Арнаулы дамыту жаттығуларының техникалық дағдысын бекіту. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 53 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық №53

Сабақ тақырыбы: Арнаулы дамыту жаттығуларының техникалық дағдысын бекіту

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.1.1 салауатты өмір салтының денсаулыққа тигізетін әсерін жеке бастың үлгісімен көрсету;

8.1.4.1 қимыл-қозғалысты сапалы орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктіліктерін салыстыра білу

Бағалау критериі

-Коньки дайындығы кезінде салауатты өмір салтының денсаулыққа тигізетін әсерін жеке бастың үлгісімен көрсете алады;

-Коньки дайындығы кезінде қимыл-қозғалысты сапалы орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктіліктерін салыстыра біледі;

Оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз

Күтілетін нәтижелер

- қауіпсіздік ережесін біледі.

- Жаттығу мен қалпына келтіру әдістерінің негізгі компоненттерін түсінеді.

-Өздерінің тактикалық және коммуникативтік дағдыларын жетілдіру үшін жаттығулардағы реттілік пен комбинацияны түсіндіреді және көрсетеді.

Бұл тапсырманы жұптар мен топтарға бөлінген оқушылар тапсырманы орындайды. Әрқайсысы 100 метр үш жол бөлігін алуан түрлі жылдамдықпен жүріп өтеді, бұл кезде осы бөлікті жүріп өту уақытын өлшеп, қадамдар санын анықтау тапсырмасы берілген.

Жүгіріс 3 x 100 м. Бірінші рет 100 м жолды қолды арқаға қойып, орташа жылдамдықпен жүгріп өту, екінші рет жылдамдықты сәл арттыру, ал үшінші рет жылдамдықты төмендету қажет. Содан кейін 1000 метр қашықтықты жүруге көшеді. Оқушылар қашықтықта күштерін тең жұмсауға тырысады, қашықтықтың барлық деңгейлерінде бірдей күш жұмсауға үйренеді. Жұпта жасалған әр тапсырма соңында өз қабілеттері мен өзгелердің әдістерін бағалап, оны қозғалыс әрекеттерін жақсарту үшін пайдаланады

Тапсырма 2

Бұл жаттығуда оқушылар шаңғы жолы бойымен 3000 метр қашықтықты жүріп өтеді. Тегіс алаңқайлар мен қырларда түрлі шаңғы жүрістерінің техникасын көрсетіп, пайдаланады. Қашықтықты жүріп өту жылдамдығын әр оқушы өз физикалық даярлық деңгейіне қарай анықтайды. Бұл кезде оқушыларға өз оптималды жылдамдығын анықтап алу маңызды саналады. Мәреге таяу жылдамдықты арттыру, оның ұзақтығы да оқушының жеке ерекшеліктеріне сәйкес.

Саралау жүзеге асырылады:

а) физиологиялық сипаттамаларға:

  - ұлдар жоғары жүктеме жасайды;

- қыздар аз жұмыс істейді;

б) физикалық қабілеттерге:

- оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады;

- Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді.

Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға дескриптор арқылы өзара бағалау жүргізуді ұсынады.

Мұғалім сұрақ қояды:

- Сұраңыз: сіздің пульсіңіз арақашықтықты өткергеннен кейін қандай өзгерісте болды.?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу