Ойын кезіндегі қозғалыс үйлесімділігін дамыту. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 66 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық №66

Сабақ тақырыбы: Ойын кезіндегі қозғалыс үйлесімділігін дамыту

Оқу мақсаты :

8.2.8.1 түрлі қимыл-қозғалыс негіздерінен туындаған рөлдерді көрсету және салыстыра білу;

Сабақ мақсаттары:

- баскетбол ойыны кезінде рөлдерді көрсетеді және салыстыра алады;

- түрлі қимыл-қозғалыс негіздерінен туындаған рөлдерді көрсетеді және салыстыра біледі;

Бағалау критериі

-қауіпсіздік ережесін біледі;

- баскетбол ойыны кезінде рөлдерді көрсетеді;

Баскетбол ойыны кезіндегі рольдерді салыстыра алады;

Оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз

Күтілетін нәтижелер:

- қауіпсіздік ережесін біледі.

- оқушылар спорттық ойындар арқылы қозғалыс дағдыларын дамытады.

- баскетбол ойындарының элементтерін қолдана алады.

-командалық ойындардағы көшбасшылық қабілетін дамытады.

- логикалық ойлау жүйесін, ептілігін дамытады.

Сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салыңыз.

(Ж) «Бір минут » стратегиясын өткізіңіз.

«Алаңның айналасында жүріп, допты жұбына лақтыру».

Бұл тапсырмада ойыншылар екі топқа бөлінеді. Олар өз ішінен екі сапқа тұрады. Әр топта бір-бір доптан болады. Әр саптың алдындағы екі ойыншы допты бір-біріне беріп, қарсы жақтағы алаңға бар күшімен жүгіріп жетеді. Жеткеннен кейін бұрылып, кері қайтады да, допты келесі жұпқа береді.

Оқушылар топта баскетбол ойыны кезіндегі тактикалық әрекеттер бойынша талқылайды.

Сұраңыз:

Допты бір қолмен ұстау қиын болды ма?

Өз күшіңізді басқалардың күшімен салыстырып көріңіз.

Мұғалім, оқушыларды дұрыс жолға бағыттайды және қандай да бір қиыншылықтар мен тіл проблемалары туралы ескертулер жазып алады (спорт терминологиясы және т.б.) Мұғалім кейде оқушыларға ынталандырушы сұрақтар қойып, олардың қаншалықты тапсырманы орындаумен айналысып отырғанын тексереді.

Қажетті жағдайда мұғалім келіспеушілік жағдайында мәселені дұрыс шешуге талпынады.

Баскетбол ойынының техникасы мен тактикасы және оны жетілдіру. Мұғалімнің жас баскетболшыларды тактикалық ісәрекеттерге оқыту кезіндегі негізгі міндеттеріне ойын барысында пайда болатын жағдайларды ойыншының шығармашылық жолымен шешуін қамтамасыз ету үшін берілген жүйеде пайдаланылады: қатысушылардың зейінін арттыру, ойын жағдайларында бағдарлану тәсілдерін көрсету; негізгі жеке және топтық тактикалық ісәрекеттерге үйрету. Тактикаға үйрету барысында келесідей ретті ұстанады: алдымен, жеке тактикалық ісәрекеттерді оқытады, кейін берілген ойын жүйесіне жуық жеке және топтық ісәрекеттер нақтыланады. Тактикаға үйрену барысында шабуыл мен қорғаныстың екі жақты қарымқатынасы бойынша зерттеу керек. Бұл, жаттығуларға ойыншылардың ісәрекетін шектейтін немесе кеңейтетін шарттары бар арнайы жаттығуларды қосуды қажет етеді. Доппен ойнау техникасы, бірінші және екінші доп берулердегі мергенділік Допты тартып алған топ шабуылдаушы топ болады. Шабуылойындағы топтың негізі функциясы болып табылады. Шабуылдаушы ісәрекеттер арқылы топ басымдылыққа ие болып, қарсыласушыға тиімді тактикалық жоспарды пайдалануға міндет еткізеді. Шабуылдаушы топтың негізгі мақсатықарсыласушының қоржынына допты кіргізу. Бұл мақсатқа 30 с. ішінде жету үшін арнайы ұйымдастырылған, бұрыннан ойластырылып қойылған және дайындалған тактикалық жүрістерді пайдалану керек. Олар доптың қарсылас қоржынына жақындауына, нәтижелі шабуыл үшін тиімді шарттар құрастыруына, аталып отырған шабуылды өткізу және доптың кері түсуіне байланысты күресу мүмкіндігін тудыруына бағытталған. Шабуыл тактикасы топқа нақты қарсыласқа және ойынның түрлі кезеңдеріне байланысты мақсатты бағытталған тәсілдерін, жоспарлық шабулды жүргізудің формалары мен әдістерін таңдап, пайдалануға мүмкіндік береді. Өзінің сипатына қарай шабуылдың барлық ісәрекеттерін жеке және топтық деп жіктейді. Тактиканың топталуына сәйкес топтық ісәрекеттердің өзі топтық және командалық деп бөлінеді. Доппенойнау және қарсыласу техникасы. Қарсыласу әдістері техникасына үйрену реті оқылатын шабуыл тәсілдеріне тәуелді: шабулдаудың сәйкес ойнау тәсілі үйренгеннен кейін оған қарсыласу тәсілі үйретіледі. Атап өтуге тұратын жайт, баскетболшы қарсыласу тәсілдерін аз ықыласпен және ниетпен үйренеді. Сондықтан, түсініктемелер, әңгімелер, үлгілер арқылы қорғану тәсілдерін үйренуге қызығушылықты арттыру қажет. Үйренудің аса маңызды негізі болып бақылай білуі, қарсыласушы ісәрекетін бағалауы, ойын тәсілін уақытында, әрі тиімді пайдалануы саналады. Қандай–да болсын ойын тәсіліне үйрену барысында оқытушы негізгі зейіннің қайда бағытталуы және ойын тәсілін қалай дұрыс орындау керектігін нақтылап көрсетуі керек.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу