Командалық ойындағы көшбасшылық. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 61 сабақ.
Әдістемелік нұсқаулық №61
Сабақ тақырыбы: Командалық ойындағы көшбасшылық
Оқу мақсаты: 8.2.2.1 көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді көрсету және қолдана білу
Сабақ мақсаттары
- көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей біледі;
-командалық ойындағы көшбасшылық дағдылар көрсетеді және қолдана алады;
Бағалау критериі
-қауіпсіздік ережесін біледі;
-көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей алады;
-командалық ойындағы көшбасшылық дағдылар көрсетеді және қолдана алады;
Оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.
Күтілетін нәтижелер:
- қауіпсіздік ережесін біледі.
- оқушылар спорттық ойындар арқылы қозғалыс дағдыларын дамытады.
- баскетбол ойындарының элементтерін қолдана алады.
-командалық ойындардағы көшбасшылық қабілетін дамытады.
- логикалық ойлау жүйесін, ептілігін дамытады.
Сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.
«Миға шабуыл » әдісін өткізіңіз. Оқушыларды қарама қарсы тұрғызып бірін біріне сұрақ жауап арқылы тақырыпты ашыңыз.
Мұғалім дененің құрлысын жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.
Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «смайликтер» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады.
Оқушылар топпен баскетбол ойын ережесін талқылайды және баскетбол ойыны бар эстафеталық жаттығулар құрастырады.
Мысалы: «Мерген». Танысу үшін капитанға командаға арналған тапсырмалар жазылған оқу карточкасы беріледі. Ол командасымен бірге тапсырмалармен танысып, эстафетаны қалай орындау керектігін түсіндіреді.
Тапсырмалар жазылған карточка: команда бойынша үш команданың бағытталушылары баскетбол себетіне қарай жүгіреді. Баскетбол добын алып, оны себетке лақтырады.
Егер ойыншы допты себетке түсіре алса, ол өз командасына бір ұпай қосады, егер түсіре алмаса – бөгелмей, допты жерге соғып, өз командасына қайта келеді де эстафетаны келесі ойыншыға береді.
Дескриптор
-қауіпсіздік ережесін біледі.
-ойын ережесін біледі
-допты алып жүре алады.
- допты алып жүріп шеңберге екі адымнан лақтырады.
Тапсырма
Оқушыларды үш топқа бөліп төмендегі тактикалық әрекетті орындатыңыз.
Тапсырма орындағаннан соң оқушылардың қабілетін анықтаңыз. Жақсы орындаған оқушыға тапсырман күрделі етіп беруге болады.
Оқушылар рефлексиялық карточка толтыртыңыз.
Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.
Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды).
Мұғалім үй жұмысын береді:
- пән терминологиясын жаттау;
- таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?