Қауіпсіздік ережесі. Дене сапаларын дамытуға арналған қалыпқа келтіру техникасы. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары. 1-2 сабақ.
Сабақ жоспары/ План урока/ Lesson theme № 1-2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі/Раздел программы №5 Шаңғы / Кросс/Коньки дайындығы. | Мектеп/Школа/School: Қарағанды қаласы ХББ НЗМ | ||||
Күні/Дата/Date: | Мұғалімнің аты-жөні/Учитель/Teachers: | ||||
Сынып/Класс/Grade: 8 |
| ||||
Сабақтың тақырыбы: | Қауіпсіздік ережесі. Дене сапаларын дамытуға арналған қалыпқа келтіру техникасы. | ||||
Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Әр түрлі құрал жабдықтарды пайдалана және қозғалыс әрекетін орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді сезіну. | ||||
Сабақ мақсаттары: | Оқушылардың барлығы қауіпсіздік ережелерді сақтай отырып, шаңғы жүрістерін орындау алады. Оқушылардың көбісі әртүрлі қиыншылықтарды жеңе алады. Оқушылардың кейбіреуі шаңғы жүрісін көрсетіп, орындай алады. | ||||
Бағалау критерийлері: |
| ||||
Тілдік мақсаттар:
| Оқушылар: денсаулықты нығайтуда физикалық қасиеттерді дамытуға бағытталған бірқатар дене жаттығуларын талқылай және көрсете алады. Пәнге тән лексика мен терминология: Шаңғы, шаңғымен адымсыз жүру, аттап бұрылу тәсілдері. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
| ||||
Құндылықтарды бойға сіңіру.
| Құрмет, ынтымақтастық, ашықтық. | ||||
Пәнаралық байланыс. | Анатомия | ||||
АКТ пайдалану дағдылары: | https://www.youtube.com/watch?v=jHIONPeIMLE | ||||
Алдыңғы білім. | Оқушылардың алдыңғы сыныптарда және сабақтан тыс іс-шаралар барысында алынған жылдамдық-беріктікті даярлау және төзімділік туралы білімдері мен дағдылары бар. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Жоспарланған сабақ кезеңдері | Сабақта жоспарланған қызмет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 0 – 20 минут | Оқушылардың жиыны. Оқу мақсаттарын жету үшін сабақтың критерийлерін хабарлау. Оқушыларға шаңғы дайындығы кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы әңгіме өткізу. Мұғалім оқушыларға сұрақ қою арқылы, олардың жауабын алады. Оқушылардың жауабын алу арқылы мұғалім оқушылардың жауабына өз жауабын қосады. Қауіпсіздік ережелерінің әңгімесінен кейін, оқушылардың қауіпсіздік ережесінің журналына қол қоюын қадағалау. Мұғалім ЖДЖ шаңғы арқылы береді. (мұғалім оқушылардың ЖДЖ дұрыс орындау барысын бақылау). | Шаңғы базасы, мектеп стадионы, шаңғы, ысқырық. | |||
Сабақтың ортасы 21 – 75 минут | Оқушылар екі топқа бөлінеді. Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы, 15-20 ара-қашықтықта тұрады. Аттап бұрылу тәсілін орындау. Мұғалім оқушылардың өкшелері қардан көтерілмеу керек екендігіне назармен бақылап тұрады. Жаттығуды сағат тіліне қарсы және одан кейін сағат тілі бойымен орындайды. Шаңғы таяғысыз сырғанау. Бір оқушы орындайды, екінші оқушы оған ұсыеысын білдіреді. Мұғалім дұрыс орындауын қадағалап тұрады. Шаңғымен адымсыз жүру тәсілін орындау. Оқушылар жұпта бір-бірімен ақылдаса отырып, жалпы бір стратегия құрастырады. Тапсырма: оқушы, шаңғымен адымсыз жүріп келе жатып, көлденен тұрған таяқшадан өтеді. Оқушылардың ерекшеліктеріне қарай мұғалім таяқшаның биіктігін өзгертіп отырады. Техникалық әдіс-тәсілдерді жетілдіруге арналған тапсырмалар: 180 градуска аттап бұрылылып, оқушы 30м қашықтықты жылдамдықпен өту. Әр жүгіріс кезінде 5 оқушыдан артық болмауы керек. Жүгірістің жеңімпазы келесі айналымға өтеді. Шаңғымен жүгіру және жүру. Оқушы өзіне ыңғайлы жүрісті таңдайды. Тапсырманы орындауына байланысты мұғалім оқушылардың шаңғымен жүріс дағдыларын қадағалап отырады, және оған кері байланыс жасап отырады. | Мектеп стадионы, ысқырық, шаңғы. | |||
Сабақтың аяғы 76 – 80 минут | Оқушылар шаңғы және шаңғы инвентарларын тапсырады. Кері байланыс: оқушы 2 сұраққа жауап жасайды. Шаңғы дайындығы кезіндегі ұсынылған температура режимі және шаңғыларды қалай қауіпсіз тасымалдау керек? | Шаңғы базасы, стикерлер, қаламсаптар. | |||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру | |||
• Өз қимылдар сөз қорын тереңдету үшін реттіліктерін құрғанда қабілетті оқушыларға қиындау сұрақтар қойыңыз. • Сәл әлсіз оқушыларға көмектесу үшін шаңғы дайындығы бойынша тапсырмаларды топ мүшелері санын азайту немесе жеңілдету. • Ең жақсы өрнектерді таңдап, сөз қорын тереңдету үшін барлық оқушылармен бөлісу. | • Байқау, тыңдау, сұрақ қою. • Оқушылар қозғалғанда қажет болғанда тоқтап, қауіпсіздік туралы біліп, тапсырмаға қатыса ма? | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары іске асырмалы болды ма? ОМ-ға барлық оқушылар қол жеткізді ме? Жеткізбесе, не себепті? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыт кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және не себепті? | |||||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру, сондай ақ оқыту туралы ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал етуші еді (сабақ беру, сондай ақ оқыту туралы ойланыңыз)? 1: 2: Мен сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені айқындадым, келесі сабақтарда неге назар аудару керек? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?