Әртүрлі кедергілерден жүгіру. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 56 сабақ.
Әдістемелік нұсқаулық №56
Сабақ тақырыбы: Әртүрлі кедергілерден жүгіру
Оқу мақсаты:
8.1.3.1 арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті түсіндіру және көрсете білу;
8.3.3.1 түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіру
Бағалау критериі:
- Әр түрлі кедергілердегі спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті түсінеді және көрсете алады;
-Әр түрлі кедергілерден өту жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіре алады;
Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.
Сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салыңыз.
«Миға шабуыл » әдісін өткізіңіз.
Күтілетін нәтижелер
- қауіпсіздік ережесін біледі.
- жаттығулардың ағзаға әсерін түсіндіре алады.
- әр түрлі кедергілерден өту арқылы арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті түсінеді
. Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?
Тапсырма 1
Бұл тапсырмада жұптар мен топтарға бөлінген оқушылар жаттығу орындайды. Әрқайсысы 100 метр үш жол бөлігін алуан түрлі жылдамдықпен жүріп өтеді, бұл кезде осы бөлікті жүріп өту уақытын өлшеп, қадамдар санын анықтау тапсырмасы берілген. Келесі бөлікте сол жылдамдықты сақтай отырып, бір не екі қадамды кем жасау, ол серпілістің мықтырақ болуына тәуелді болады. 300 – 400 метр қашықтықта да осыны қайталау қажет. Ортасында бір рет демалып, екі айналым сырғанап өту. Оқушылардың өзара сырғанау уақыты 1 сек артық өзгеше болмауы тиіс.
Дескриптор
-қауіпсіздік ережесін біледі.
-300 метр қашықтықта жылдамдықпен жүріп өтеді.
-100 метр бөлікті жүгіре алды.
-ойында көшбасшылық қабілет көрсетеді.
Саралау жүзеге асырылады:
а) физиологиялық сипаттамаларға:
- ұлдар жоғары жүктеме жасайды;
- қыздар аз жұмыс істейді;
б) физикалық қабілеттерге:
- оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады;
- Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді.
Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға дескриптор арқылы өзара бағалау жүргізуді ұсынады.
Мұғалім сұрақ қояды:
- Сұраңыз: сіздің пульсіңіз арақашықтықты өткергеннен кейін қандай өзгерісте болды.?
Мұғалім, оқушыларды дұрыс жолға бағыттайды және қандай да бір қиыншылықтар мен тіл проблемалары туралы ескертулер жазып алады (спорт терминологиясы және т.б.) Мұғалім кейде оқушыларға ынталандырушы сұрақтар қойып, олардың қаншалықты тапсырманы орындаумен айналысып отырғанын тексереді.
Қажетті жағдайда мұғалім келіспеушілік жағдайында мәселені дұрыс шешуге талпынады.
Оқушылар рефлексиялық «Табыс сатысы» стратегиясы
Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.
Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды).
Мұғалім үй жұмысын береді:
- пән терминологиясын жаттау;
- таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу.
Оқушылар тамырдың ырғағын санайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?