Командалық ойындағы көшбасшылық. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 62 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық №62

Сабақ тақырыбы: Командалық ойындағы көшбасшылық

Оқу мақсаты : 8.2.2.1 көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді көрсету және қолдана білу

Бағалау критериі

-қауіпсіздік ережесін біледі;

- баскетбол ойыны кезінде көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей алады;

- баскетбол ойыны кезінде командалық ойындағы көшбасшылық дағдылар көрсетеді және қолдана алады;

Оқушыларды сапқа тұрғызып оқу мақсаты мен сабақ мақсаттары тақырыбы күтілетін нәтижемен таныстырыңыз. Осы жерда миға шабуыл әдісін қолданыңыз. Оқушыларды жұппен тұрғызып бір біріне сұрақ жауап арқылы оқу мақсаты мен сабақ тақырыбына байланысты сұрақтар ұсыныңыз.

Мысалы : Сұраңыз Сіздер үшін денсаулық ұғымы нені білдіреді? Ойын кезінде қандай қауіпсідік ережелерін сақтауларыңыз керек? Бұл ойында қандай тактиканы қолдандыңыз?

Ойын кезінде қандай қауіп қатер туындауы мүмкін?

Оқушылар арасында көшбасшыны таңдап жалпы дамыту жаттығуларын орындатыңыз. Оған жаттатын жаттығулар Жүгіру. Жүгіру жаттығуларын орындау. Сап оңға,саптық қадаммен алға бас;

жәй жүріс; залды айнала жүгіру 1 айналым); оң иық алға (жылан болып жүру 2 рет); бір саптан екі сап құрау; қол жоғарыда аяқтың үшымен журу;

қол белде өкшемен жүру; қол белде аяқтың ішімең және сыртымен жүру;

тіземізді бүгіп қолымызды тигізу. - қолымыз артта аяғымыздың ұшын тигізіп жүгіру, қолымызды созып жартылай отыру, қолымыз белде толығымен отыру,

екі сапта бір сап құрау, демалу жаттығуларын орындау терең демалу.

 Жаттығулар орындау Бір саптан үш сап құрау; ара қашықтықты сақтау; сап жартылай солға, - бастапқы қалып, сол аяқты қозғау бір қалыпта, басты оңға солға 4 рет қозғалту, қол иығымызда 1-2 алға, 3-4 артқа қозгалту, қолымыз кеудемізде 1-2, 3-4 қозғалту; оң қол жоғары да сол қол төменде, 1-2, келесі 3-4 рет қозғапту қопымызды аяғымыздың басына тигізу;  1-2-3 (4 бастапқы қапып); қолымыз жоғарыда 1, 2 қолымыз аяғымыздың ұшына тигізу төмең 3 отыру, 4 бастапқы қалып;

Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «смайликтер» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсыныңыз.

Сұраңыз сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?

Тапсырма ұсынғанда әбір тапсырманы жеке оқушыларға түсіндіру арқылы тактикалық әреектті ұсыныңыз немесе бағыт беріңіз.

Мәселен «Қалқан алдында жекпе-жек».

Бұл ойында оқушыларды екі топқа бөліңіз. Баскебол алаңының ортаңғы сызығына бір қатарға екі топты бөліп 2-3 метр арақашықтықта тұрғызыңыз.

Бастаушы баскетбол добын қалқанға лақтырады да кез келген қатысушының санын атайды.

Екі топтың ойыншысы да допқа қарай жүгіріп оны алуға тырысады. Қай оыншы допты бірінші болып иеленсе ол өз тобына 1-ұпай алып келеді, да допты өз тобының бастаушысына қайтарады. Ол допты ұстап екі қолмен қатардағы ойыншыларына кезектесіп артқа қарай өткізеді. Соңғы ойыншы допты алып қолын жоғары көтереді. Допқа ие болмаған команда ойыншылары бір аяқпен өз командасының орнына қайтады егер келесі команда ойыншылары, допты жоғарыдан бір біреуіне алдын ала өткізсе ол командаға 1 ұпай тағы қосылады Ал егер допты өткізіп үлгермесе қарсылас команда 1 ұпайға ие болады. Көп ұпай жинаған ойыншылар жеңіске жетеді

Тапсырманы орындағаннан кейін оқушыларға дескриптор арқылы өзара бағалау жүргізуді ұсыныңыз

Сабақ барысында оқушылардың қолданған стратегия мен тактикасын тиімділігін талдаңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу