Қозғалмалы ойындар. Дене шынықтыру, 8 сынып, дидактикалық материал. 16 сабақ.
Дидактикалық материалдар №16
Ойынның мақсаты: екі – екіден тұрып, бір – бірімен күштерін салыстыруға үйрету.Мазмұны:Ойыншылар санау арқылы екі – екіден бөлініп, ойын алаңында шашырап тұрады.Мұғалімнің берген белгісінен кейін, олар бір – біріне теріс қарап тұрып, қарсыласын арқасына көтеріп алуға тырысады. Кімде – кім бірінші қарсыласын көтеріп алса, сол қарсыласын арқасында ұстап тұрып, сұрақ сұрай бастайды:«Аты – жөнің кім?», «Не көрдің, не білдің?», «Қандай кітап оқыдың?», «Қандай тақпақ білесің?», «Менің жұмбағымды шеше аласың ба?» деген сияқты бірнеше сұрақ беріп, оларға жауап алуы қажет. Жауап алған соң барып ол арқасындағы баланы жерге түсіреді.Екінші жолы күш сынаспай – ақ кезекті екінші ойыншыға береді. Ол да бірінші ойыншы сияқты сұрақтарына тез, дұрыс жауап алуға тырысады.
Ойын мұғалімнің қалауы бойынша тоқтатылады. Ойынның соңында мұғалім қарсыласын көпке дейін шаршамай арқасында ұстаған, көп сұрақ қойған «күштілерді» ерекше атап өтеді.Ойынның ережесі:
1. Күштері бір – бірімен теңдес балалар өзара жұп құрады.
2. Арқаға көтеру әдісі барлық ойыншы үшін бірдей болуға тиіс
3. Арқадағы бала аяғын жоғары көтермеуі керек
4. Сұрақ, жауапты әр жұп өздері ойларынан шығарады.
Ойынды құрастыру ережелері:
Суретке қарап тапсырма түрін анықта ?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?