Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Ойын арқылы мәселелерді шешу дағдылары Мектеп: | Күні: Сынып: 8 Мұғалімнің аты-жөні: |
Сабақ тақырыбы: Жарыс ойынын ұйымдастыру |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.1.5.1 кең ауқымдағы дене жаттығуларының тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын анықтау және бағалай білу; |
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар келесіге қабілетті: - дене жаттығуларының тактикалық идеяларын анықтайды. - Оқушылар көпшілігі келесіге қабілетті: - дене жаттығуларының тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын анықтау және бағалай біледі. |
Бағалау критериі | -кең ауқымдағы қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың орындалу реттілігін түсідіреді және көрсете біледі. |
Тілдік мақсаттар Спорттық ойындардағы қажетті қозғалыс дағдыларын көрсетеді және талқылайды | Пәнге тән лексика мен терминология: - Қауіпсіздік ережесі
- Допты қабылдау, жалғау, ойынға қосу
- Команда, көшбасшы, өзара көмек
- Командалық жұмыс, шабуыл соққысы
- Балама шешім, тактика, стратегия
- Қозғалыс дағдылары, дене қасиеттері
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Талқылау үшін сұрақтар - Ойыншыларға әркез өздерінің әрекеттерін жоспарлау қажет пе?
- «Ойындағы ауыспалы мән-жайлар» - сіз бұны қалай түсінесіз?
|
Құндылықтарды дарыту | (Өмір бойы үздіксіз білім алу) Оқуға деген сүйіспеншілікті білуге құмарлық, шығамашылық пен оқылатын материалға сыни қарау, қарым-қатынас пен мінезді, денені және ақыл-ойды үздіксіз дамыту арқылы бойға сіңіру. Оқушылардың өз бетімен оқуға болысатын дағдылары мен қабілеттерін дамытуды қамтиды. (Ынтымақтастық) Жылы қарым-қатынасты орнату, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру мен құрылымдық ұстанымды дамыту, қарым-қатынас орнату кезіндегі сыни ойлау қабілеті. (Академиялық шындық) Басқа адамдардың ойлары мен идеяларын құрметтеу, академиялық шындықтың ұстанымдарын сақтау, плагиатқа және ақпараттың көзін көрсетпеуге төзбеушілік. |
Пәнаралық байланыстар | Физика пәнімен байланыстыру. |
АКТ қолдану дағдылары | Ойын арқылы денсаулықты шыңдау жаттығуларын біледі.. |
Бастапқы білім | Қозғалмалы ойындар |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы 0-7 7-8 | - Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі
Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз». Мұғалім Сіздер үшін қозғалмалы ойындар арқылы денсаулықты шыңдау нені білдіреді деп сұрақ қояды. Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады. II. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады. (П) «Психологиялық бой» Барлық қатысушылардың көзін байлап, бойлары қысқадан ұзынға қарай орналасу тапсырылады. Сөйлесуге тыйым салынады. Кім өзінің бойының шамасын дұрыс бағамдады? Кім бойын ұзын, қысқа деп ойлап орнын таба алмады? Анықталады. Оқушылар бір-бірін бағалайды Оқушылар тамырдың ырғағын санайды. Мұғалім дененің құрлысын жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды. Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «Көңіл-күй ағашы» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады. Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз? | Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін. Мұғалімге ысқырық |
Сабақтың ортасы 10-20 20-30 | Б, Ж, ҚБ) Сыныпты үш топқа бөлу. Әр топ 1, 5, 6 ойын аймақтарына бір лекке түзеледі. Мұғалім 4 ойын аймағында тордың үстінен тұғырға мініп допты шабуылдау соққысымен 1, 5, 6 ойын аймақтарына бағыттайды. Оқушылар кезекпен ойын аймақтарына шығып допты қабылдайды. Оқушылар тордың үстінен соғылған доптарды астынан және үстінен қабылдау дағдыларын көрсетулері керек. Допты көп рет қабылдаған топ жеңіске жетеді. (Ж, ЖЖ, ҚБ) Сыныпты бір алаңда үш ойыншы ал екінші алаңда екі ойыншы болатындай етіп топтарға бөлу қажет. Екі ойыншы алаң жанындағы шабуылдау сызығы бойына орналасудан бір-біріне допты жалғауды орындай отырып, қарсы алаңның шабуылдау сызығына торға қарсы орналасқан екі (үш) ойыншыны бақылайды. Мұғалімнің белгісінен кейін үш ойыншының біреуі торға жүгіреді, ал допқа иелік етуші жұптың біреуі тезарада допты «бос орынға» (торға жүгірген ойыншы орны) бағыттауы керек. Бос орынға көп рет доп түсірген жұп жеңіске жетеді. Дескриптор : -ойында қауіпсіздік ережесін сақтайды - допты қағып алады -допты қағып ұру әрекетін орындайды. Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға өзара бағалау жүргізуді ұсынады. Мұғалім сұрақ қояды: - Осы тапсырма қандай дене қасиеттерді дамытады? Мұғалім, оқушыларды дұрыс жолға бағыттайды және қандай да бір қиыншылықтар мен тіл проблемалары туралы ескертулер жазып алады (спорт терминологиясы және т.б.) Мұғалім кейде оқушыларға ынталандырушы сұрақтар қойып, олардың қаншалықты тапсырманы орындаумен айналысып отырғанын тексереді. Қажетті жағдайда мұғалім келіспеушілік жағдайында мәселені дұрыс шешуге талпынады. | Үлкен, бос, ойын кеңістігі, теннис доптары, ысқырық, конустар, фишкалар, өлшеуіш. Волейбол ойынының ережесіне сілтеме: http://www.volley.ru/documents/497/p2/683/ |
Сабақтың соңы 35-40 | VI. Рефлексия: Мұғалім оқушыларға «Жетістік сатысы» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді. Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады. Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары. Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды). Мұғалім үй жұмысын береді: - пән терминологиясын жаттау; - таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу. Оқушылар тамырдың ырғағын санайды. | Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін. Мұғалімге ысқырық |
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
- Композициялық тапсырмалар кезінде нәтижесі, тапсырмасы мен жабдығы бойынша айырмашылық.
- Өз қимылдар сөз қорын тереңдету үшін реттіліктерін құрғанда қабілетті оқушыларға қиындау сұрақтар қойыңыз.
| - Байқау, тыңдау, сұрақ қою.
- Оқушылар қозғалғанда қажет болғанда тоқтап, қауіпсіздік туралы біліп, тапсырмаға қатыса ма?
- Оқушылар иірілу мен бұрылу арасындағы айырмашылықты біле ме?
| - Ғылыммен байланыс – денсаулық пен дене, қауіпсіздік, салмақ/ағын динамикасы
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |