Сергектікті, тапқырлықты және ұқыптылықты дамыту ойындары. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 78 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық №78

Сабақ тақырыбы: Сергектікті, тапқырлықты және ұқыптылықты дамыту ойындары.

Оқу мақсаты: 8.2.6.1 жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін көрсету және салыстыра білу

Оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.

Күтілетін нәтижелер:

- қауіпсіздік ережесін біледі.

- оқушылар спорттық ойындар арқылы қозғалыс дағдыларын дамытады.

- баскетбол ойындарының элементтерін қолдана алады.

-командалық ойындардағы көшбасшылық қабілетін дамытады.

Сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салыңыз.

««Сұраққа жетіп ал» ойынын өткізіңіз. Бұл ойында өткен тақырып бойынша оқушылар бір біріне сұрақ қойып кері байланыс алады.

Оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдаңыз.

Өз бетінше ойлап, ақпаратты меңгере алады. Ақпаратпен ықыласпен жұмыс жасайды. Мәтінге, әңгімеге сұрақ қояды, тұжырымдайды. Сыныптастарының жауаптарын ықылас қойып тыңдайды және сұрақтар қояды. Таным әрекеті үрдісінде қарым-қатынас шеберлігі дамиды. Оқушылар оқығандары бойынша бір-біріне сұрақ қояды және талқылайды

Сыныпты бірнеше командаға бөліп, баскетбол элементтерін қолданып эстафета өткізіңіз.

Бұл жаттығуда жарты сыныпта доп бар, олар допты алып жүреді (аяқ немесе қолмен ), бұл уақытта қалғандары олардың добын тартып алуға тырысады. Шабуылдаушылар мен қорғаушылар ойынын тамашалаңыздар. Оқушылар талқылауда қарастырылған кейбір жаңа тактика мен стратегияларды қолдану үшін қайта ойнайды.

Дескриптор

-қауіпсіздік ережесін біледі.

-Шабуылшының қолынан допты тартып алады .

-допты себетке лақтыра алады.

Саралау жүзеге асырылады.

а) физиологиялық сипаттамаларға:

  - ұлдар жоғары жүктеме жасайды;

- қыздар аз жұмыс істейді;

б) физикалық қабілеттерге:

- оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады;

- Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді.

Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға дескриптор арқылы өзара бағалау жүргізуді ұсынады.

Мұғалім сұрақ қояды:

Өзіңіздің сенімділігіңізді арттыру үшін әрекетті қалай өзгертуге болады?

Бірлесіп жұмыс жасау кезінде көшбашылық қабілетті қалай дамытуға болады?

Басқа қатысушылар жасайтын кері байланыс тиімді болады деп кепілдік бере аласыз ба?

Сабақ соңында кері байланыс алып екі жұлдыз бір тілек бағалау әдәсән қолданыңыз. Бұл әдісте оқушылар бір біріне екі жақсы орындаған бір түзетуге мүмкін болатын жақтарын айтады.

 Қосымша ақпарат

 Жарыс тәжірибесінде бір допты ойнату барысында ауыстырумен кейде прессинг қолданылады: команда алаңның орталық бөлігін сенімді жабу міндетімен таза аймақтық прессингтен бастайды; 1х2 қақпанын құрады; қақпанға түскен сәтте команда аралас прессингке өтеді, сосын алаңның өз жартысында белсенді жеке қорғанысқа көшеді. Алаңның ортаңғы бөлігін жабу үшін 2-2-1 аймақтық прессингін тым тарылту қарсыласына бүйір сызығы бойымен тез өтіп, қорғанысты бұзуға жол ашатынын есте ұстау керек. Сонымен, қарама-қарсы қанатқа қарсыласының тез доп беруіне қақпан ұйымдастыру үшін бүйір сызықтарының бірінде қорғаныстың барлық ойыншыларын араластыру қорғанысты қиын жағдайда қалдыруы тиіс.

 Қарқынды шабуылға қарсы-қорғаныс. Қарқынды шабуылдай білетін командаға қарсы матчта ең алдымен қарсыласына қолайлы екпінді бұзуға тырысу қажет. Бұл үшін тұрыстық шабуылды әдеттегіден баяуырақ жүргізіп, допты мұқият ойнатып, қауіпті доп берулермен дайындықсыз доп салуларды болдырмау қажет. Кемінде өз тылын екі ойыншымен қорғау керек.

 Бірінші доп бере топ жаруға бөгет болуға ұмтылып, кері ұшқан доп үшін күрестен немесе басқа жағдайдан допты иемденген ойыншыны мұқият шабуылдау керек. Қарсыласының тез топ жаруын бұзу үшін нәтижелі доп салу мен айып добын салудан соң шабуылшыларды бүкіл алаң бойымен кезеңдеп бақылап, сосын айып добы аймағына кету қажет. Осылай қорғанғанда команда ойындағы бастаманы бермеу керек: қарсыласының жылдам қимылындағы әрбір қателік нәтижелі қарсы шабуылмен жазаланып отыруы тиіс.

 Тез топ жаруды жақсы меңгерген командалармен ойындағы жиі жіберілетін қателік қорғаныс ойындарындағы шығыршыққа тез топ жаруда олар жеке бақылауы тиіс ойыншылардан айырылып қалуымен байланысты. Егер қорғаныс ойыншысы айып добы сызығына оралып, жеке бақылауды қажет ойыншыны іздемей, аймақтық қорғанысқа өтсе, қажеттіліктің орны толады. Аталған айланың негізін қалаушы ережелер - қорғаныс ойыншысы айып добы сызығында тұрып, жеке бақылайтын ойыншысын «өзіне өтуге» мәжбүр етеді. Кез-келген жағдайда қорғаныс ойыншысы алғашқы шабуыл сәті тоқтатылысымен-ақ өз әрекетін тез және жеңіл саралай алады.

Жеке аймақтық прссингінің түрі



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу