Қозғалмалы ойындар. Дене шынықтыру, 8 сынып, презентация. 18 сабақ.
Сабақ тақырыбы
Қозғалмалы ойындар
Оқу мақсаты
8.2.3.1 қолайлы оқып-үйрену ортасын қалыптастыру бойынша біріккен, әрі тиімді жұмыс дағдыларын қолдану және көрсете білу;
8.3.5.1 басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды көрсете білу
Бағалау критериі
Қозғалмалы ойындар арқылы қолайлы оқып-үйрену ортасын қалыптастыра алады;
Қозғалмалы ойындар кезінде дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды көрсете алады;
Дайындық ойыны
«Бұрыш» ойыны
Ойынның мақсаты: айналаны тез бағдарлап, өзіне керекті қимыл-қозғалыс жасау үшін уақытты нақтылы анықтауға үйрету.
Ойыншылар өз қалауларымен бес-бестен бөлінеді. Әр бестік өздеріне ойын алаңынан немесе залдың ішінен төрт бұрышты сызып немесе белгілеп алады да, төртеуі сол бұрыштарға тез тұра қалады. Бұрышсыз қалған ойыншы ойын жүргізуші болып ортада тұрады. Бұрыштағылар өзара келісіп, орындарын ауыстырып отырады. Сол кезде ойын жүргізуші бос қалған бұрышқа тұрып алуға тырысады. Егер ол бұрышты алып қойса, бұрышсыз қалған бала ойынды әрі қарай жалғастырады. Ойын осылай жалғаса береді.
Ойынның ережесі.
1. Ойын жүргізуші бір баланың қасында 3-5 секундтан артық тұрмайды.
2. Ойыннан шығып кеткен балға қайта келуге болмайды.
3. Жүгіріп бара жатқан баланы қолмен ұстауға болмайды.
Дайындық ойыны
«Көрсет».
Жүргізуші: Екі қатардың балалары қарама-қарсы тұрғызылады.Бірінші топтағылар қолыңызды иығыңызға апарып, сұқ саусағыңызды жоғары көтеріңіз. Белгіні естіген соң, қолыңызды алға созып қарсы топтағы біреуді көрсетіңіз. «Рахмет» деген сөзден кейін ғана, қолыңызды алғашқы қалпына келтіресіз ( 4 рет қайталанады). Бір адамды көрсеткен қолдар саны көп болса, сол топ мадақталады.
«Тартыс — ұлттық ойын
«Таяқша» ойыны
Ойынның мақсаты: қолындағы таяқшадан еңкейіп тез аттауға үйрету.
Керекті құралдар: төрт гимнастикалық таяқша,ысқырық.Санау арқылы ойыншылар төрт командаға бөлінеді. Командалар аралары 3-4 метр қашықтықта бір-бір тізбек болып тұрады. Тізбектегі ойыншылардың аралары 1 метр. Әр командада бірінші тұрған ойыншы қолындағы таяқшаның екі шетінен ұстап, денесін сәл алға еңкейтіп тұрады.
Ойынның басталуына белгі берілген кезде олар екі аяғымен кезек және тез таяқшадан аттап өтіп, таяқшаны келесі ойыншыға береді. Ол келесі балаға береді, ойын осылай тізбектегі барлық ойыншылар таяқшадан аттап өткенше жалғасады. Қай команда ойыншылары бұрын аттап бітсе, солар жеңіске жетеді. Ойын осылай 3-4 рет қайталанып, ойынның жалпы қорытындысы шығады.Ойынның ережесі.
1. Ойыншылардың ара қашықтықтары бір метрден кем болмауы керек.
2. Таяқты екі қолмен ұстайды.
3. Таяқты артында тұрған балаға тек басынан асырып беру керек.
4. Ең соңғы бала таяқтан өте сала жүгіріп келіп, тізбектің алдына тұрып, қолын көтергенде ойын бітті деп саналады.
Дескриптор
қауіпсіздік ережесін біледі.
- ойын кезінде көшбасшылық дағдыларды дамытады.
-ойында топты жеңіске жетелейді.
Қазақ ойындарына сілтеме: https://www.zharar.com/kz/national/602-oiyn.html
Қорытынды
Мұғалім оқушыларға «Жетістік сатысы» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді.
Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?