Логикалық ойлау қабілетін дамыту ойындары. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 70 сабақ.
Әдістемелік нұсқаулық №70
Сабақ тақырыбы: Логикалық ойлау қабілетін дамыту ойындары
Оқу мақсаты :
8.2.3.1 қолайлы оқып-үйрену ортасын қалыптастыру бойынша біріккен, әрі тиімді жұмыс дағдыларын қолдану және көрсете білу;
8.2.5.1 өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін көрсету және салыстыра білу, оны шешудің балама жолдарын ұсыну
Оқушыларды сапқа тұрғызып сәлемдесіңіз. Түсіндіріңіз: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз».
Сұраңыз : Сіздер үшін денсаулық ұғымы нені білдіреді деп сұрақ қояды.
Оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.
Күтілетін нәтижелер:
- қауіпсіздік ережесін біледі.
- оқушылар спорттық ойындар арқылы қозғалыс дағдыларын дамытады.
- баскетбол ойындарының элементтерін қолдана алады.
-командалық ойындардағы көшбасшылық қабілетін дамытады.
- логикалық ойлау жүйесін, ептілігін дамытады.
II. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.
«Кім жылдам » ойынын өткізеді.
Оқушыларға дененің құрлысын жазуды ұсыныңыз. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.
Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «смайликтер» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады.
Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?
Тапсырма 1
«Алаңдағы жекпе-жек».
Сыныпты екі командаға бөліңіз. Олар бір-бірден баскетбол алаңының ортасында сапқа тұрып, кезекпен саналады. Саптардың арасының ара-қашықтығы 2-3 м болады.
Жүргізуші баскетбол добын алаңға лақтырып, ойын қатысушының кез келген нөмірін айтады. Бұл санға сәйкес екі команданың ойыншылары ортаға шығып, допты қарсыласынан бұрын алуға тырысады. Допты қағып алған ойыншы өз командасына 1 ұпай алып келеді және дәл сол уақытта өз сабындағыы ойыншыға допты лақтырады. Допты қағып алған ойыншы оны тездетіп екі қолымен қолдан-қолға беріп саптың соңындағы адамға береді, саптың соңындағы ойыншы допты алған уақытта жоғарыға көтереді. Жекпе-жектен жеңіліп қалған ойыншы өзінің саптағы бастапқы орнына барып, қарсылас команданың қолдарындағы допты қағып алуға тырысады. Егер ойыншы орнына бірінші жетсе, оның командасына 1 ұпай қосылады, егер жетпесе, қарсылас команда тағы бір ұпайға ие болады. Көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.
Қосымша мағлұмат
Тәсіл
Негізгі ұғымдар анықтамасы
Тәсіл – бұл ойын дамуының заңдылықтарын, ойын сайысын жүргізудің әдістері мен құралдарын және оларды нақты қарсыласына қарсы тиімді қолдануды зерттейтін ілім мен іс-тәжірибе бөлімі.
Баскетболдың заманауй тәсілі ойын жүргізудің құралдары, әдістері мен түрлерінің үлкен қорын қарастырады. Аталған, нақты ойынға шынайы ықпал ететін негізгі факторларды дұрыс есептегенде ғана оларды ұтымды пайдалануға болады. Олар аталған кездесу өтетін айқын сыртқы әсерлер есебінен (ауа райы, жабдықталуы және алаң бетінің жағдайы, құрал-жабдықтар ерекшеліктері, көрермендер әсері, т.б.) және өз командасы мен қарсылас команданың мүмкіндіктерін жан-жақты бағалауға (команда құрамы, ойыншылардың жаттығу деңгейі, олардың рухани жағдайы, тәсілдік және әдістік жабдықталуы, т.б.) негізделеді. Аталған факторлар есебінсіз команда жоғары деңгейге жете алмайды.
Ойын жүргізу құралдарына әдіс амалдары жатады. әдісті меңгермей ойнау мүмкін емес. Алайда, егер дайындық әдісі белгілі бір қимылдың құрылымын зерттеуге бағытталса, онда тәсілдік дайындық баскетболшыны үйренген әдістерін екі команда сайысы негізінде дұрыс қолдану білімімен және білігімен қаруландырады.
Тәсілдік дайындық ең алдымен ойынның түрлі айла-шарғысында зерттеуді ұсынады. Айла-шарғы деп алдын-ала үйренген және бір баскетболшыға шығыршыққа шабуылдау үшін жағдай жасауға бағытталған нақты жүйе аясында топтың немесе команданың барлық ойыншыларының келісімді өзара әрекетін түсінеміз. Бұған қоса айла-шарғыны типтік өзара әрекет, олардың ойнатылуы және жинақталған жарыс тәжірибесін негізінде ойыншылар өздері шығармашылықпен ойлап тауып, іске асыруы мүмкін.
Алдын-ала үйренген айла-шарғыны жүргізу барысында туындаған жарыс жағдайына қарай оны логикалық дамыту мен аяқтау ұсынылады. Айла-шарғылар матчтың өзгерістерінде де, допты ойынға қосу немесе шығару сәттерінде де қолданылады (бастапқы және тартысты доп салуда, бүйір және беткі сызықтан доп салуда, айып добын салуда).
Ойын жүргізу түрі деп белгілі бір тәсілдік міндеттерді шешумен байланысты команда әрекеттерінің сыртқы көрінісін атайды. Ол белсенді және баяу болуы мүмкін. Белсенді немесе баяу түрлерін қолдануға байланысты тәсілдің шабуылдық немесе қорғаныс сипаттары болады. Бұнда қорғаныс тәсілі белсенді және баяу қорғаныс болуы мүмкін. Ойын жүргізудің бұндай түрлерін жарыс жағдайы мен команданың ақиқат мүмкіндіктеріне қарай жаттықтырушы таңдайды.
Тәсілдің жіктелуі
Ойынның негізгі мазмұнына сәйкес тәсіл қорғаныс және шабуыл тәсіліне бөлінеді (63-сурет).
60-сурет. Баскетбол тәсілінің жіктелуі
Оның әрбір бөлімі ойыншылар әрекетін ұйымдастыру принципіне қарай топтарға бөлінеді: жеке топтық, командалық өз кезегінде ойын жүргізу түрлеріне қарай әр топ түрлерге бөлінеді (мысалы, шабуылдағы жеке әрекет допсыз ойыншының әрекеті және добы бар ойыншының әрекеті болып бөлінуі мүмкін). Ойын әрекеттерінің нақты мазмұнына қарай түрлер әдістерге бөлінеді. Орындалу ерекшеліктері түрліше болып келетін әдістер нұсқалардың тууына себеп болады. Мысалы, тұрыстың шабуылдың әдістерінің бірі орталық ойыншы арқылы шабуылдау жүйесі болып табылады. Орталық ойыншылар санына қарай (алаңда бір мезгілде ойнайтын) бұл жүйе үш нұсқаға бөлінуі мүмкін: бір орталық ойыншы арқылы екі және үш орталық ойыншы арқылы шабуылдау.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды