Ойын кезіндегі қозғалыс үйлесімділігін дамыту. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 65 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық №65

Сабақ тақырыбы: Ойын кезіндегі қозғалыс үйлесімділігін дамыту

Оқу мақсаты 8.2.8.1 түрлі қимыл-қозғалыс негіздерінен туындаған рөлдерді көрсету және салыстыра білу;

Сабақ мақсаттары

- баскетбол ойыны кезінде рөлдерді көрсетеді және салыстыра алады;

- түрлі қимыл-қозғалыс негіздерінен туындаған рөлдерді көрсетеді және салыстыра біледі;

Бағалау критериі

-қауіпсіздік ережесін біледі;

- баскетбол ойыны кезінде рөлдерді көрсетеді және салыстыра алады;

Түсіндіріңіз : «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз».

Сұраңыз Сіздер үшін денсаулық ұғымы нені білдіреді деп сұрақ қояды.

Оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.

Күтілетін нәтижелер:

- қауіпсіздік ережесін біледі.

- оқушылар спорттық ойындар арқылы қозғалыс дағдыларын дамытады.

- баскетбол ойындарының элементтерін қолдана алады.

-командалық ойындардағы көшбасшылық қабілетін дамытады.

- логикалық ойлау жүйесін, ептілігін дамытады.

II. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салыңыз..

(Ж) «Қар кесегі» стратегиясын өткізіңіз.

Әрбір топ окушылары басқа топтарға бағыттап параққа сұрақ жазып лақтырады. Сұрақтармен кезек-кезек алмасады.

«Допты жерге соғып, оны сақинаның астынан беру».

Бұл тапсырмада сынып топтарға бөлінеді. Допты жерге соғушы ойыншылар жоғарыдан екі қолмен допты лақтырады. Мұғалім шеңбердің шетінде тұрып допты себетке лақтырады. Себеттің екі жағында допты соғушы ойыншылар тұрады. Оның бірі допты алып, сақинаның астынан мұғалімге қайтарып береді. Доп берілген алаңдағы ойыншы допты соғушы ойыншы позициясын анықтау үшін бір жерден екінші жерге орын ауыстырады.

Допты жерге 2-3 рет соққаннан кейін допты соғушы өз сабының соңына барып тұрып, жаттығуды жалғастырады. Алаңдағы ойыншылар және допты соғушы ойыншылар жаттығу кезінде орындарымен ауысып отырады

Тапсырма орындау барысында оқушыларға әдістемелік көмек немесе бағыт бағдар беріп тұрыңыз.

Мысалы :

Дұрыс жүгіріп, тоқтай білуің керек..

Алаңда сен жүгіру бағытын жиі өзгертесің, жылдам да, жай да жүгіресің, сондай-ақ жиі тоқтап, қайта жүгіресің.Егер шапшаң тоқтау керек болса, секіру арқылы бір аяқпен итеріліп, екі аяқпен бірден түсу керек. Егер қатты жүгіріп келе жатсаң, секіріп жаныңа бұрыл.

Алаңда сен жүгіру бағытын жиі өзгертесің, жылдам да, жай да жүгіресің, сондай-ақ жиі тоқтап, қайта жүгіресің.Егер шапшаң тоқтау керек болса, секіру арқылы бір аяқпен итеріліп, екі аяқпен бірден түсу керек. Егер қатты жүгіріп келе жатсаң, секіріп жаныңа бұрыл.

Дұрыс жүгіріп, тоқтай білуің керек .

Сондай-ақ қадам жасап та тоқтауға болады.Бұл тәсілмен тоқтағанда екі қадам жасауың керек. Бірінші қадамың қысқа, аздап жанға бұрылған болу керек.Соңғы қадамның алдындағы қадамың қысқа болып, бір жаныңа бұрылу керек. Аяққа сәл отырып,соңғы қадамыңды алшақ алып барып тоқтау

Жаттығуды орындау дескрипторымен таныстырыңыз.

қауіпсіздік ережесін біледі.

-себетке лақтыра алады.

-допты алып жүріп себетке лақтырады.

Саралау жүзеге асырылады.

а) физиологиялық сипаттамаларға:

  - ұлдар жоғары жүктеме жасайды;

- қыздар аз жұмыс істейді;

б) физикалық қабілеттерге:

- оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады;

- Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді.

Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға дескриптор арқылы өзара бағалау жүргізуді ұсыныңыз.

Сабақ соңында орындаған іс әрекетке табыс сатысын ұсыныңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу