Командалық ойындағы көшбасшылық. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 63 сабақ.
Әдістемелік нұсқаулық №63
Сабақ тақырыбы: Командалық ойындағы көшбасшылық
Оқу мақсаты: 8.2.2.1 көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді көрсету және қолдана білу
Сабақ мақсаттары
- баскетбол ойыны кезінде көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей біледі;
- баскетбол ойыны кезінде командалық ойындағы көшбасшылық дағдылар көрсетеді және қолдана алады;
Бағалау критериі -қауіпсіздік ережесін біледі;
- баскетбол ойыны кезінде көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей алады;
- баскетбол ойыны кезінде командалық ойындағы көшбасшылық дағдылар көрсетеді және қолдана алады;
Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз. Мұғалім Сіздер үшін денсаулық ұғымы нені білдіреді деп сұрақ қояды.
Күтілетін нәтижелер:
- қауіпсіздік ережесін біледі.
- оқушылар спорттық ойындар арқылы қозғалыс дағдыларын дамытады.
- баскетбол ойындарының элементтерін қолдана алады.
-командалық ойындардағы көшбасшылық қабілетін дамытады.
Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады
«Күн мен түн » ойыны.
Бұл ойында оқушыларды екі топқа бөліңіз. Сап бойында бір сызықта қарама қарсы орналасады. Бастаушы «күн» деп айтатын болса күн белгіленген белгіге дейін жүгіреді . Ұсталып қалған ойыншы түн тобына өтіп кетеді. Ойын осылайша барлық ойыншылар бір топқа жиналғанша жалғасады.
Оқушыларға дененің құрлысын жазуды ұсыныңыз. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.
Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «смайликтер» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсыныңыз.
Бұл ойынды баскетбол алаңында үш топ ойнайды. Екінші мен үшінші бестіктер аймақтық қорғанысты ұйымдастырады, әпқайсысы өз қалқаны артында. Доп бірінші бестіктің тобында болады. Ол топ еркінше екінші топ алдында орналасады.ойын мазмұны. Мұғалім дабылымен 1-ші бестік ойыншылары допты кәрзеңкеге доп салуға тырысып, 2-ші бестік қалқанына шабуыл жасайды. 2-ші топ ойыншылары допқа ие болған кезде, олар тоқтамай, 3-шібестік қалқанына шабуыл жасайды. Допты жоғалтқан 1-ші бестік 2-ші бестіктің орнына аймақтық қорғанысты ұйымдастыраы. Допқа ие болған 3-ші бестік 1-ші бестікке шабуылға шығады. Гол салған команда бір үпайға ие болып, аймақтық қорғанысты ұйымдастыруға бет алады, ал жеңілген топ шабуылға шығады. Ойын 10-15 мин жалғасады. Ең көп ұпай жинағаг топ жеңімпаз атанады. Оқушылар бірлескен жұмыстағы өздерінің жеке дағдыларын талқылап, бағалайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?