Командалық ойындағы көшбасшылық. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары. 63 сабақ.
Сабақ жоспары № 63
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Командалық ойын- белсенді қозғалыстың іс-әрекетіМектеп: | Күні: Сынып: 8 Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сабақ тақырыбы: Командалық ойындағы көшбасшылық | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.2.2.1 көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді көрсету және қолдана білу | |||||
Сабақ мақсаттары | - баскетбол ойыны кезінде көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей біледі; - баскетбол ойыны кезінде командалық ойындағы көшбасшылық дағдылар көрсетеді және қолдана алады; | |||||
Бағалау критериі | -қауіпсіздік ережесін біледі; - баскетбол ойыны кезінде көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей алады; - баскетбол ойыны кезінде командалық ойындағы көшбасшылық дағдылар көрсетеді және қолдана алады; | |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Командалық ойындардағы серіктестік туралы түсініктерін талқылай алады. Пәнге тән лексика мен терминология:
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Талқылау үшін сұрақтар
| |||||
Құндылықтарды дарыту | (Өмір бойы үздіксіз білім алу) Оқуға деген сүйіспеншілікті білуге құмарлық, шығамашылық пен оқылатын материалға сыни қарау, қарым-қатынас пен мінезді, денені және ақыл-ойды үздіксіз дамыту арқылы бойға сіңіру. Оқушылардың өз бетімен оқуға болысатын дағдылары мен қабілеттерін дамытуды қамтиды. (Ынтымақтастық) Жылы қарым-қатынасты орнату, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру мен құрылымдық ұстанымды дамыту, қарым-қатынас орнату кезіндегі сыни ойлау қабілеті. (Академиялық шындық) Басқа адамдардың ойлары мен идеяларын құрметтеу, академиялық шындықтың ұстанымдарын сақтау, плагиатқа және ақпараттың көзін көрсетпеуге төзбеушілік. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Биология пәнімен байланыс. | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Ғаламтор ресурсына сілтеме: Баскетбол ойынының қауіпсіздік ережесі: Баскетбол ойын сілтеме https://www.youtube.com/watch?v=azTjwdN--oA Допты алып жүру дриблинг жасау | |||||
Бастапқы білім | Оқушылар спорттық ойындар арқылы қозғалыс дағдыларын, баскетбол ойындарының элементтерін қолдану арқылы командалық ойындардағы көшбасшылық қабілетін, логикалық ойлау жүйесін, ептілігін дамытады. | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 0-7 7-8 | Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз». Мұғалім Сіздер үшін денсаулық ұғымы нені білдіреді деп сұрақ қояды. Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады. Күтілетін нәтижелер: - қауіпсіздік ережесін біледі. - оқушылар спорттық ойындар арқылы қозғалыс дағдыларын дамытады. - баскетбол ойындарының элементтерін қолдана алады. -командалық ойындардағы көшбасшылық қабілетін дамытады. - логикалық ойлау жүйесін, ептілігін дамытады. II. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады. (Ж) «Көңіл күй ағашы » стратегиясын өткізеді Оқушылар тамыр ырғағын санайды. Мұғалім дененің құрлысын жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды. Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «смайликтер» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады. Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз? | Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін. Мұғалімге ысқырық Ғаламтор ресурсына сілтеме: Баскетбол ойынының қауіпсіздік ережесі:
| ||||
Сабақтың ортасы 10-20 20-30 | (Т, ТӘЖ, ф) Оқушылар бес адамнан топ құрып, алаңға төрт бұрышты етіп конустарды қояды. Тәжірибе басында екі оқушы бірге тұрады (А мен Е) (астындағы сызбаға қараңыз), ойын шарты допты беру бірақ оны орын аустырып қайта алу (пасс беру жүгіру). А ойыншы В ойыншыға пасс береді, өзі В ойыншының орнына жүгіреді. В ойыншы С ойыншыға пасс беріп, С ойыншының орнын басады. С ойыншы D ойыншыға пасс береді де, оның орнына жүгіреді. D ойыншы Е ойыншыға, ал ол А ойыншыға допты береді. Әр кім өзінің бастапқы орнына оралмағанға дейін қайталанады. Ойынды талқылаңыз, көрсетіңіз, түрлендіріңіз. Дескриптор -қауіпсіздік ережесін біледі. -ойында пас беруді дұрыс жүргізеді -ойынның балама түрін әзірлейді. Саралау жүзеге асырылады. а) физиологиялық сипаттамаларға: - ұлдар жоғары жүктеме жасайды; - қыздар аз жұмыс істейді; б) физикалық қабілеттерге: - оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады; - Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді. Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға дескриптор арқылы өзара бағалау жүргізуді ұсынады. Мұғалім сұрақ қояды: Сұраңыз: осы ойынды қалай оңай неемсе қиын бола алады? (мысалы, add қорғаушыларды қосу, кеңістікті азайту/көбейту, пасс түрлері, топ арасында бәсекелестік, допты шайбаға және таяқшаға ауыстыру ). Оқушылардан бір екі өзгертулер енгізіп қайта ойнауларын сұраңыз. Сұраңыз: ойын қалай өзгерді? Оңай болды ма? Қиындады ма? Қызығырақ болды ма? Жақсы пасс үшін не керек? Жақсы қабылдау үшін не керек? Ойын кезінде қандай қауіп қатер туындауы мүмкін? Мұғалім, оқушыларды дұрыс жолға бағыттайды және қандай да бір қиыншылықтар мен тіл проблемалары туралы ескертулер жазып алады (спорт терминологиясы және т.б.) Мұғалім кейде оқушыларға ынталандырушы сұрақтар қойып, олардың қаншалықты тапсырманы орындаумен айналысып отырғанын тексереді. Қажетті жағдайда мұғалім келіспеушілік жағдайында мәселені дұрыс шешуге талпынады. | Әрбір әрекет үшін кең, бос кеңістік, ысқырық, секундомер, бор. Үлкен бос кеңістік Баскетбол допты лақтыру https://www.youtube.com/watch?v=ou36BP4o-F8 Допты алып жүру дриблинг жасау https://www.youtube.com/watch?v=qzJzwnIAfZc Допты алып жүру https://www.youtube.com/watch?v=Lnfa-ZQgJ6Y | ||||
Сабақтың соңы 35-40 | Рефлексия: Оқушылар рефлексиялық карточка толтырады. Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары. Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды). Мұғалім үй жұмысын береді: - пән терминологиясын жаттау; - таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу. Оқушылар тамырдың ырғағын санайды. | Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін. Мұғалімге ысқырық
| ||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
|
|
| ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?