Әртүрлі кедергілерден жүгіру. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 56 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық №56

Сабақ тақырыбы: Әртүрлі кедергілерден жүгіру

Оқу мақсаты:

8.1.3.1 арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті түсіндіру және көрсете білу;

8.3.3.1 түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіру

Бағалау критериі:

- Әр түрлі кедергілердегі спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті түсінеді және көрсете алады;

-Әр түрлі кедергілерден өту жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіре алады;

Түсіндіріңіз : «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз».

Сұраңыз : Сіздер үшін денсаулық ұғымы нені білдіреді деп сұрақ қояды.

Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

Күтілетін нәтижелер

- қауіпсіздік ережесін біледі.

- жаттығулардың ағзаға әсерін түсіндіре алады.

- әр түрлі кедергілерден өту арқылы арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті түсінеді

Сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салыңыз.

«Миға шабуыл » әдісі өткізеді

Оқушылар тамыр ырғағын санайды.

Мұғалім дененің құрлысын жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.

Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «смайликтер» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады. Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?

Тапсырма 1

Оқушылар коньки тебу жаттығулары бар этафеталық ойындар құрастыруды ұсыныңыз.

Тапсырма 2

Эстафетада 2-3 команда қатысады. Алаңға ұзындығы 200-400 м арақашықтық алынады. Дистанциялар этаптарға бөлінеді.

Қатысушылар конкимен жүріп өтуге 30-50 метр қашықтықтан аспайтын этаптарға бөлінеді. Белгі бойынша бірінші қатысушылар қашықтыққа сөреден шығады. Эстафетаны қолды тигізумен жалғасады, бірақ ол өзгеруі мүмкін. Жеңіске тек сөреден мәре сызығына дейін эстафетаны дұрыс жеткізген команда жеңеді.

Дескриптор

-қауіпсіздік ережесін біледі.

-30 метр қашықтықта жүріп өтеді.

-ойын ережесі бойынша ойнайды.

-ойында көшбасшылық қабілет көрсетеді.

Саралау жүзеге асырылады:

а) физиологиялық сипаттамаларға:

  - ұлдар жоғары жүктеме жасайды;

- қыздар аз жұмыс істейді;

б) физикалық қабілеттерге:

- оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады;

- Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді.

Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға дескриптор арқылы өзара бағалау жүргізуді ұсынады.

Мұғалім сұрақ қояды:

- Сұраңыз: сіздің пульсіңіз арақашықтықты өткергеннен кейін қандай өзгерісте болды.?

Мұғалім, оқушыларды дұрыс жолға бағыттайды және қандай да бір қиыншылықтар мен тіл проблемалары туралы ескертулер жазып алады (спорт терминологиясы және т.б.) Мұғалім кейде оқушыларға ынталандырушы сұрақтар қойып, олардың қаншалықты тапсырманы орындаумен айналысып отырғанын тексереді.

Қажетті жағдайда мұғалім келіспеушілік жағдайында мәселені дұрыс шешуге талпынады.

Оқушылар рефлексиялық «Табыс сатысы» стратегиясы

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.

Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды).

Мұғалім үй жұмысын береді:

- пән терминологиясын жаттау;

- таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу.

Оқушылар тамырдың ырғағын санайды.

[attachment=76341:56-distemelik-nsauly-1-nsa-5-blim_-rtrli-kedergilerden-zhgiru.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?