Логикалық ойлау қабілетін дамыту ойындары. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 70 сабақ.
Әдістемелік нұсқаулық №70
Сабақ тақырыбы: Логикалық ойлау қабілетін дамыту ойындары
Оқу мақсаты :
8.2.3.1 қолайлы оқып-үйрену ортасын қалыптастыру бойынша біріккен, әрі тиімді жұмыс дағдыларын қолдану және көрсете білу;
8.2.5.1 өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін көрсету және салыстыра білу, оны шешудің балама жолдарын ұсыну
Бағалау критериі
-қауіпсіздік ережесін біледі;
- қолайлы оқып-үйрену ортасын қалыптастыру бойынша біріккен, әрі тиімді жұмыс дағдыларын қолдана алады;
- қолайлы оқып-үйрену ортасын қалыптастыру бойынша біріккен, әрі тиімді жұмыс дағдыларын көрсете алады;
Сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салыңыз.
Бір орында: Оңға,солға,кері бұрылу.
2.Жүру:Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру. Қолды жанға созып өкшемен жүру.Жартылай отырып, толық отырып жүру.
3.Жүгіру: Еркін жүгіру, тізені көтеріп жүгіру ,аяқты артқа сермеп жүгіру. Жүріске ауысып, тыныс алу жаттығуларын орындау.
Бір орында жалпы дене шынықтыру жаттығуларын орындау үшін көшбасшы таңдаңыз.
«Миға шабуыл» әдісін қолданыңыз.
Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «смайликтер» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады.
Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?
Бұл ойында барлық ойыншыларды топқа 5 адамнан бөліңіз. Әрбір бес ойыншы үшін алаңның төрттен бірі бөлінеді. Өз алаңынан тыс жерге шығуға болмайды. Әрбір бестіктің ішінде ойыншылар екі командаға бөлінеді: 3 ойыншы-шабуылшы, екінші ойыншы-қорғаушы. Шабуылшылар допты бір-біріне бере отырып, оны барынша ұзағырақ ұстап тұруға тырысады, ал қорғаушылар допты игеруге тырысады. Допты беру кезінде қате жіберген шабуылшы қорғаушымен рөлдерді ауыстырады.
Тапсырма орындап болған соң «Ең түсініксіз» стратегиясын қолданыңыз.
Оқушылар 1-2 түсініксіз болған жағдайды жазады. Бұл орындалған жаттығудың бөлігі немесе өткен сабақтағы материал болуы мүмкін. Содан соң оқушылармен тығырықтан шығу жолын қарастырыңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?