Ойын кезіндегі қозғалыс үйлесімділігін дамыту. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 69 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық №69

Ойын жаттығуларында баскетбол техникасына үйрету.

http://nvsu.ru/ru/Intellekt/1135/Krasnikova%20O.S.%20Uroki%20basketbola%20Igrovie%20uprazhneniya%20i%20igri%20-%20Uch-metod%20posobie%20-%202013.pdf

Сабақ тақырыбы: Ойын кезіндегі қозғалыс үйлесімділігін дамыту

Оқу мақсаты 8.1.4.1 қимыл-қозғалысты сапалы орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктіліктерін салыстыра білу

Сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.

Бір орында жалпы дене шынықтыру жаттығуларын орындауға топ ішінде көшбасшыны таңдап орындатыңыз. Сабаққа деген қызығушылығын ояту үшін Ритм жүгіру ойынын ойнатыңыз.

Бұл ойында оқушылар шеңбер құрып бастап, жетекші, алақандарымен шапалқтап соғады: та-та, та-та, та-та-та-та-та, та-та. Әрбір ойыншы тек бір шапалақ (11 адам-11 шапалақ ) жасайды. Ырғақтың жалпы суреті сақталуы керек. Кім қателесіп қалса , тағы да ырғақты ұра бастайды. Жаттығу ырғақтың нақты суреті түзілгенге дейін қайталанады.

Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «смайликтер» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады.

Сұраңыз: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?

Бұл ойында ойыншылар ойын ортасына қарама қарсы тұрады . Бір ойыншы шабуылшы, басқа қорғаушы. Шабуылшылар финттарды пайдалана отырып, қорғаушыларды жеңуге және қарама-қарсы жаққа жүгіруге тырысады.

Дескриптор

-қауіпсіздік ережесін біледі.

-допты алып жүріп келесі ойыншыға лақтыра алады.

-допқа ие бола алады.

-ойын кезінде қарсыласына құрмет көрсетеді.

-ойында берілген рольдерді орындайды.

Саралау жүзеге асырылады.

а) физиологиялық сипаттамаларға:

  - ұлдар жоғары жүктеме жасайды;

- қыздар аз жұмыс істейді;

б) физикалық қабілеттерге:

- оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады;

- Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді.

Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға дескриптор арқылы өзара бағалау жүргізуді ұсыныңыз.

Мұғалім сұрақ қояды:

Сұраңыз:

Қарсыласты алдау кезінде қандай қиындықтарға тап болдыңыздар?

Мұғалім, оқушыларды дұрыс жолға бағыттайды және қандай да бір қиыншылықтар мен тіл проблемалары туралы ескертулер жазып алады (спорт терминологиясы және т.б.) Сабақ соңында оқушылардың қажеттіліктеріне қарай екі жақты ойын ұйымдастыру.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу