Ойын кезіндегі қозғалыс үйлесімділігін дамыту. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 65 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық №65

Сабақ тақырыбы: Ойын кезіндегі қозғалыс үйлесімділігін дамыту

Оқу мақсаты 8.2.8.1 түрлі қимыл-қозғалыс негіздерінен туындаған рөлдерді көрсету және салыстыра білу;

Сабақ мақсаттары

- баскетбол ойыны кезінде рөлдерді көрсетеді және салыстыра алады;

- түрлі қимыл-қозғалыс негіздерінен туындаған рөлдерді көрсетеді және салыстыра біледі;

Бағалау критериі

-қауіпсіздік ережесін біледі;

- баскетбол ойыны кезінде рөлдерді көрсетеді және салыстыра алады;

Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі

Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады. Мұғалім Сіздер үшін денсаулық ұғымы нені білдіреді деп сұрақ қояды.

Күтілетін нәтижелер:

- қауіпсіздік ережесін біледі.

- оқушылар спорттық ойындар арқылы қозғалыс дағдыларын дамытады.

- баскетбол ойындарының элементтерін қолдана алады.

-командалық ойындардағы көшбасшылық қабілетін дамытады.

Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.

«Жағымды, жағымсыз, даулы» әдісі.

оқушылар шағын топтарға біріктіріледі. Әр топ  қолданған тактика стратегияларының «жағымды, жағымсыз, даулы» мәселелерге бөліп, талқылап, өз ойларын(идеяларын)  айтады. Содан кейін әр топқа тек бір мәселені бөліп беріп, олар үлкен топқа өз ойларын (идеяларын) ұсынады, ал басқа топтар толықтырып немесе қарсы пікірлер айтуына болады.

Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «смайликтер» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады.

Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?

Бұл ойында команданы үшке бөліңіз: шабуылдаушылар мен қорғаушылар. Әр қалқанның тұсында ойын жүргізіледі: бір команданың үш ойыншысы допты сақинаға лақтыруға, ал екінші команданың үш ойыншысы допты ұстап алып, оны шеңберге лақтыруларына кедергі келтіруге тырысады.

Қай ойыншы допты жоғалтса, сол ойыншы сызықтың сыртына шығып, допты лақтыруды жүргізеді. Ойын барысында қорғаушылар шабуылдаушылармен орын ауыстырады. Нақты бір уақыт ішінде допты бірнеше рет лақтырған команда жеңіске жетеді.

Ойын барысында оқушылар жіберген қателіктер мен жақсы жақтарын бір бірімен талқылайды

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.

Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды).

Ойын жинақтау дағдысын қалыптастыру, ізденімпаздыққа бағыттау.

Ойланып шешім қабылдайды, ізденуге жол табады. Шынайы ой туғызуға жол ашу және логикалық ойлау қабілетін арттыру

«Табыс сатысы»

Кері байланыс жасайды

Мұғалім үй жұмысын береді:

- пән терминологиясын жаттау;

- таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу.

Оқушылар тамырдың ырғағын санайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу