Кедергілерді өтудегі тапсырмалар. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары. 35-36 сабақ.


Сабақ жоспары 35-36

5-бөлім: Шаңғы/кросс/коньки дайындығы

Мектеп: Алматы каласы ФМБ НЗМ

Күні: 21.01.-26.01.2019ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Тажибаев Д.Д.

Сынып: 8 А

Сабақ тақырыбы: Кедергілерді өтудегі тапсырмалар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.1.1. Спецификалық қозғалыс әрекеттерін жинақтау және пайдалану

8.1.2.1. Кең ауқымды жаттығулар мен жағдайлардың және олардың жүйелі орындалу комбинацияларын түсіндіру және көрсету

 Сабақ мақсаттары

Физикалық қозғалыс қабілетін дамыту бағытындағы жұмыс және жаттығу түрлерін түрлендіру

Кедергілерден өтуді жеңудегі тәуекелдікті шыңдау, батыл шешім қабылдауға дағдыландыру

 Бағалау критерийлері

Спецификалық қозғалыс әрекеттерін жинақтап, кедергілерден өту тапсырмаларында қолданады және оны түсіндіріп, көрсетеді

Кедергілерден өту тапсырмасы бойынша түрлі кең ауқымды жаттығулар комбинациясын құрастырыып, жүйелі орындайды

 Тілдік мақсаттар

 

  • Сабақта әр түрлі қимылдау туралы түсініктерін сипаттай, талқылай және көрсете алады

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • Кедергілерді жеңу, кросс,қозғалыс үйлесімділігі, қозғалыс қарқыны /төмен, орташа, жоғары/, бағыт, динамика, координация, төзімділік, шапшаңдық, күш-жігер

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Кросс дайындығындағы кедергіден өту жаттығуларының спецификасын түсіндіріңіздер?

 Құндылықтарды дарыту

Өз бетімен және топта жұмыс жасай білу. Өзін-өзі жетілдіру, дамыту қажеттілігін сезіну.

 Пәнаралық байланыстар

Дене бұлшық еттердің дамуы ж/е жүрек соғысының өзгерісі туралы биология, физика пәнімен байланыстырып, сабақтастыру

 АКТ қолдану дағдылары

Интернет арқылы кросс дайындығындағы түрлі кедергілер және олардың өзіндік ерекшеліктері туралы теориялық мағлұмат алады

Бастапқы білім

Қозғалыстағы қауіпсіздік және өз-өзін сақтандыру. Арнайы дайындық жаттығуларды түсініп, орындай білу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10-15 мин.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2. Сабақтың оқу мақсатын, бағалау критериін түсіндіріп, мәлімдеу .

3.Арнаулы жүгіру, секіру жаттығулары;

4. Жалпы дамыту жаттығулары

5. Сергіту сәттері

Әрбір әрекет үшін кең, таза кеңістік, швед сатылары

Сабақтың ортасы

50-55 мин.

Интернет арқылы кросс дайындығында кездесетін түрлі кедергілер туралы толық бейне материал көріп, мағлұмат алу.

Тапсырма №1. Жеке қабілетін тексеру мақсатында төмендегі суреттегідей кедергіден өту жаттығуларын жасап көрсету. Жаттығу белгілі бір уақыт аралығында бірінен соң бірі кезекпен орындалады.

1жаттығу. Баскетбол добын секірте алып жүріп, белгілі бір қашықтықты жүгіріп өту.

2жаттығу. Гимнастикалық орындықты «өткел» жасап, швед қабырғасы арқылы өту.

3жаттығу. Бөрене үстіндегі доп арасынан жүріп өтіп, төсенішке қос аяқпен , тізені бүге секіріп түсу.

4жаттығу. Секіргіштен 20-30рет секіру

5жаттығу. Баскетбол добын қалауы бойынша белгілі бір лақтыру тәсілін қолданып, кәрзеңкеге түсіру

Дескриптор: Білім алушы

  • жаттығу орындауда қабілетін көрсетеді;
  • кеңістікті және уақытты ұтымды пайдаланады;
  • спорттық құралдарын қауіпсіз пайдаланады;

Тапсырма №2. Бұл тапсырманың мақсаты , шапшаңдықты, ептілікті , төзімділікті дамыту мақсатында түрлі кедергілерді құрастыру. Сынып оқушылары 2-3топқа бөлінеді.

Бірінші тапсырмаға ұқсас қарапайым кедергілерден өту жаттығуы құрастырылып, топтар арасында жарыс түрінде уақытқа орындалады. Мысалы, төмендегідей:

Кедергілер жолағы

Бұл жерде қиялдауға тура келеді, барлық қиялыңызды іске қосуыңыз керек. Оған қолда не бар – барлығын қолдануға болады: арқанды керіңіз, шөркелер мен спорттық құралдарды қолданыңыз (тырбиған ағаштарды жайып қойыңыз, шеңберді қазып орнатыңыз және шұңқырларды қазыңыз). Сіздің мақсатыңыз – жүгіруге, секіруге және еңбектеуге болатындай көптеген әр түрлі кедергілерді ойдан шығару.

Әр топ дайындаған жаттығу жиынтығын уақытқа орындап көрсетеді, ал келесі топ мұқият қадағалап, әділ бағасын береді және орындаушыларға төреші рөлін атқарады.

Дескриптор: Білім алушы

  • ойында қозғалыс икемділігін көрсетеді;
  • пайдалы жаттығуларды құрып, көрсетеді;
  • топпен жұмыс жасайды;
  • пікірлерін ашық айтып, әділдікпен бағалайды

Сұрақ арқылы ойын қорытындысын талқылау:

  • Кедергіден өту жаттығулары не үшін керек деп ойлайсыздар?

Диалог арқылы ойынды қорытындылап, сыни тұрғыда әр топтың оқушылары пікірлерін бөліседі.

Интербелсенді тақта, планшет, ноутбук

Гимнастикалық төсеніштер, орындықтар, бөрене, секіргіштер, доптар

Қажетті спорттық құралдар

Сабақтың соңы

8-10 мин.

1.Тыныс алу жүйесін қалпына келтіру жаттығуы: «Күнге сәлем беру» жаттығуы. Бұл созылу жаттығулары дене икемділігін және иілгіштік қозғалыс қабілетін жетілдіреді, сонымен қатар тыныс алу жүйесін қалпына келтіреді.. Жаттығуды орындау 2-3 минутқа созылады.

2.Кері байланыс. Рефлексия.

Нені үйрендіңіз?

Нені үйрене алмадыңыз?

Келешекте не білгіңіз келеді?

3.Үйге тапсырма:

  • Таза ауада шаңғы, коньки тебу, серуендеу.
  • Шапшаңдықты,төзімділікті дамыту жаттығуларын орындау.

Түрлі-түсті қағаз, қалам

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Композициялық тапсырмалар кезінде нәтижесі, тапсырмасы мен жабдығы бойынша айырмашылық.
  • сөз қорын тереңдету үшін реттіліктерін құрғанда қабілетті оқушыларға қиындау сұрақтар қойыңыз.
  • Сәл әлсіз оқушыларға көмектесу үшін композициялық тапсырмаларды және де топ мүшелері санын азайту немесе жеңілдету.
  • Байқау, тыңдау, сұрақ қою.
  • Оқушылар қозғалғанда қажет болғанда тоқтап, қауіпсіздік туралы біліп, тапсырмаға қатыса ма?
  • Оқушылар жаттығу мен жүгіру арасындағы айырмашылықты біле ме?
  • Оқушылар залдағы кеңістік пен қозғалыс координациясын қалай үйлестіре алады?

Топтық композиция мен талқылау сапасы

  • Ғылыммен байланыс – денсаулық пен дене, қауіпсіздік, салмақ/ағын динамикасы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу