Командалық ойындағы көшбасшылық. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 62 сабақ.
Әдістемелік нұсқаулық №62
Сабақ тақырыбы: Командалық ойындағы көшбасшылық
Оқу мақсаты : 8.2.2.1 көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді көрсету және қолдана білу
Бағалау критериі
-қауіпсіздік ережесін біледі;
- баскетбол ойыны кезінде көшбасшылық дағдылар көрсетіп команда құрамында жұмыс істей алады;
- баскетбол ойыны кезінде командалық ойындағы көшбасшылық дағдылар қолдана алады;
Оқушыларды сапқа тұрғызып оқу мақсаты мен сабақ мақсаттары тақырыбы күтілетін нәтижемен таныстырыңыз. Осы жерда миға шабуыл әдісін қолданыңыз. Оқушыларды жұппен тұрғызып бір біріне сұрақ жауап арқылы оқу мақсаты мен сабақ тақырыбына байланысты сұрақтар ұсыныңыз.
Мысалы : Сұраңыз Сіздер үшін денсаулық ұғымы нені білдіреді? Ойын кезінде қандай қауіпсідік ережелерін сақтауларыңыз керек? Бұл ойында қандай тактиканы қолдандыңыз?
Ойын кезінде қандай қауіп қатер туындауы мүмкін?
Оқушылар арасында көшбасшыны таңдап жалпы дамыту жаттығуларын орындатыңыз. Оған жаттатын жаттығулар Жүгіру. Жүгіру жаттығуларын орындау. Сап оңға,саптық қадаммен алға бас;
жәй жүріс; залды айнала жүгіру 1 айналым); оң иық алға (жылан болып жүру 2 рет); бір саптан екі сап құрау; қол жоғарыда аяқтың үшымен журу;
Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «смайликтер» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсыныңыз.
«Аңшылар мен үйректер» ойыны.
«Аңшылар мен үйректер».
Бұл ойында ойыншылардың барлығы екі топқа бөлінеді: «үйректер» мен «аңшылар». «Үйректер» шеңбер ішінде орналасады, ал «аңшылар» шеңбер сыртында түрады. «Аңшылар» доп алады. Мұғалімнің сигналы немесе командасы бойынша «аңшылар» «үйректерге» доп лақтырып, тигізуге тырысады. Доп тиген («атылған») үйректер шеңбер сыртына шығады. Ойын «үйректердің» барлығы шеңберден шықпағагша жалғасады. Доп лақтырған кезде «аңшылар» шеңбердің сызығын аттай алмайды. Доп «үйректердің» барлығына тиген соң, оқушылар ауысады.
Сұраңыз сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?
Тапсырма ұсынғанда әбір тапсырманы жеке оқушыларға түсіндіру арқылы тактикалық әреектті ұсыныңыз немесе бағыт беріңіз.
Мәселен ««Қағып ал».
Бұл ойында оқушылар үш командаға бөліңіз. Олар алаң үстінде бір-бірінің ішіндегі 3 шеңбер сызады: бірінші шеңбердің диаметрі 1м, екіншісі – 3м және үшіншісі 5 м. Ұстаушы бірінші шеңбер ішіне тұрады, екінші шеңбер бос қалады, қорғаушылар үшінші шеңберішіне тұрады (4-6 адам). 2-ші комана – алаң ойыншылары. Алаң ойыншылары ұстаушыға пас беруге тырысып, допты жүргізеді. Қорғаушылар ұстаушыға допты ұстатқызбай, оларға қарсылық көрсетуге тырысады. Допты өз ұстаушыға көбірек берген команда жеңіске жетеді.
Дескриптор
-қауіпсіздік ережесін біледі.
-қорғаныс әрекетін орындайды.
-ойында көшбасшылық әрекет көрсетеді.
-допқа ие болу тәсілін орындайды.
Тапсырманы орындағаннан кейін оқушыларға дескриптор арқылы өзара бағалау жүргізуді ұсыныңыз
Саралау жүзеге асыруға болады.
а) физиологиялық сипаттамаларға:
- ұлдар жоғары жүктеме жасайды;
- қыздар аз жұмыс істейді;
б) физикалық қабілеттерге:
- оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады;
- Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді.
Сұрақтармен талдаңыз:
қорғаушыны қалай алдауға болады? Қорғаушыны ойыннан шығарудың ең тиімді амалы қандай?
Сұрақ қойыңыз: сіз қарсылас командасын қалайша ұттыңыз? Команда қандай тактикаларды қолданды? Бір ойыншыға доп тигізу үшін неге шоғырланып, көңіл бөлу керек? Командаңыздың жұмысын арттыру үшін нені істеуге болады?
Сабақты қорытындылап кері байланыс алыңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?