Ойын кезіндегі қозғалыс үйлесімділігін дамыту. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 68 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық №68

Сабақ тақырыбы: Ойын кезіндегі қозғалыс үйлесімділігін дамыту

Оқу мақсаты : 8.1.4.1 қимыл-қозғалысты сапалы орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктіліктерін салыстыра білу

Оқушыларды сапқа тұрғызып сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын талқылаңыз. «Шаттық шеңбер » стратегиясын әдісін қолданыңыз. Оқуышларды жұппен тұрғызып сұрақ жауап арқылы спорт ойындары туралы еске түсіріңіз.

Тапсырма 1

Сыныпты екі командаға бөлу. Допты иеленуші команданың міндеті – 10 беріліс жасау, басқа команда допты қағып әкетуі және өзінің 10 берілісін бастауы тиіс. Допты жоғалтпай, алғаш болып 10 беріліс жасаған команда жеңімпаз атанады.

Дескриптор

-қауіпсіздік ережесін біледі.

-допты алып жүріп келесі ойыншыға лақтыра алады.

-ойын кезінде қарсыласына құрмет көрсетеді.

-ойын кезінде ережеге сай әрекет жасайды.

Саралау жүзеге асырылады.

а) физиологиялық сипаттамаларға:

  - ұлдар жоғары жүктеме жасайды;

- қыздар аз жұмыс істейді;

б) физикалық қабілеттерге:

- оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады;

- Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді.

Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға дескриптор арқылы өзара бағалау жүргізуді ұсынады.

Лақтыруда допты жабу

 Шабуылшыға қарағанда бойы ұзын және биік секіретін қорғаушы доп салуда доптың қолдан ұшуына кедергі келтіруі тиіс. Лақтыруға бөгет жасағанда қорғаушының қолы тек допта болуы тиіс. Онда бүгілген білезікті, допқа бүйірден жоғарыдан қойғанда доп салуды орындау мүмкін болмайды (51-сурет).

 Допты жабу қарсылас ойыншысын қауіпсіздендіру барысында орындалады. Мысалы, орталық ойыншы допты алып, дереу бұрыла секіріп торды шабуылдайды. Алайда келесі қорғаушы оған қауіпсіздік үшін бұрылып, салудың негізгі кезеңінің бастапқы сәтінде допты арт жағынан жабады (52-сурет). Допты тапқанда бүкіл қолмен жоғарыдан төмен қозғалуға, әсіресе лақтыруға қолмен төменнен қарсылық көрсету дұрыс емес.

Секіре доп салуда допты тартып алу

Секіре доп салуға әсерлі қарсы әрекет – қорғаушыдан барлық күшін, білігі мен зейінін жұмсауды талап ететін өте күрделі міндет. Шығыршыққа ұшу жолынан тартып алу үшін доп саусақ ұшынан шығып шабуылшы бақылауынан кеткен сәт ең тиімдісі болып табылады

Өз қалқанынан ұшып шыққан доп үшін тартыста допты иемдену

Шабуылшы доп салған соң қорғаушы қарсыласының қалқанға дейінгі жолын бөгеуі тиіс, сосын қолайы тұрақты орын алып, допты алу үшін шапшаң және дер кезінде секіріп ұшып шыққан доп үшін күресуі тиіс. Секіру сәл үдеу алған соң немесе орнында бір немесе екі аяғымен серпіліп орындалады. Биік секіріп допты алған соң ойыншы қонғанда аяғын алшақ тастап, тұлғаны бүгеді, сол арқылы қарсыласына күш бәсекесінде кедергі жасап және қалқан мен допқа қарай ұтымды орын алу тиімді болады

Оқушыларды топқа бөліп стритбол ойын ережесін интерет желісі арқылы көрсетіңіз. Топтар өздерінің ойын кезіндегі қолданған стратегия мен тактикаларын талқылаңыз.

Сабақ соңында сұрақ қойып кері байланыс өткізіңіз. Бас бармақ әдісін қолданыңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу