Логикалық ойлау қабілетін дамыту ойындары. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 71 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық №71

Сабақ тақырыбы: Логикалық ойлау қабілетін дамыту ойындары.

Оқу мақсаты:

8.2.3.1 қолайлы оқып-үйрену ортасын қалыптастыру бойынша біріккен, әрі тиімді жұмыс дағдыларын қолдану және көрсете білу;

8.2.5.1 өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін көрсету және салыстыра білу, оны шешудің балама жолдарын ұсыну

Бағалау критериі

- қауіпсіздік ережесін біледі;

- қолайлы оқып-үйрену ортасын қалыптастыру бойынша біріккен, әрі тиімді жұмыс дағдыларын қолдана алады;

Сабақтың дайындық бөлімінде оқушыларға тактикалық әрекеттер жөнінде мағлұмат беріп өтіңіз.

 Тосқауылдың мәні мынада: ойыншы өзінің әріптесін бақылаушы қорғаушыға ол бақыланушының кетіп қалуы мүмкін жолын қадағалайтын қысқа жолды бөгейтін орын таңдайды. Ойыншы қорғаушының қозғалысын тежейді немесе әріптесінің жолына қарағанда ұзағырақ жолмен жүруге оны мәжбүр етеді, сол арқылы әріптесіне сәл уақытқа еркіндік алып шығыршықты шабуылдауға мүмкіндік береді. Мұнда тосқауыл қойған ойыншы қозғалыссыз қалмайды: қорғаушының алдынан шығып, ол бұрылады және шабуылға қолдау көрсету үшін қалқанға шығады. Добы бар ойыншы әрқашан тосқауыл қойғаннан соң дереу шабуылға кірісетін әріптесі қарсыласы үшін өте қауіпті болатынын ескерген жөн.

 Тосқауылдың үш түрі бар: қапталдық, артқы және алдыңғы.

 Егер тосқауыл қоятын ойыншы әріптесін бақылаған қорғаушының артқы жағына немесе қапталына орналасса, онда бұл қапталдық немесе артқы тосқауыл деп аталады. Оның мақсаты – добы бар немесе добы жоқ әріптесін жүргізіп өтуге немесе керекті бағытқа шығуына жол алады. Мысалы, 67, а-суретте: 5-ойыншы допты иемденген 4-әріптесі үшін қапталдық тосқауыл қояды, 4-ойыншы тосқауылды пайдаланып, қалқанға өтеді және допты шығыршыққа салады немесе доп салуды аяқтау үшін допты 5-ойыншыға береді.

Ішкі (а), сыртқы тосқауыл

 Егер тосқауыл қойған ойыншы әріптесі мен оны бақылайтын қорғаушының арасында қорғаушыға бетпе-бет немесе оған арқасымен қарап тұрса, ол алдыңғы тосқауыл болады, оның мақсаты добы бар әріптесін шығыршыққа доп салу үшін босату болып табылады. 67, б-суретте 7-ойыншы 8-ойыншы үшін алдыңғы тосқауыл қояды, 8-ойыншы тосқауылды пайдаланып, еш қиындықсыз допты шығыршыққа салуға мүмкіндік алады, егер екі қорғаушы да өзіне қарай шыққанын ғкөрсе, онда допты тосқауыл қойған соң дереу қарсылас қалқанына жеткен 7-ойыншыға береді. 68-суретте допты жүргізу арқылы 5-ойыншы өзінің 4-әріптесіне тосқауылды қалай қоятыны көрсетілген.

 1 және 2-ойыншы қалқанға шығып, 4-ойыншыдан доп алатын 3-әріптесі үшін қиылысқан және соқыр тосқауылдармен өрнек жасайды.

 Сабақ соңында оқушыларға рефлексиялық карточка толтыртыңыз. Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары. Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды).

Мұғалім үй жұмысын береді:

- пән терминологиясын жаттау;

- таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу