Ойын кезіндегі қозғалыс үйлесімділігін дамыту. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 68 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық №68

Сабақ тақырыбы: Ойын кезіндегі қозғалыс үйлесімділігін дамыту

Оқу мақсаты : 8.1.4.1 қимыл-қозғалысты сапалы орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктіліктерін салыстыра білу

Оқушыларды сапқа тұрғызып сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын талқылаңыз.

Бағалау критериі

-қауіпсіздік ережесін біледі;

- қимыл-қозғалысты сапалы орындау арқылы қозғалыс үйлесімділігін дамыта алады

- баскетбол ойыны кезінде өзінің және өзгелердің біліктіліктерін салыстыра алады;

Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.

Бір орында: Оңға,солға,кері бұрылу.

2.Жүру:Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру. Қолды жанға созып өкшемен жүру.Жартылай отырып, толық отырып жүру.

3.Жүгіру: Еркін жүгіру, тізені көтеріп жүгіру ,аяқты артқа сермеп жүгіру. Жүріске ауысып, тыныс алу жаттығуларын орындау.

Бір орында жалпы дене шынықтыру жаттығуларын орындау.

«БАҚЫЛАУ» ойыны

Барлық ойнаушыларды шеңберге тұрғызыңыз. Әрбір қатысушы бір-екі адамның ортасында тұрған кез келген адамды таңдайды, бұл туралы ешкімге айтпайды. Жүргізуші әрбір белгіленген адамға жақындап алдын ала ойлап тапқан фигураны, жұптасқан кез келген адамға 15 қадам (көп емес және кем емес) жасауы тиіс екендігін түсіндіреді. Жүргізуші дауыстап 15-ке дейін санайды, әр шотқа бір қадам жасалады. Ойын ұжымда бар эмоционалдық көшбасшыларды, топтарды бөліп, ұйымшылдықтың деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Ойынды өткізгеннен кейін бірден талқылау қажет.

Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «смайликтер» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады.

Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз

Бұл тапсырмада оқушыларды екі топқа бөліңіз. Берілген тактикалық әрекетті орындаңыз. 1-ойыншы допты 3-ойыншы беріп, 2-ойыншы орнына қозғалады. 2 ойыншы 3 ойыншыдан доп алады және оны 1 ойыншының орнына апарады. Орталық ойыншы берілгеннен кейін 3 басқа ойыншылармен өзара әрекет ететін айып лақтыру аймағының басқа жағына жылжытылады

Берілген жаттығуларды төмендегідей етіп саралаңыз.

а) физиологиялық сипаттамаларға:

  - ұлдар жоғары жүктеме жасайды;

- қыздар аз жұмыс істейді;

б) физикалық қабілеттерге:

- оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады;

- Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді.

Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға дескриптор арқылы өзара бағалау жүргізуді ұсыныңыз.

Мұғалім сұрақ қояды:

Сұраңыз:

Шабуыл кезінде қандай қиындықтарға тап болдыңыз? Ойында жеңіске жету жолдарын атап айтыңыз?

Сабақ соңында оқушылардан кері байлагыс алып стикерлерге сабақтан соңғы көңіл күйлерін жазуды ұсыныңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу