Ойын кезіндегі қозғалыс үйлесімділігін дамыту. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 67 сабақ.
Әдістемелік нұсқаулық №67
Сабақ тақырыбы: Ойын кезіндегі қозғалыс үйлесімділігін дамыту
Оқу мақсаты:
8.1.4.1 қимыл-қозғалысты сапалы орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктіліктерін салыстыра білу
Бағалау критериі
- қимыл-қозғалысты сапалы орындау кезіндегі қауіп қатерлердің алдын алады.
- қозғалыс үйлесімділігін дамыту арқылы қимыл-қозғалысты сапалы орындай алады
- баскетбол ойыны кезінде өзінің және өзгелердің біліктіліктерін салыстыра алады;
Оқушыларды сапқа тұрғызып , сәлемдесіңіз
Сабақтың мақсатын тақырыбын түсіндіріңіз.
Бір орында: Оңға,солға,кері бұрылу.
2.Жүру:Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру. Қолды жанға созып өкшемен жүру.Жартылай отырып, толық отырып жүру.
3.Жүгіру: Еркін жүгіру, тізені көтеріп жүгіру ,аяқты артқа сермеп жүгіру. Жүріске ауысып, тыныс алу жаттығуларын орындау.
Бір орында жалпы дене шынықтыру жаттығуларын орындау.
Күтілетін нәтижелер:
- қауіпсіздік ережесін біледі.
- оқушылар спорттық ойындар арқылы қозғалыс дағдыларын дамытады.
- баскетбол ойындарының элементтерін қолдана алады.
-ойын кезінде қауіп қатерлерді анықтайды.
Қозғалыс әрекетін дамыту жаттығуларын топпен орындайды.
«Ай мен күн ойыны». Оқушыларды екі топқа бөліңіз. Баскетбол алаңының ортаңғы сызығына екі қатарға тізіңіз. Бірінші топ Ай ал екінші топ күн деп бөліңіз. Ойын ережесін түсіндіріңіз. Ай командасын атаған кезде топ белгіленген сызыққа қарай жүгреді. Белгілі сызықта ұстап алған команда ойыншысын өз тобына қоса алады. Осылайша ойын жалғаса береді.
«Доп үшін күрес»
Оқушылар екі командаға бөлінеді. Капитан таңдалады. Мұғалім алаң ортасында допты лақтырады, ал капитандар оны өз командаларына ұруға тырысады. Допты иеленген команда ойыншылары допты бір-біріне береді, ал қарама-қарсы команда ойыншылары оны ұстап алуға тырысады. 5 беріліс (пас) берген команда ұпай алады. Көп ұпай жинаған команда жеңеді.
Дескриптор
-қауіпсіздік ережесін біледі.
-допты қарсыласына жеткізіп лақтырады.
-ойында допты алып жүріп 5 беріліс (пас) жасайды.
Оқушыларды екі жұлдыз бір тілек әдісі бойынша бағалайды
Тапсырмаларды саралауға болады
Саралау жүзеге асырылады.
а) физиологиялық сипаттамаларға:
- ұлдар жоғары жүктеме жасайды;
- қыздар аз жұмыс істейді;
б) физикалық қабілеттерге:
- оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады;
- Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді.
Сабақ соңында рефлекция карточкасын толтыртыңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?