Қозғалмалы ойындар. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары. 17 сабақ.
Сабақ жоспары № 17
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Қазақ халқының дәстүрлі ойындары Мектеп: | Күні: Сынып: 8 Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сабақ тақырыбы: Қозғалмалы ойындар | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.2.3.1 қолайлы оқып-үйрену ортасын қалыптастыру бойынша біріккен, әрі тиімді жұмыс дағдыларын қолдану және көрсете білу; 8.3.5.1 басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды көрсете білу | |||||
Сабақ мақсаттары | Қозғалмалы ойындар арқылы біріккен жұмыс әрі тиімді жұмыс дағдыларын қолдана алады; Қозғалмалы ойындар кезінде басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды көрсете алады; | |||||
Бағалау критериі | Қозғалмалы ойындар арқылы қолайлы оқып-үйрену ортасын қалыптастыра алады; Қозғалмалы ойындар кезінде дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды көрсете алады; | |||||
Тілдік мақсаттар | - қазақ ұлттық және қозғалыс ойындары арқылы әр түрлі дене жаттығулары бойынша қозғалыс дағдыларын талқылай және көрсете алады. Пәнге тән лексика мен терминология:
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Талқылау үшін сұрақтар
| |||||
Құндылықтарды дарыту | (Өмір бойы үздіксіз білім алу) Оқуға деген сүйіспеншілікті білуге құмарлық, шығамашылық пен оқылатын материалға сыни қарау, қарым-қатынас пен мінезді, денені және ақыл-ойды үздіксіз дамыту арқылы бойға сіңіру. Оқушылардың өз бетімен оқуға болысатын дағдылары мен қабілеттерін дамытуды қамтиды. (Ынтымақтастық) Жылы қарым-қатынасты орнату, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру мен құрылымдық ұстанымды дамыту, қарым-қатынас орнату кезіндегі сыни ойлау қабілеті. (Академиялық шындық) Басқа адамдардың ойлары мен идеяларын құрметтеу, академиялық шындықтың ұстанымдарын сақтау, плагиатқа және ақпараттың көзін көрсетпеуге төзбеушілік. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Тарих, өзін- өзі тану пәнімен байланыстыру. | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Қазақ ойындарына сілтеме: | |||||
Бастапқы білім | Ұлттық ойындар туралы мағлұматтар. | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 0-7 7-8 |
Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады. Күтілетін нәтижелер Оқушылар қазақ тұрмысының тарихы туралы, салт-дәстүрлер туралы, қазақ халқының бос уақытты қалай өткізгені туралы білім алады. Бұл бөлім туған өлкеге деген сүйіспеншілікке баулуға арналған, қозғалыс дағдыларын және ойындардағы комбинацияларды жетілдіреді. Ойындардағы тактикалар мен стратегияларды құрастырады және әзірлейді. Ойын қызметін, сыни ойлауды пысықтайды, қазақ ұлттық ойындарының негізінде әр түрлі ойындар ойлап шығарады. II. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады. ЖДЖ орындайды.(жүру, жүгіру, бір орында орындалатын жаттығулар т.б) «Көрсет». Жүргізуші: Екі қатардың балалары қарама-қарсы тұрғызылады.Бірінші топтағылар қолыңызды иығыңызға апарып, сұқ саусағыңызды жоғары көтеріңіз. Белгіні естіген соң, қолыңызды алға созып қарсы топтағы біреуді көрсетіңіз. «Рахмет» деген сөзден кейін ғана, қолыңызды алғашқы қалпына келтіресіз ( 4 рет қайталанады). Бір адамды көрсеткен қолдар саны көп болса, сол топ мадақталады. Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз? | Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін. Мұғалімге ысқырық | ||||
Сабақтың ортасы 10-20 20-30 | (Т.ҚБ) Тартыс — ұлттық ойын Ойыншылар тепе - тең екі топқа бөлінеді, екі - екіден жұптасып тұрысады. Ортаға екі жұп шығады. Бірі екіншісін арқалап алады. Белгі бойынша олар бір - біріне жақындаса бастайды. Мақсаттары бірін - бірі аударып кету. Тартыс басталады. Егер арқадағы ойыншының бір жері жерге тиіп кетсе, жеңілген болып есептеледі. Ойынға келесі екі жұп шығады. Олар да осылай тартысады. Ойын жалғаса береді. (Т, К, ҚБ) «Белбеу тастау» Оқушылар дөңгелене шеңбер бойына отырады. Жүргізуші шеңбер сыртында белбеуді қолына ұстап жүгіре басып айналып жүреді де, өзінің көңіліне жаққан ойыншысының артына білдірмей тастауға тырысады (егер ол біліп қойса тастамау керек). Жүргізуші білдірмей тастап кетсе, шеңберді айналып қайтып келіп, белбеуді алады да, артында белбеу жатқан ойыншыны «Орныңды тап» деп белбеумен ұрады. Сөйтіп, шеңберді айналдыра қуалап, қайтып орнына келгенше соғады. Ал ойнаушы белбеуді артына тастап кеткенін біліп қойса, белбеуді ала салып, ойын жүргізушінің өзі босатқан орынға жеткенше қуалайды. Ойын осылай жалғаса береді. Дескриптор : -қауіпсіздік ережесін біледі. - ойын кезінде ережені сақтап ойнайды. -ойында топты жеңіске жетелейді. Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға екі жұлдыз бір тілек арқылы бірін бірі бағалайды. Мұғалім сұрақ қояды: Топтағы қарым-қатынасты сақтай отырып, бір-біріне баға береді. Бұл ойын қандай физикалық қасиеттерді дамытады? Бұл ойындар ынтымақтастық дағдысын дамытуға жәрдемдесе ме және олар қандай дағдыларды жетілдіреді? Мұғалім сабақ мақсаттарына қол жеткізген соң уақыт қалған жағдайда спорт ойындарын ұсынады. (Футбол, волейбол, баскетбол т.б) | Қазақ ойындарына сілтеме: http://igrushka.kz/vip83/kazigr1.php Әрбір әрекет үшін кең, бос кеңістік, ысқырық, секундомер, бор. Қазақ ойындарына сілтеме: | ||||
Сабақтың соңы 35-40 | VI. Рефлексия: Мұғалім оқушыларға «Жетістік сатысы» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді. Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады. Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары. Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды). Мұғалім үй жұмысын береді: - пән терминологиясын жаттау; - таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу. | Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін. Мұғалімге ысқырық | ||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
|
|
| ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?