып, презентация. 76 сабақ.


Сабақ тақырыбы:

Сергектікті, тапқырлықты және ұқыптылықты дамыту ойындары

Оқу мақсаты

8.2.6.1 жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін көрсету және салыстыра білу

Күтілетін нәтижелер:

- қауіпсіздік ережесін біледі.

- оқушылар спорттық ойындар арқылы қозғалыс дағдыларын дамытады.

- баскетбол ойындарының элементтерін қолдана алады.

-командалық ойындардағы көшбасшылық қабілетін дамытады.

Тапсырма 1

Сыныпты бірнеше командаға бөліп, баскетбол элементтерін қолданып эстафета өткізу керек.

1) «Допты жерге ұру арқылы қайталап жүгіру», Әр командада баскетбол добы болады. Қолдарында добы бар ойыншылар челнок жүгірісімен белгіленген жерге дейін допты жерге соғып барып, қайта келіп допты келесі ойыншыға береді.

2) «Допты жерге ұрып жүріп бағытты өзгерту». Белгі бойыншы бірінші ойыншылар конустардың арасымен жүгіріп, доп лақтыру сызығына дейін жетеді де лопты кеуде тұсынан екі қолымен келесі ойыншыға береді.

3) «Допты себетке лақтыру». Бірінші ойыншыларда баскетбол добы болады. Мұғалімнің белгісі бойынша бірінші ойыншылар алға жүгіріп, допты себетке лақтырып, кері қайтады. Алаңның ортасына келген кезде допты өз командасының келесі ойыншысына лақтырады да, өздері саптың соңына тұрады.

Эстафета барлық қатысушылар тапсырманы орындап болғанға дейін жалғасады. Эстафетаны бірінші аяқтаған команда жеңіске жетеді.

Дескриптор

-қауіпсіздік ережесін біледі.

-допты жерге ұру арқылы қайталап жүгіреді.

-допты жерге ұрып жүріп бағытты өзгерте алады

-допты себетке лақтыра алады.

Сұрақ

Өзіңіздің сенімділігіңізді арттыру үшін әрекетті қалай өзгертуге болады?

Бірлесіп жұмыс жасау кезінде көшбашылық қабілетті қалай дамытуға болады?

Басқа қатысушылар жасайтын кері байланыс тиімді болады деп кепілдік бере аласыз ба?

Оқушылар рефлексиялық карточка толтырады.

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.

Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды).

Назарларыңызға рахмет!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу