Қауіпсіздік ережесі. Жаттығу және тыныс алу техникасы арқылы физикалық қасиеттерді дамыту. Дене шынықтыру, 8 сынып, презентация. 49 сабақ.
Қауіпсіздік ережесі. Жаттығу және тыныс алу техникасы арқылы физикалық қасиеттерді дамыту
Сабақ тақырыбы:
8.3.4.1 денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендету, техника қауіпсізді бойынша техника қауіпсіздігінің күрделі мәселелерін түсіне білу;
8.3.2.1 денені қыздыру және қалпына келтіру жаттығуларының кещенін құру және көрсету, оның маңыздылығын түсіну
Оқу мақсаты
Бағалау критерииі
- шаңғы дайындығы кезінде денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді анықтай алады,
-техника қауіпсіздігінің күрделі мәселелерін түсіне біледі.
-шаңғы дайындығы кезінде денені қыздыру және қалпына келтіру жаттығуларының кещенін құрады және көрсете алады
Күтілетін нәтижелер
- қауіпсіздік ережесін біледі.
- Жаттығу мен қалпына келтіру әдістерінің негізгі компоненттерін түсінеді.
-Өздерінің тактикалық және коммуникативтік дағдыларын жетілдіру үшін жаттығулардағы реттілік пен комбинацияны түсіндіреді және көрсетеді.
Шаңғыны жалпы қыс мезгілінде пайдаланамыз. Ол бәрімізге мәлім, ал шаңғы туралы білетініміз аз. Олай болса, сіздерге қысқаша шаңғының шығу тарихы туралы және шаңғы адам баласына не үшін қажет екендігін түсіндіріп өтейін.
Шаңғы дегеніміз ертеден келе жатқан қардың үстінде қолданылатын құрал. Шаңғы б.з.д III ғасырда пайда болған. Көптеген археологиялық қазбалар Сібірде, Оралда, Ресейдің солтүстік европалық бөлігінде, Скандинавияда мекендеген халықтар заман – заманнан шаңғымен жүргенін көрсетіп берді. Шаңғыларды едәуір жіңішке және ұзын болған. Ертедегі суретшілер шаңғышыларды жартасқа найзаға ұқсайтын бір ғана таяқ аң аулау құралы, әрі жүрісті жеңілдетуге пайдаланған деп дәлелдеген. Ертеде шаңғыны кавказ кіші Азияны мекендеген халықтар да пайдаланған. Ертедегі грек тарихшылары Ксенафонт пен Страбон (б.з.д IV ғасырда) армияндар тау ішінде қалың қардың үстімен жүру үшін табандарына жұмыр ағаш байлап алғанын атап көрсетеді.
Шаңғы дайындығы.
Сібірдің торфты батпақтарына жасалған археологиялық қазба жұмыстары кезінде біздің эрамыздың VII – VIII ғасырларына жататын құрлыс бітімі өзгеше шаңғылар табылды. Сол заманда аңшылар екі шаңғымен жүргенін; біреуі жұмыр, ұзын, ал екіншісі ұзын әрі жіңішке болып, сырғанауға арналғанын тарихшылар растап айтқан.
Қазіргі кезде шаңғы спортының отаны Норвегия деп есептеледі. Норвегияда 1733 жылы алғаш рет әскерлер шаңғы тебе білсін деген жарлық шығыпты. 1767 жылы Торма деген жерде шаңғы спортынан тұңғыш рет жарыс өткізілген. 1924 жылы шаңғы спорты бойынша халықаралық ұйым құрылған және қазіргі таңда осы ұйымда 50 – ден астам мемлекет мүше болып отыр.
Бейне көрсетілім
Шаңғыда сырғанау:https://www.youtube.com/watch?v=C5wfuvdj2II –
Назарларыңызға рахмет!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?