Қозғалмалы ойындар. Дене шынықтыру, 8 сынып, дидактикалық материал. 15 сабақ.
Дидактикалық материалдар №15
Қазақ ойындарына сілтеме:http://igrushka.kz/vip83/kazigr1.php
«Тек бір минут» стратегиясы
Белсенді қабылдаудың мақсаты: пән бойынша алдын ала білімді тексеру; материалды қорытады
Қабылдау сипаттамасы: қабылдау сабақтың әр түрлі кезеңдерінде қолданылуы мүмкін.
Бұл стратегияның мәні студенттердің бір минут ішінде
мұғалім тағайындаған тақырып бойынша сөйлеңіз.
Үш М» стратегиясы.
Оқушылар ойынның дамуында жақсы нәтижеге қол жеткізген үш ұпайға ат салысуда және өздерінің өнімділігін жақсартатын бір әрекетті ұсынуға шақырылады.
КОМАНДАЛАРҒА БӨЛУ
Командаларға бөлу де әртүрлі тәсілдермен жүзеге асады:
1. Жетекші күштері бойынша шамалас командаларды құру қажет етілетін жағдайлада ойнаушыларды өз қарастыруы бойынша командаларға бөледі. Мұндай тәсіл жоғары сыныптарды күрделі қозғалмалы және спорттық ойындарды өткізу кезінде жиі қолданылады. Командаларды құруға ойнаушылар қатыстырылмайды.
2. Командаларға ойнаушыларды бөлудің басқа тәсілі оқышылады бір шеренгаға тұрғызып, бір-екіге саналту, бірінші нөмірлілер-бір команданы, екіншілері-басқасын құрады. Осы тәсілімен бірнеше команда құруға болады.
Осылайша жылдам бөлу уақыт бойынша шектелген сабақ үшін де мақсатты бағыттылы, алайда мұндағы бір кемшілік командалар күштері бойынша шамалас емес.
Командалар капитанын таңдау
Командалар капитандар ролі өте зор: олар тұтасымен барлық команданың және жеке ойыншылардың тәртіптеріне жауап береді. Капитанға командадағы ролдерді бөлуге, ережелер мен тәртіптің сақталуын басқаруға құқық беріледі. Ол жетекшінің тікілей көмекшісі болып табылады.
Капитандарды ойнаушылардың өздері таңдайды немесе оларды жетекші белгілейді. Ойнаушылар капитанды өздері таңдаса ,олар обьективті түрде бірін-бірі бағалауға үйренеді, ал капитан ойнаушылар сенімін саналы қабылдап, өз жауапкершілігін мойындайды. Егер ойнаушылар жеткіліксіз ұйымдастырылған немесе бір-бірін жетік танымаса жетекші капитандарды өзі таңдайды. Кейде тәрбиелік мақсаттарда капитандарды пассивті ойыншылар немесе жеңілқозатын, тұрақсыздар арасынан таңдайды, ал осы арқылы мінез құлықтың қажетті сипаттарын қалыптастырады.
Әдетте алдымен командаларды құрады, содан кейін ғана капитандарды тағайындайды.
Үнемі бірқалыпты қалыптасатын командаларда капитандар қайта-қайта тағайындалады.
КӨМЕКШІЛЕРДІ БӨЛІП КӨРСЕТУ.
Әрбір ойын үшін жетекші ережелердің орындалуын қадағалайтын, ойын нәтижелерін ескеретін, сонымен бірге инвертарларды таратып, орындарына қоятын көмекшілерді таңдайды.
Оқу жылы бойы көмекшілердің ролінде барлық оқушылардың қатысқаны дұрыс, себебі олар-ойынның болашақ ұйымдастырушылары.
Көмекшілер саны ойынды ұйымдастырылу және ереже күрделілігіне,ойнаушылардың санымен алаң, ғимарат көлеміне тәуелді. Көмекшінің тағайындалуы туралы жетекші барлық ойнаушыларға хабарлайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?