Ойын кезіндегі қозғалыс үйлесімділігін дамыту. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 64 сабақ.
Әдістемелік нұсқаулық №64
Сабақ тақырыбы: Ойын кезіндегі қозғалыс үйлесімділігін дамыту
Оқу мақсаты: 8.2.8.1 түрлі қимыл-қозғалыс негіздерінен туындаған рөлдерді көрсету және салыстыра білу;
Бағалау критериі
-қауіпсіздік ережесін біледі;
- баскетбол ойыны кезінде рөлдерді көрсетеді және салыстыра алады;
Оқушыларға сабақ барысында құндалақтарды еске салып өтіңіз.
Құндылықтарды дарыту
Өмір бойы үздіксіз білім алу) Оқуға деген сүйіспеншілікті білуге құмарлық, шығамашылық пен оқылатын материалға сыни қарау, қарым-қатынас пен мінезді, денені және ақыл-ойды үздіксіз дамыту арқылы бойға сіңіру. Оқушылардың өз бетімен оқуға болысатын дағдылары мен қабілеттерін дамытуды қамтиды.
(Ынтымақтастық) Жылы қарым-қатынасты орнату, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру мен құрылымдық ұстанымды дамыту, қарым-қатынас орнату кезіндегі сыни ойлау қабілеті.
(Академиялық шындық) Басқа адамдардың ойлары мен идеяларын құрметтеу, академиялық шындықтың ұстанымдарын сақтау, плагиатқа және ақпараттың көзін көрсетпеуге төзбеушілік.
Баскетбол ойын сілтеме https://www.youtube.com/watch?v=azTjwdN--oA
Оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.
Күтілетін нәтижелер:
- қауіпсіздік ережесін біледі.
- оқушылар спорттық ойындар арқылы қозғалыс дағдыларын дамытады.
- баскетбол ойындарының элементтерін қолдана алады.
-командалық ойындардағы көшбасшылық қабілетін дамытады.
- логикалық ойлау жүйесін, ептілігін дамытады.
II. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.
(Ж) «Шаттық шеңбер » стратегиясын өткізеді Бұл стратегияда оқушыларды шеңбер тұрғызып бір біріне сабақ барысында сәттілік тілеп тілектерін білдіреді.
«Екі допты беру».
Бұл ойында оқушылар 1-ойыншы айып добын лақтыру орнының жоғарысында өзінің бес серіктесіне қарама-қарсы тұрады. Оның қолында да, қарсы тұрған бес серіктесінің біреуінің қолында да доп болады. 1-ойыншы кез келген серіктесіне допты лақтырады, дәл сол уақытта оған кері доп лақтырылады. 1-ойыншының мақсаты – допты беру арқылы келесі допты қағып алу. Ол қателік жібергенге дейін ойынды жалғастырады. Ол қателік жіберген кезде, оның орнына басқа ойыншы келеді. Ойын барлық қатысушы ойнап болғанға дейін жалғасады.
Ойын барсында оқушыларды ортаға жинап сұраңыз: Штрафтық лақтыру аумағында тұрған ойыншы қандай рөл атқарады? Ойын кезінде қандай қауіп қатер туындауы мүмкін?
Баскетболда шабуылдау техникасын жетілдіру.Баскетбол техникасының негізі – қозғалыс. Ойын алаңы бойынша баскетболшының қозғалысы нақты ойын жағдайларының орындалуы барысында құрылатын шабуылдау мәселелерін шешуге арналған іс–әрекеттер жүйесінің белгілі–бір бөлігі болып табылады.Ойын алаңындағы қозғалыс үшін жүріс, жүгіру, секіру, тоқталыстар, айналуларды пайдаланамыз. Осы ойын тәсілдерін пайдалану арқылы баскетболшы қажетті орын тауып, қарсыласушысынан кетіп қала алады, кеінгі шабуыл жасау үшін тиімді қажетті бағытқа қарай орналаса алады. Сонымен қатар, қозғалыста аяқтардың дұрыс жұмыс жасауынан және тепе–теңдікті ұстап тұруына доппен орындалатын ойын тәсілдерінің тиімділігі тәуелді болады: қозғалыс және секірген кезде допты беру, допты жүргузу және онымен алдату, секіріп лақтыру және т.б..Ойындағы жүріс басқа қозғалыс тәсілдеріне қарағанда азырақ пайдаланылады. Ол, негізінен, қысқа тоқтамдарда орын ауыстыруға немесе ойын жағдайының интенсивтілігін төмендетуге, сонымен қатар жүгіріспен қоса темпті жайлату үшін пайдаланылады. Қарапайым жүрістен айырмашылығы, баскетболшы аяғында тізесін бүгіп жүреді, бұл оған кенеттен жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?