Әртүрлі кедергілерден жүгіру. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 55 сабақ.
Әдістемелік нұсқаулық №55
Сабақ тақырыбы: Әртүрлі кедергілерден жүгіру.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
8.1.3.1 арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті түсіндіру және көрсете білу;
8.3.3.1 түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіру.
Сабақ мақсаттары
-Қауіпсіздік ережесін біледі
-Әр түрлі кедергілерден өту арқылы арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті түсінеді және көрсете білед;
-Әр түрлі кедергілерден өту жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіре алады.
Бағалау критериі
-Әр түрлі кедергілердегі спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті түсінеді және көрсете алады;
-Әр түрлі кедергілерден өту жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіре алады;
Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі
Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз».
Мұғалім Сіздер үшін денсаулық ұғымы нені білдіреді деп сұрақ қояды.
Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.
Күтілетін нәтижелер
- қауіпсіздік ережесін біледі.
- жаттығулардың ағзаға әсерін түсіндіре алады.
- Әр түрлі кедергілерден өту арқылы арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті түсінеді
Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.
(П) «Кім жылдам » ойынын өткізеді
Оқушылар тамыр ырғағын санайды.
Мұғалім дененің құрлысын жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.
Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «смайликтер» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады.
Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?
(С, Ж, Қ) Оқушылар шаңғымен жүруді үйренген тәсілдерімен қашықтықты бағындырады. Шаңғы жүрісін өзгерту 300м кем емес қашықтықты өткізгеннен кейін жүзеге асырылады. Жылдамдықты өзгерту оқушының өзінің дене дайындығына байланысты өзгертіп отырады. Қашықтықта жүру барысында оқушылар шаңғымен бір қалыпты қадамсыз жүру, бірқалыпты бір қадаммен жүру, бірқалыпты екі қадаммен жүру, коньки тәріздес жүріспен жүріп өту. Соңғы айналымды оқушылар өзіне ыңғайлы жүріспен жүріп өтеді.
Дескриптор
-қауіпсіздік ережесін біледі.
-300 метр қашықтықта жүріп өтеді.
-бір қалыпты қадамсыз жүру және бір қалыпты қадаммен жүру жаттығуын орындай алады.
Саралау жүзеге асырылады:
а) физиологиялық сипаттамаларға:
- ұлдар жоғары жүктеме жасайды;
- қыздар аз жұмыс істейді;
б) физикалық қабілеттерге:
- оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады;
- Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді.
Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға дескриптор арқылы өзара бағалау жүргізуді ұсынады.
Мұғалім сұрақ қояды:
- Сұраңыз: сіздің пульсіңіз арақашықтықты өткергеннен кейін қандай өзгерісте болды.?
Мұғалім, оқушыларды дұрыс жолға бағыттайды және қандай да бір қиыншылықтар мен тіл проблемалары туралы ескертулер жазып алады (спорт терминологиясы және т.б.) Мұғалім кейде оқушыларға ынталандырушы сұрақтар қойып, олардың қаншалықты тапсырманы орындаумен айналысып отырғанын тексереді.
Қажетті жағдайда мұғалім келіспеушілік жағдайында мәселені дұрыс шешуге талпынады.
Оқушылар рефлексиялық «Табыс сатысы» стратегиясы
Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.
Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды).
Мұғалім үй жұмысын береді:
- пән терминологиясын жаттау;
- таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу.
Оқушылар тамырдың ырғағын санайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?