Жарыс ойынын ұйымдастыру. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 22 сабақ.
Әдістемелік нұсқаулық №22 сабақ
Сабақ тақырыбы: Жарыс ойынын ұйымдастыру
Оқу мақсаттары:8.1.5.1 кең ауқымдағы дене жаттығуларының тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын анықтау және бағалай білу;
Бағалау критериі -кең ауқымдағы қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың орындалу реттілігін түсідіреді және көрсете біледі.
Сыныпты үш топқа бөліңіз. Әр топты 1, 5, 6 ойын аймақтарына бір лекке түзіңіз. Бастаушыны сайлаңыз. Бастаушы 4 ойын аймағында тордың үстінен тұғырға мініп допты шабуылдау соққысымен 1, 5, 6 ойын аймақтарына бағыттайды. Оқушылар кезекпен ойын аймақтарына шығып допты қабылдайды
Бірінші тапсырма бойынша орындалу техникасына көңіл бөліңіз. Ойыншылар шатаспас үшін мұғалім допты аймақтарға дәлдеп лақтыруы керек.
Допты қабылдау техникасын қадағалаңыз.
Сұраңыз:
- Тапсырманы орындау барысында сізде қандай идеялар пайда болды?
- Ойынның тактикасы дегеніміз не?
Жарыс ережесін құруды көрсетіңіз..
Мысалы:
1.мақсаты мен міндеттері----
2. өтетін орны мен уақыты---
3. жарыстың өтуіне басшылық жасау---
4. қатысушыларға қойылатын талаптар мен жіберілу шарттары--
5. қатысуға тапсырыс беру---
6. жарыс бағдарламасы ---
7. жарысқа қатысу---
8. жеңімпаздарды анықтау----
9. жеңімпаздарды марапаттау---
10. ұйымдастыру комитеті--
Оқушыларды екі топқа бөліп ықшамдалған екі жақты ойын ойнатыңыз. Ойын барысында допты қабылдау, беру ,соғу әдістеріне көңіл бөліңіз. Керек болған жағдайда ойынды тоқтатып нұсқаулық беріңіз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?