Командалық ойындағы көшбасшылық. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 59 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық №59

Сабақ тақырыбы: Командалық ойындағы көшбасшылық

Оқу мақсаты : 8.3.4.1 денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендету, техника қауіпсіздігі бойынша техника қауіпсіздігінің күрделі мәселелерін түсіне білу;

Бағалау критериі -техника қауіпсіздігі бойынша техника қауіпсіздігінің күрделі мәселелерін түсіне алады;

-денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді анықтайды;

Сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салыңыз.

Оқушыларды сапқа тұрғызып сабақтың мақсатын тақырыбын түсіндіріңіз.

Бір орында: Оңға,солға,кері бұрылу. Жүру: Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру. Қолды жанға созып өкшемен жүру. Жартылай отырып, толық отырып жүру. .Жүгіру: Еркін жүгіру, тізені көтеріп жүгіру ,аяқты артқа сермеп жүгіру. Жүріске ауысып, тыныс алу жаттығуларын орындау.

Бір орында жалпы дене шынықтыру жаттығуларын орындау.

Күтілетін нәтижелер:

- қауіпсіздік ережесін біледі.

- оқушылар спорттық ойындар арқылы қозғалыс дағдыларын дамытады.

- баскетбол ойындарының элементтерін қолдана алады.

-ойын кезінде қауіп қатерлерді анықтайды.

Қозғалыс әрекетін дамыту жаттығулары

«Аңшылар мен үйректер ойыны» өткізіңіз.

Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?

«Ойын ойнау, допты жоғалтпау».

   Бұл ойында оқушылар ойын алаңында әр қайсысының қолында доппен еркін қозғала бастайды. Бастаушының белгісі бойынша қолдарындағы допты жоғары көтеріп ұстайды , соңында допты көтерген ойыншы айп есебін алады.

Нұсқаулық : Сигналдан кейін, барлық ойыншылар допты ұстау техникасын дұрыс көрсетуі немесе баскетболшы түру қалпын алу керек.

Оқушыларға ойын бастамас бұрын дескриптормен таныстырыңыз.

Дескриптор

қауіпсіздік ережесін біледі.

-допты бір қолмен алып жүре алады.

-сол қолмен допты алып жүре алады.

-ойында бір біріне құрмет көрсетеді.

-қарсыласын алдап допты алып жүре алады.

-қауіп қатер туғызу мүмкін шараларды қарастырады.

Саралау жүзеге асырылады.

а) физиологиялық сипаттамаларға:

  - ұлдар жоғары жүктеме жасайды;

- қыздар аз жұмыс істейді;

б) физикалық қабілеттерге:

- оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады;

- Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді.

Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға дескриптор арқылы өзара бағалау жүргізуді ұсынады.

Мұғалім сұрақ қояды:

- Сұраңыз: Ойын кезінде көшбасшылық атқарған ойыншыны атаңыз? Қандай критерий бойынша оны анықтадыңыз

Мұғалім, оқушыларды дұрыс жолға бағыттайды және қандай да бір қиыншылықтар мен тіл проблемалары туралы ескертулер жазып алады (спорт терминологиясы және т.б.) Мұғалім кейде оқушыларға ынталандырушы сұрақтар қойып, олардың қаншалықты тапсырманы орындаумен айналысып отырғанын тексереді.

Оқушылар рефлексиялық «Білім қоржыны » стратегиясы өткізіңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу