Шаңғымен әртүрлі кедергілерден өтіп жүгіру. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары. 9-10 сабақ.


Сабақ жоспары/ План урока/ Lesson theme9-10

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі/Раздел программы №5 Шаңғы / Кросс/Коньки дайындығы.

Мектеп/Школа/School: Қарағанды қаласы ХББ НЗМ

Күні/Дата/Date:

Мұғалімнің аты-жөні/Учитель/Teachers:

Сынып/Класс/Grade: 8

Сабақтың тақырыбы:

Шаңғымен әртүрлі кедергілерден өтіп жүгіру.

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Кең ауқымды жаттығулар мен жағдайлардың және олардың жүйелі орындалу комбинацияларын түсіндіру және көрсету.

 Сабақ мақсаттары:

Оқушылардың барлығы берілген жиынтықты орындап көреді.

Оқушылардың көбісі спецификалық қозғалыс әрекеттерді қолдана алады.

Оқушылардың кейбіреуі альтернативті нұсқасын ұсына отырып, жиынтықтарды құрастыра алады.

 Бағалау критерийлері:

  • Қауіпсіздік ережелерді біліп, сақтау.
  • Орындаған әрекетті талдау.
  • Шаңғы дайындығының техникасын жетілдіру.

 Тілдік мақсаттар:

 

Оқушылар: денсаулықты нығайтуда физикалық қасиеттерді дамытуға бағытталған бірқатар дене жаттығуларын талқылай және көрсете алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Шаңғы, шаңғымен адымсыз жүру, аттап бұрылу тәсілдері, сырғанау адымдары, шаңғымен тұру әдістері.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Сіздердің көңілдеріңізге және жақсы хал-жайларыңызға қандай дене жаттығулары әсерін тигізеді?
  • Жаттығуларды орындай отырып, сіз төменгі, орта, жоғарғы қарқындылардың айырмашылығын түсінесіз бе?

 Құндылықтарды бойға сіңіру.

 

Шындық, көшбасшылық, креативті болу.

 Пәнаралық байланыс.

Анатомия

 АКТ пайдалану дағдылары:

https://www.youtube.com/watch?v=mNvBTWvHEJA

 Алдыңғы білім.

Оқушылардың алдыңғы сабақтардың және сабақтан тыс қызметтердің негізінде шаңғы, кросс және коньки даярлығы бойынша бірқатар түсініктері мен қозғалыс дағдылары дамыған.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған қызмет

Ресурстар

Сабақтың басы

0 – 15 минут

Оқушылардың жиыны. Оқу мақсаттарын жету үшін сабақтың критерийлерін хабарлау.

Бір-біртіндеп, бір қатармен шаңғының әртүрлі жүру тәсілдерін орындау.

Бір қарқынмен жүгіру. Оқушы 5 адымға, тынысын алады, 3 адымға, тынысын шығарады.

Жүру және денені қалыпқа келтіру.

ЖДЖ қозғалыста. Мұғалім оқушылардың дұрыс орындауын қадағалап, кері байланыс жасап тұрады.

Шаңғы базасы, мектеп стадионы, шаңғы, ысқырық.

Сабақтың ортасы

16 – 75 минут

Оқушылардың жиыны. Мұғалім сыныпты 3 топқа бөледі. Әр топ өздерінің тапсырмаларын орындайды.

Жиынтықтар:

  • Аттап 360 градусқа бұрылу, адымсыз жүру, көлденең тұрған кедергінің астынан өту, бұрылып сермеу.
  • 360 градусқа секіріп бұрылу, бірмезгілде, бір адымды жүріс, қашықтықты өте отырып, артқа таяқсыз келу.
  • Отырып, шаңғымен бұрылу, алмакезек екі адымды жүріс, бұрылу тәсілдері, сол кезде теннистің кіші доптарын обручқа салу.

Мұғалім әр топты аралап жүріп, кері байланыс жасап, керекті техникалық ұсыныстар жасайды.

Топтар тапсырмаларымен ауыса отырып, бір-бірін өзара бағалап отырады.

Мұғалім оқушылардан альтернативті жиынтықты ойлап табуын сұрайды.

1000 метр ара-қашықтықты жылдамдыққа орындау. Мұғалім оқушылардың хал-жайын қадағалап тұрады.

Мектеп стадионы, ысқырық, шаңғы, конустар, теннистің кіші доптары, обручтар.

Сабақтың аяғы

76 – 80 минут

Оқушылардың жиыны. Шаңғы және шаңғы инвентарларын тапсырады. Кері байланыс: Оқушылар, сабақтың жағымды жақтарын көрсетіп, айту.

Шаңғы базасы, стикерлер, қаламсаптар.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру

• Өз қимылдар сөз қорын тереңдету үшін реттіліктерін құрғанда қабілетті оқушыларға қиындау сұрақтар қойыңыз.

• Сәл әлсіз оқушыларға көмектесу үшін шаңғы дайындығы бойынша тапсырмаларды топ мүшелері санын азайту немесе жеңілдету.

• Ең жақсы өрнектерді таңдап, сөз қорын тереңдету үшін барлық оқушылармен бөлісу.

• Байқау, тыңдау, сұрақ қою.

• Оқушылар қозғалғанда қажет болғанда тоқтап, қауіпсіздік туралы біліп, тапсырмаға қатыса ма?

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары іске асырмалы болды ма?

ОМ-ға барлық оқушылар қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, не себепті?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыт кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және не себепті?

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру, сондай ақ оқыту туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал етуші еді (сабақ беру, сондай ақ оқыту туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Мен сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені айқындадым, келесі сабақтарда неге назар аудару керек?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу