Қозғалмалы ойындар. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 18 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық №18

Сабақ тақырыбы: Қозғалмалы ойындар

Оқу мақсаты:

8.2.3.1 қолайлы оқып-үйрену ортасын қалыптастыру бойынша біріккен, әрі тиімді жұмыс дағдыларын қолдану және көрсете білу;

8.3.5.1 басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды көрсете білу

Оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.

Күтілетін нәтижелер:

-Оқушылар қазақ тұрмысының тарихы туралы, салт-дәстүрлер туралы, қазақ халқының бос уақытты қалай өткізгені туралы білім алады.

-Туған өлкеге деген сүйіспеншілікке баулуға арналған, қозғалыс дағдыларын және ойындардағы комбинацияларды жетілдіреді.

-Ойындардағы тактикалар мен стратегияларды құрастырады және әзірлейді.

-Ойын қызметін, сыни ойлауды пысықтайды, қазақ ұлттық ойындарының негізінде әр түрлі ойындар ойлап шығарады.

Жаттығулар алдында сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салыңыз.

ЖДЖ орындайды.(жүру, жүгіру, бір орында орындалатын жаттығулар т.б)

«Бұрыш» ойыны

Ойынның мақсаты: айналаны тез бағдарлап, өзіне керекті қимыл-қозғалыс жасау үшін уақытты нақтылы анықтауға үйрету. 

Ойыншылар өз қалауларымен бес-бестен бөлінеді. Әр бестік өздеріне ойын алаңынан немесе залдың ішінен төрт бұрышты сызып немесе белгілеп алады да, төртеуі сол бұрыштарға тез тұра қалады. Бұрышсыз қалған ойыншы ойын жүргізуші болып ортада тұрады. Бұрыштағылар өзара келісіп, орындарын ауыстырып отырады. Сол кезде ойын жүргізуші бос қалған бұрышқа тұрып алуға тырысады. Егер ол бұрышты алып қойса, бұрышсыз қалған бала ойынды әрі қарай жалғастырады. Ойын осылай жалғаса береді. 

Ойынның ережесі. 

1. Ойын жүргізуші бір баланың қасында 3-5 секундтан артық тұрмайды. 

2. Ойыннан шығып кеткен балға қайта келуге болмайды. 

3. Жүгіріп бара жатқан баланы қолмен ұстауға болмайды. 

Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?

«Таяқша» ойыны 

Ойынның мақсаты: қолындағы таяқшадан еңкейіп тез аттауға үйрету. Керекті құралдар: төрт гимнастикалық таяқша,ысқырық. 

Санау арқылы ойыншылар төрт командаға бөлінеді. Командалар аралары 3-4 метр қашықтықта бір-бір тізбек болып тұрады. Тізбектегі ойыншылардың аралары 1 метр. Әр командада бірінші тұрған ойыншы қолындағы таяқшаның екі шетінен ұстап, денесін сәл алға еңкейтіп тұрады. Ойынның басталуына белгі берілген кезде олар екі аяғымен кезек және тез таяқшадан аттап өтіп, таяқшаны келесі ойыншыға береді. Ол келесі балаға береді, ойын осылай тізбектегі барлық ойыншылар таяқшадан аттап өткенше жалғасады. Қай команда ойыншылары бұрын аттап бітсе, солар жеңіске жетеді. Ойын осылай 3-4 рет қайталанып, ойынның жалпы қорытындысы шығады. 

Ойынның ережесі. 

1. Ойыншылардың ара қашықтықтары бір метрден кем болмауы керек. 

2. Таяқты екі қолмен ұстайды. 

3. Таяқты артында тұрған балаға тек басынан асырып беру керек. 

4. Ең соңғы бала таяқтан өте сала жүгіріп келіп, тізбектің алдына тұрып, қолын көтергенде ойын бітті деп саналады. 

Топтағы қарым-қатынасты сақтай отырып, бір-біріне баға береді. Бұл ойын қандай физикалық қасиеттерді дамытады?

Бұл ойындар ынтымақтастық дағдысын дамытуға жәрдемдесе ме және олар қандай дағдыларды жетілдіреді?

Мұғалім сабақ мақсаттарына қол жеткізген соң уақыт қалған жағдайда спорт ойындарын ұсыныңыз.

Оқушыларға «Жетістік сатысы» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді.

Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтыртыңыз.

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.

Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды).



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу