Сергектікті, тапқырлықты және ұқыптылықты дамыту ойындары. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 78 сабақ.
Әдістемелік нұсқаулық №78
Сабақ тақырыбы: Сергектікті, тапқырлықты және ұқыптылықты дамыту ойындары.
Оқу мақсаты: 8.2.6.1 жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін көрсету және салыстыра білу
Оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.
Бағалау критериі
-қауіпсіздік ережесін біледі.
- жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін көрсетеді
-дамыту ойыны кзінде тактика стратегияларды салыстыра біледі;
-жарыс іс әрекеттерінің ұйымдастыру жолдарын біледі
«Кім жылдам » ойыны.
Оқушылар шеңбер бойымен тұрып кезегімен бір біреуіне ым арқылы жаттығулар жинағын көрсетеді. Жаттығулардың қандай физикалық қасиеттерді дамытатынын айтады.
Бұл тапсырмада барлық ойыншылар шабуылда ерекше тактиканы көрсетеді. Ойыншылар барлық командаға шабуыл жасайды, пас-та өте қарқынды ойнайды, өз әріптестерін лақтыруға шығарады, допты іріктеуге жылдам барады, мүмкіндігінше допты жоғалтқаннан кейін, барлық командамен қорғанысқа кетеді. Ойынның мұндай тактикасы үшін өте жақсы дене дайындығы қажет, себебі ойын барысында қарсыласты шабуылдау және тығырыққа тіреу өте оңай емес.
Оқушылар тапсырманы орындау кезінде әр бір допты алып жүруіне және беруіне көңіл бөліңіз. Ойындағы тактикалық әрекеттер құруға бағыт беріп түзетулер енгізіңіз.
Тапсырмаларды оқушылардың төмендегі ерекшеліктері бойынша саралауға болады.
а) физиологиялық сипаттамаларға:
- ұлдар жоғары жүктеме жасайды;
- қыздар аз жұмыс істейді;
б) физикалық қабілеттерге:
- оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады
Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға дескриптор арқылы өзара бағалау жүргізуді ұсынады.
Мұғалім сұрақ қояды:
Өзіңіздің сенімділігіңізді арттыру үшін әрекетті қалай өзгертуге болады?
Бірлесіп жұмыс жасау кезінде көшбашылық қабілетті қалай дамытуға болады?
Басқа қатысушылар жасайтын кері байланыс тиімді болады деп кепілдік бере аласыз ба?
Сабақ соңында кері байланыс алып екі жұлдыз бір тілек бағалау әдәсән қолданыңыз. Бұл әдісте оқушылар бір біріне екі жақсы орындаған бір түзетуге мүмкін болатын жақтарын айтады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?