Шаңғымен әртүрлі кедергілерден өтіп жүгіру. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары. 7-8 сабақ.


Сабақ жоспары/ План урока/ Lesson theme7-8

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі/Раздел программы №5 Шаңғы / Кросс/Коньки дайындығы.

Мектеп/Школа/School: Қарағанды қаласы ХББ НЗМ

Күні/Дата/Date:

Мұғалімнің аты-жөні/Учитель/Teachers:

Сынып/Класс/Grade: 8

Сабақтың тақырыбы:

Шаңғымен әртүрлі кедергілерден өтіп жүгіру.

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Спецификалық қозғалыс әрекеттерін жинақтау және пайдалану.

 Сабақ мақсаттары:

Оқушылардың барлығы шаңғымен кедергілерден өту жұмысын орындай алады.

Оқушылардың көбісі спецификалық қозғалыс әрекеттерді қолдана алады.

Оқушылардың кейбіреуі шаңғы дайындығының жоғарғы деңгейін көрсете алады.

 Бағалау критерийлері:

  • Қауіпсіздік ережелерді біліп, сақтау.
  • Орындаған әрекетті талдау.
  • Алған білімін іс-тәжірибе жүзінде қолдану.

 Тілдік мақсаттар:

 

Оқушылар: денсаулықты нығайтуда физикалық қасиеттерді дамытуға бағытталған бірқатар дене жаттығуларын талқылай және көрсете алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Шаңғы, шаңғымен адымсыз жүру, аттап бұрылу тәсілдері, сырғанау адымдары, шаңғымен тұру әдістері.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Сіздер аэроб және анаэроб үрдістерін қалай түсінесіздер?
  • Таудан түсу және тауға міну кезінде, қалай дұрыс демалу керек?

 Құндылықтарды бойға сіңіру.

 

Шындық, көшбасшылық, командада жұмыс жасай білу.

 Пәнаралық байланыс.

Анатомия

 АКТ пайдалану дағдылары:

https://www.youtube.com/watch?v=G75Zm3DNJ8w

 Алдыңғы білім.

Оқушылардың алдыңғы сабақтардың және сабақтан тыс қызметтердің негізінде шаңғы, кросс және коньки даярлығы бойынша бірқатар түсініктері мен қозғалыс дағдылары дамыған.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған қызмет

Ресурстар

Сабақтың басы

0 – 15 минут

Оқушылардың жиыны. Оқу мақсаттарын жету үшін сабақтың критерийлерін хабарлау. Мұғалім оқушыларға мынандай сұрақтар қояды: сіздер аэроб және анаэроб үрдістерін қалай түсінесіздер? Таудан түсу және тауға міну кезінде, қалай дұрыс демалу керек?

Бір-біртіндеп, бір қатармен жүгіру:

ЖДЖ жұппен орындалады. Әр жұп өздерінің жиынтық жаттығуларын орындайды. Мұғалім оқушылардың дұрыс орындауын қадағалап, оған ұсыныс жасап тұрады.

Шаңғы базасы, мектеп стадионы, шаңғы, ысқырық.

Сабақтың ортасы

16 – 75 минут

Оқушылардың жиыны. «Тынысты ұстап қалу» ойыны. Ойын орнында ойналады. Мұғалім уақыт өлшегішпен уақытты алады, ал оқушылар сол кезде тыныссыз тұру керек.

«Тынысты ұстап қалу» ойынын шаңғы жүрісімен орындау. Талқылау: дене жұмысын жасаған кезде неге тез шаршайсын?

Шаңғысыз кедергілерден өту (қалың қар, жылан тәріздес жүгіру, аяқтан-аяққа отыру жаттығуын орындау).

Бүгілген траекториядан шаңғымен жүгіру. Оқушылар мұғалім қойған конустарды айналып өту керек. Екі конус бір-біріне жақын қойылады, өйткені ол жерден бір адыммен өту керек. Бұл жаттығуды техникаға және жылдамдыққа орындау.

«Слалом» (таудан төмен түсу). Оқушылар таудан төмен шаңғы таяқшаларын орнатады, және ол таяқшаларды өздері айналып өту керек. Мұғалім оқушыларға кері байланыс жасап отырады.

Өзара бір-бірін бағалау, өз-өздерін бағалау.

1000 метр ара-қашықтықты өту. Мұғалім оқушылардың темпін және жылдамдығын қадағалап отырады.

Мектеп стадионы, ысқырық, шаңғы.

Сабақтың аяғы

76 – 80 минут

Оқушылардың жиыны. Шаңғы және шаңғы инвентарларын тапсырады. Кері байланыс: қандай тапсырма орындау кезінде сіздерде қиыншылықтар пайда болды?

Шаңғы базасы, стикерлер, қаламсаптар.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру

• Өз қимылдар сөз қорын тереңдету үшін реттіліктерін құрғанда қабілетті оқушыларға қиындау сұрақтар қойыңыз.

• Сәл әлсіз оқушыларға көмектесу үшін шаңғы дайындығы бойынша тапсырмаларды топ мүшелері санын азайту немесе жеңілдету.

• Ең жақсы өрнектерді таңдап, сөз қорын тереңдету үшін барлық оқушылармен бөлісу.

• Байқау, тыңдау, сұрақ қою.

• Оқушылар қозғалғанда қажет болғанда тоқтап, қауіпсіздік туралы біліп, тапсырмаға қатыса ма?

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары іске асырмалы болды ма?

ОМ-ға барлық оқушылар қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, не себепті?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыт кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және не себепті?

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру, сондай ақ оқыту туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал етуші еді (сабақ беру, сондай ақ оқыту туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Мен сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені айқындадым, келесі сабақтарда неге назар аудару керек?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу