Сергектікті, тапқырлықты және ұқыптылықты дамыту ойындары. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 75 сабақ.
Әдістемелік нұсқаулық №75
Сабақ тақырыбы: Сергектікті, тапқырлықты және ұқыптылықты дамыту ойындары
Оқу мақсаты 8.2.6.1 жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін көрсету және салыстыра білу
Оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз
Тапсырма орындау барысында ойыншыларға нұсқаулық беріңіз.
«Шаттық шеңбер» стратегиясы
Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызып бір біреуін бүгінгі сабақта сәттілік тілесін.
Тақырып бойынша нақты ақпарат айтуын қадағалаңыз.
Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «смайликтер» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады.
Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?
Шабуыл техникасын дамытуға арналған жаттығу
Бұл жаттығуда ойыншылар бір мезетте қарама- қарсы тұрығызып екі арқанды бір біріне тартып тұрғызыңыз. Арқан (3м) арқылы волейбол добын дөңгелетіңіз.
Допты арқан арқылы екі рет дөңгелетіңіз. Егер доп түсіп кетсе ойынды қайта бастаңыздар. Допты домалатқан кезде қолмен ұстауға болмайды.
Тапсырмадан соң оқушыларды үш топқа бөліп жеңілдетілген ережемен баскетбол ойынын ұйымдастырыңыз.
Ойында саралау қолданыңыз.
а) физиологиялық сипаттамаларға:
- ұлдар жоғары жүктеме жасайды;
- қыздар аз жұмыс істейді;
б) физикалық қабілеттерге:
- оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады;
- Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді.
Сұраңыз: Өзіңіздің сенімділігіңізді арттыру үшін әрекетті қалай өзгертуге болады?
Сабақ соңында оқушылардан кері байланыс алып үй тапсырмасын ұсыныңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?