Сергектікті, тапқырлықты және ұқыптылықты дамыту ойындары. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары. 77 сабақ.
Сабақ жоспары № 77
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Командалық ойын- белсенді қозғалыстың іс-әрекетіМектеп: | Күні: Сынып: 8 Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сабақ тақырыбы: Сергектікті, тапқырлықты және ұқыптылықты дамыту ойындары | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.2.6.1 жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін көрсету және салыстыра білу | |||||
Сабақ мақсаттары | -қауіпсіздік ережесін біледі. - жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін көрсетеді және салыстыра біледі; | |||||
Бағалау критериі | -қауіпсіздік ережесін біледі; -жарыс кезінде төрелік ету ережелерін көрсетеді. - жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін салыстыра біледі; | |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Командалық ойындардағы серіктестік туралы түсініктерін талқылай алады. Пәнге тән лексика мен терминология:
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Талқылау үшін сұрақтар Бұл тапсырма бірігіп және тиімді жұмыс жасау дағдыларын дамыта ма? Бұл ойын қандай физикалық қасиеттерді дамытады? | |||||
Құндылықтарды дарыту | (Өмір бойы үздіксіз білім алу) Оқуға деген сүйіспеншілікті білуге құмарлық, шығамашылық пен оқылатын материалға сыни қарау, қарым-қатынас пен мінезді, денені және ақыл-ойды үздіксіз дамыту арқылы бойға сіңіру. Оқушылардың өз бетімен оқуға болысатын дағдылары мен қабілеттерін дамытуды қамтиды. (Ынтымақтастық) Жылы қарым-қатынасты орнату, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру мен құрылымдық ұстанымды дамыту, қарым-қатынас орнату кезіндегі сыни ойлау қабілеті. (Академиялық шындық) Басқа адамдардың ойлары мен идеяларын құрметтеу, академиялық шындықтың ұстанымдарын сақтау, плагиатқа және ақпараттың көзін көрсетпеуге төзбеушілік. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Физика пәнімен байланыс. | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Баскетбол элементтері бар қозғалмалы ойындар https://www.youtube.com/watch?v=X4wNW8dp2YU Баскетбол ойын сілтеме https://www.youtube.com/watch?v=azTjwdN--oA Ғаламтор ресурсына сілтеме: Ойын техникасы: https://www.youtube.com/watch?v=Xp9yXCMG2Iw Баскетбол жарысы | |||||
Бастапқы білім | Оқушылар спорттық ойындар арқылы қозғалыс дағдыларын, баскетбол ойындарының элементтерін қолдану арқылы командалық ойындардағы көшбасшылық қабілетін, логикалық ойлау жүйесін, ептілігін дамытады. | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 0-7 7-8 | Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз». Мұғалім Сіздер үшін денсаулық ұғымы нені білдіреді деп сұрақ қояды. Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады. Күтілетін нәтижелер: - қауіпсіздік ережесін біледі. - оқушылар спорттық ойындар арқылы қозғалыс дағдыларын дамытады. - баскетбол ойындарының элементтерін қолдана алады. -командалық ойындардағы көшбасшылық қабілетін дамытады. II. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады. (Ж) «Ақылдың алты ойлау қалпағы» » ойынын өткізеді. Оқушының сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Мәселені барынша мұқият талқылап, оқушының жалпы ойлау қызметін жетілдіру үшін ойдың/сананың түрлі аспектілерін жандандыру мақсатында қолдану Мұғалім дененің құрлысын жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды. Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «смайликтер» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады. Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз? | Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін. Мұғалімге ысқырық Ғаламтор ресурсына сілтеме: Баскетбол элементтері бар қозғалмалы ойындар https://www.youtube.com/watch?v=X4wNW8dp2YU
| ||||
Сабақтың ортасы 10-30 | (Ж, Т, ҚБ) Сыныпты бірнеше командаға бөліп, баскетбол элементтерін қолданып эстафета өткізу керек. (Т,ф) Оқушылар төрт адамды топта үш доппен жұмыс істейді. Ойыншылардың үшеуі шабуылдаушылар біреуі қорғаушы. Қорғаушы қорғайтын белгілі алаңнан шамамен 12 метр қашықтықта қаз қатар үшеуі орын алады. Бірінші шабуылдаушы доппен жүгіріп келеді (мүмкіндк болса қорғаушыдан қашып), конус тұрған жерге барып, қайта өз нүктесіне оралады. Бір шабуылшы қақпадан асқанна соң екінші шабуылдаушы іске көшеді. Егер қорғаушы шабуылдаушының добын алып қойса, онда екінші шабуылдаушы да өз орнына қайта оралады. Дескриптор -қауіпсіздік ережесін біледі. -допты жерге ұру арқылы қайталап жүгіреді. -допты жерге ұрып жүріп бағытты өзгерте алады -допты себетке лақтыра алады. Саралау жүзеге асырылады. а) физиологиялық сипаттамаларға: - ұлдар жоғары жүктеме жасайды; - қыздар аз жұмыс істейді; б) физикалық қабілеттерге: - оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады; - Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді. Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға дескриптор арқылы өзара бағалау жүргізуді ұсынады. Мұғалім сұрақ қояды: Сұраңыз: екі минут ішінде шабуылдаушы қанша ұпай ала алады? Ұпай санын көбейту үшін сіз жеке нені дамытуыңыз керек? Оқуышларды екі минут сайы ауыстыру керек. Футбол доптары хоккей добы мен таяқшасына ауыстырылуы мүмкін. Мұғалім, оқушыларды дұрыс жолға бағыттайды және қандай да бір қиыншылықтар мен тіл проблемалары туралы ескертулер жазып алады (спорт терминологиясы және т.б.) Мұғалім кейде оқушыларға ынталандырушы сұрақтар қойып, олардың қаншалықты тапсырманы орындаумен айналысып отырғанын тексереді. Қажетті жағдайда мұғалім келіспеушілік жағдайында мәселені дұрыс шешуге талпынады. Сабақ соңында оқушылардың қажеттіліктеріне қарай екі жақты ойын ұйымдастыру. | Әрбір әрекет үшін кең, бос кеңістік, ысқырық, секундомер, бор. Үлкен бос кеңістік Баскетбол элементтері бар қозғалмалы ойындар https://www.youtube.com/watch?v=X4wNW8dp2YU Баскетбол допты лақтыру https://www.youtube.com/watch?v=ou36BP4o-F8 Ойын жаттығуларында баскетбол техникасына үйрету. | ||||
Сабақтың соңы 35-40 | Рефлексия: Оқушылар рефлексиялық карточка толтырады. Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары. Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды). Мұғалім үй жұмысын береді: - пән терминологиясын жаттау; - таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу. Оқушылар тамырдың ырғағын санайды. | Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін. Мұғалімге ысқырық
| ||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
|
|
| ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?