Командалық ойындағы көшбасшылық. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 63 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық №63

Сабақ тақырыбы: Командалық ойындағы көшбасшылық

Оқу мақсаты: 8.2.2.1 көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді көрсету және қолдана білу

Сабақ мақсаттары

- баскетбол ойыны кезінде көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей біледі;

- баскетбол ойыны кезінде командалық ойындағы көшбасшылық дағдылар көрсетеді және қолдана алады;

Бағалау критериі -қауіпсіздік ережесін біледі;

- баскетбол ойыны кезінде көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей алады;

- баскетбол ойыны кезінде командалық ойындағы көшбасшылық дағдылар көрсетеді және қолдана алады;

Түсіндіріңіз : «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз».

Мұғалім Сіздер үшін денсаулық ұғымы нені білдіреді деп сұрақ қояды.

Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.

Күтілетін нәтижелер:

- қауіпсіздік ережесін біледі.

- оқушылар спорттық ойындар арқылы қозғалыс дағдыларын дамытады.

- баскетбол ойындарының элементтерін қолдана алады.

-командалық ойындардағы көшбасшылық қабілетін дамытады.

- логикалық ойлау жүйесін, ептілігін дамытады.

II. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.

(Ж) «Көңіл күй ағашы » стратегиясын өткізеді

Оқушыларға дененің құрлысын жазуды ұсыныңыз. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.

Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «смайликтер» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсыныңыз.

Бүл тапсырма бойынша оқушылар бес адамнан топ құрып, алаңға төрт бұрышты етіп конустарды қояды. Тәжірибе басында екі оқушы бірге тұрады (А мен Е) (астындағы сызбаға қараңыз), ойын шарты допты беру бірақ оны орын аустырып қайта алу (пасс беру жүгіру). А ойыншы В ойыншыға пасс береді, өзі В ойыншының орнына жүгіреді. В ойыншы С ойыншыға пасс беріп, С ойыншының орнын басады. С ойыншы D ойыншыға пасс береді де, оның орнына жүгіреді. D ойыншы Е ойыншыға, ал ол А ойыншыға допты береді. Әр кім өзінің бастапқы орнына оралмағанға дейін қайталанады. Ойынды талқылаңыз, көрсетіңіз, түрлендіріңіз.

Қосымша ақпарат

Доппен ойнау техникасы, бірінші және екінші доп берулердегі мергенділікДопты тартып алған топ шабуылдаушы топ болады. Шабуыл – ойындағы топтың негізі функциясы болып табылады. Шабуылдаушы іс–әрекеттер арқылы топ басымдылыққа ие болып, қарсыласушыға тиімді тактикалық жоспарды пайдалануға міндет еткізеді.Шабуылдаушы топтың негізгі мақсаты – қарсыласушының қоржынына допты кіргізу. Бұл мақсатқа 30 с. Ішінде жету үшін арнайы ұйымдастаырылған, бұрыннан ойластырылып қойылған және дайындалған тактикалық жүрістерді пайдалану керек. Олар доптың қарсылас қоржынына жақындауына, нәтижелі шабуыл үшін тиімді шарттар құрастыруына, аталып отырған шабуылды өткізу және доптың кері түсуіне байланысты күресу мүмкіндігін тудыруына бағытталған. Шабуыл тактикасы топқа нақты қарсыласқа және ойынның түрлі кезеңдеріне байланысты мақсатты бағытталған тәсілдерін, жоспарлық шабулды жүргізудің формалары мен әдістерін таңдап, пайдалануға мүмкіндік береді.Өзінің сипатына қарай шабуылдың барлық іс–әрекеттерін жеке және топтық деп жіктейді. Тактиканың топталуына сәйкес топтық іс–әрекеттердің өзі топтық және командалық деп бөлінеді.

Доппен ойнау және қарсыласу техникасы.

Қарсыласу әдістері техникасына үйрену реті оқылатын шабуыл тәсілдеріне тәуелді: шабулдаудың сәйкес ойнау тәсілі үйренгеннен кейін оған қарсыласу тәсілі үйретіледі.Атап өтуге тұратын жайт, баскетболшы қарсыласу тәсілдерін аз ықыласпен және ниетпен үйренеді. Сондықтан, кеіпті түсініктемелер, әңгімелер, үлгілер арқылы қорғану тәсілдерін үйренуге қызығушылықты арттыру қажет. Үйренудің аса маңызды негізі болып бақылай білуі, қарсыласушы іс–әрекетін бағалауы, ойын тәсілін уақытында, әрі тиімді пайдалануы саналады. Қандай–да болсын ойын тәсіліне үйрену барысында оқытушы негізгі зейіннің қайда бағытталуы және ойын тәсілін қалай дұрыс орындау керектігін нақтылап көрсетуі керек.

Баскетболда шабуылдау техникасын жетілдіру

Баскетбол техникасының негізі – қозғалыс. Ойын алаңы бойынша баскетболшының қозғалысы нақты ойын жағдайларының орындалуы барысында құрылатын шабуылдау мәселелерін шешуге арналған іс–әрекеттер жүйесінің белгілі–бір бөлігі болып табылады.Ойын алаңындағы қозғалыс үшін жүріс, жүгіру, секіру, тоқталыстар, айналуларды пайдаланамыз. Осы ойын тәсілдерін пайдалану арқылы баскетболшы қажетті орын тауып, қарсыласушысынан кетіп қала алады, кеінгі шабуыл жасау үшін тиімді қажетті бағытқа қарай орналаса алады. Сонымен қатар, қозғалыста аяқтардың дұрыс жұмыс жасауынан және тепе–теңдікті ұстап тұруына доппен орындалатын ойын тәсілдерінің тиімділігі тәуелді болады: қозғалыс және секірген кезде допты беру, допты жүргузу және онымен алдату, секіріп лақтыру және т.б..



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу