Командалық ойындағы көшбасшылық. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 61 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық №61

Сабақ тақырыбы: Командалық ойындағы көшбасшылық

Оқу мақсаты: 8.2.2.1 көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді көрсету және қолдана білу

Сабақ мақсаттары

- көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей біледі;

-командалық ойындағы көшбасшылық дағдылар көрсетеді және қолдана алады;

Бағалау критериі

-қауіпсіздік ережесін біледі;

-көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей алады;

-командалық ойындағы көшбасшылық дағдылар көрсетеді

-ойында көшбасшылық дағдыларды қолдана алады;

Оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.

Күтілетін нәтижелер:

- қауіпсіздік ережесін біледі.

- оқушылар спорттық ойындар арқылы қозғалыс дағдыларын дамытады.

- баскетбол ойындарының элементтерін қолдана алады.

-командалық ойындардағы көшбасшылық қабілетін дамытады.

- логикалық ойлау жүйесін, ептілігін дамытады.

Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі

Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады. Мұғалім Сіздер үшін денсаулық ұғымы нені білдіреді деп сұрақ қояды.

Күтілетін нәтижелер:

- қауіпсіздік ережесін біледі.

- оқушылар спорттық ойындар арқылы қозғалыс дағдыларын дамытады.

- баскетбол ойындарының элементтерін қолдана алады.

-командалық ойындардағы көшбасшылық қабілетін дамытады.

Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.

«Шаттық шеңбер» стратегиясын қолданыңыз.

Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «смайликтер» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады.

Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?

Сынып екі топқа бөлініп « Лақтыр- қағып» ойынны ойнайды. Әр команда бір – біріне қарама қарсы қатарға тұрады. Әр қатардағы команданың (әр команда) өз доптары болады. Белгі бойынша, оқушылар, бір уақытта өз доптарын жоғары қарай лақтырып, екі қолдап қағып алып, өзінің командасындағы, басқа қатардағы тұрған серіктестігіне қарай дөңгелетеді.

Ал, ол кезегінде сол лақтырып, қағып алу дөңгелету іс қимылын қайталайды.

Дескриптор

Команда жеңіп шығады:

а) Добы аз құлаған;

б) Дәлірек дөңгелеткен;

в) Қағып алуды сәтті орындау және оны дөңгелетуді көрсетілген әдіспен іске асыру

Тапсырма 1

Оқушыларды үш топқа бөліп төмендегі тактикалық әрекетті орындатыңыз.

Тапсырма орындағаннан соң оқушылардың қабілетін анықтаңыз. Жақсы орындаған оқушыға тапсырман күрделі етіп беруге болады.

Оқушылар «жетістік сатысы» рефлексиялық карточка толтыртыңыз.

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.

Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды).

Мұғалім үй жұмысын береді:

- пән терминологиясын жаттау;

- таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу