Әртүрлі кедергілерден жүгіру. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 55 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық №55

Сабақ тақырыбы: Әртүрлі кедергілерден жүгіру.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.3.1 арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті түсіндіру және көрсете білу;

8.3.3.1 түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіру.

Сабақ мақсаттары

-Қауіпсіздік ережесін біледі

Қауіпсіздік ережесін біледі

-Әр түрлі кедергілерден өту арқылы арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті түсінеді және көрсете білед;

-Әр түрлі кедергілерден өту жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіре алады.

Бағалау критериі

-Әр түрлі кедергілердегі спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті түсінеді және көрсете алады;

-Әр түрлі кедергілерден өту жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен

Оқушыларды сапқа тұрғызып сабақ тақырыбы мен оқу мақсаттарын түсіндіріңіз. Өткен тақырыпқа байланысты оқушыларды екі жұптан бөліп «Миға шабуыл » стратегиясын өткізіңіз.

Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?

Бұл тапсырмада оқушылар шаңғы даярлығы кезінде оқушылар соқалық тежелу әдісін үйренеді. Бұл әдіс қалың қарлы аймақта биіктіктен тіке түсу кезінде қос шаңғымен орындалады. Бұл үшін оқушы түсу кезінде қос шаңғыны қатар созып, табан бөлігін симметриялы түрде екі жаққа жылжытады, шаңғыны ішкі жағына қойып, дене салмағын екі аяққа тең дәрежеде түсіреді, шаңғының ұштары бір біріне тимеуі тиіс. Тоқтауға дейінгі тежелу деңгейі толықтай шаңғылардың арасын ашу бұрышына тәуелді болады. Тежелу қосылған шаңғыларда сырғумен аяқталады. Бүйірлік сырғанау арқылы тежелу әдісін қыр биіктігіне қарай пайдаланады. Әрбір түсуден соң оқушылар өз қабілеттері мен өзгелердің әдістерін бағалап, оны қозғалыс әрекеттерін жақсарту үшін пайдаланады

Дескриптор

-қауіпсіздік ережесін біледі.

-шаңғымен жүрудің соқалық әдісін біледі.

- бүйірлік сырғанау арқылы тежелу әдісін қыр биіктігіне қарай пайдалана алады.

Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?

Саралау жүзеге асырылады:

а) физиологиялық сипаттамаларға:

  - ұлдар жоғары жүктеме жасайды;

- қыздар аз жұмыс істейді;

б) физикалық қабілеттерге:

- оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады;

- Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді.

Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға дескриптор арқылы өзара бағалау жүргізуді ұсынады.

Мұғалім сұрақ қояды:

- Сұраңыз: сіздің пульсіңіз арақашықтықты өткергеннен кейін қандай өзгерісте болды.?

Мұғалім, оқушыларды дұрыс жолға бағыттайды және қандай да бір қиыншылықтар мен тіл проблемалары туралы ескертулер жазып алады (спорт терминологиясы және т.б.) Мұғалім кейде оқушыларға ынталандырушы сұрақтар қойып, олардың қаншалықты тапсырманы орындаумен айналысып отырғанын тексереді.

Қажетті жағдайда мұғалім келіспеушілік жағдайында мәселені дұрыс шешуге талпынады.

Оқушылар рефлексиялық «Табыс сатысы» стратегиясы

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.

Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды).

Мұғалім үй жұмысын береді:

- пән терминологиясын жаттау;

- таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу.

Оқушылар тамырдың ырғағын санайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу