Ойын кезіндегі қозғалыс үйлесімділігін дамыту. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 67 сабақ.
Әдістемелік нұсқаулық №67
Сабақ тақырыбы: Ойын кезіндегі қозғалыс үйлесімділігін дамыту
Оқу мақсаты:
8.1.4.1 қимыл-қозғалысты сапалы орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктіліктерін салыстыра білу
Бағалау критериі
-қауіпсіздік ережесін біледі;
- баскетбол ойыны кезінде өзінің және өзгелердің біліктіліктерін салыстыра алады;
Сабақ алдында кішігірім бейне көрсетілім көрсетіңіз. Допты алып жүру дриблинг жасау
https://www.youtube.com/watch?v=qzJzwnIAfZc
Сабақты басқа пәндермен байланыстыру мақсатында түсіндіріңіз : «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз».
Сіздер үшін денсаулық ұғымы нені білдіреді деп сұрақ қойыңыз.
Оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.
Күтілетін нәтижелер:
- қауіпсіздік ережесін біледі.
- оқушылар спорттық ойындар арқылы қозғалыс дағдыларын дамытады.
- баскетбол ойындарының элементтерін қолдана алады.
-командалық ойындардағы көшбасшылық қабілетін дамытады.
- логикалық ойлау жүйесін, ептілігін дамытады.
Сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салыңыз.
(Ж) «Миға шабуыл » стратегиясын өткізіңіз. Дененің құрлысын жазуды ұсыныңыз. Оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдаңыз.
Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «смайликтер» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсыныңыз.
Сұраңыз: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?
Оқушыларға интернет қорларды пайдаланып «Стритбол» ойынының ережелерін тапсырыңыз. Командаларға бөлініп, баскетбол алаңының жартысында ойнатыңыз.
Оқушылар топта «Стритбол» ойыны кезіндегі тактикалық әрекеттер бойынша талқылатыңыз. Тапсырма орындар алдында дескриптормен таныстырыңыз.
Дескриптор
-қауіпсіздік ережесін біледі.
-допты алып жүріп келесі ойыншыға лақтыра алады.
-ойын кезінде қарсыласына құрмет көрсетеді.
-баскетбол ойын балама түрін құрастыра алады
Тапсырмаларды саралауға болады
Саралау жүзеге асырылады.
а) физиологиялық сипаттамаларға:
- ұлдар жоғары жүктеме жасайды;
- қыздар аз жұмыс істейді;
б) физикалық қабілеттерге:
- оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады;
- Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді.
Сабақ соңында рефлекция карточкасын толтыртыңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?