Жарыс ойынын ұйымдастыру. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 23 сабақ.
Әдістемелік нұсқаулық №23 сабақ
Сабақ тақырыбы: Жарыс ойынын ұйымдастыру
Оқу мақсаттары:
8.2.2.1 көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді көрсету және қолдана білу көрсете білу;
жарыс нәтижелерін қамтамасыз ететін арнайы амалдар мен орындайтын тәсілдер: тұрыс және ауыстыру, беру, беруден допты алу, шабуыл ұрыс үшін беру, шабуыл ұрыстар мен жалған әрекеттер, блоктау, алаңның түбнде шабуыл ұрыстар мен жалған әрекеттерден допты алу, шабуыл ойыншыларын және қорғаныста серіктестерді сақтандыру.
Негізгі техникалық амалдарды ерекшелейді: беру, әрі қарай беру, шабуыл ұрыс, беруден допты қабылдау, болктау, және әртүрлі ойын жағдайларында негізгі амалдардың орындауын қамтамасыз ететін немесе олардың құрамдас бөлігі болып табылатын (секіруде, құлауда, төмен немесе жоғары тұруда, әрі қарай беру, секіруде беру, жүгіру ұмтылысынан секірудегі шабуыл ұрыс) қосымша (ауыстыру, тұрыс, секірулер, құлау).
Мұғалім жұмыс барысын бақылайды және бұрын игерілген дағдыларды бекіту үшін ұсыныстар береді.
Оқушылардың назарын тез шешім қабылдай білуге аударту қажет.
Сұраңыз:
- Волейболшыға қандай дағдылар қажет?
- «Ойындағы ауыспалы мән-жайлар» - сіз бұны қалай түсінесіз?
- Допты тордан қабылдауда қиындық неде болды?
Ойын алдында төмендегі жаттығуларды орындауды сұраңыз.
Дене шынықтыру сабағында волейбол тәсілдерін меңгеру мақсатында орындалатын арнайы жаттығулар
1.Алаңда орын ауыстыра білу
Алғашқыда асықпай орынды ауыстыра білуге дағдылану. Мұғалімнің ысқырығы арқылы бір мезгілде алаңда орынды тез ауыстыра білуіне көңіл бөлу.
2.Волейболшының тұрысын қайталау.
Допты солдан, оңнан, алдан, арттан қабылдау, алға, артқа, оңға, солға жүру. Волейболшының тұрысымен допты астынан қабылдау кезіндегі қолдың және аяқтың қалпы. Допты солдан, оңнан, ортадан арттан қабылдау, алға, артқа, оңға, солға жүру.
3. Допты астынан беру.
Допты солдан, оңнан солдан, оңнан , арттан, ортадан қабылдау, алға, артқа, оңға, солға жүру.
1. Бір орында доппен жаттығу: допты астынан қабылдауға арналған жаттығу: допты жоғары лақтыру, оны қабылдау.
Допты жоғары лақтырып, оңға – солға бұрылып астынан қабылдау.
Допты астынан қабылдауда алға артқа секіру.
Допты алға жоғары лақтырып, биіктен беру.
Допты жоғары лақтырып, оңға-солға бұрылып, биіктен беру.
4. Доппен жүру жаттығулары:
Шеңбер бойы жүріп, допты жоғары лақтырып, оны астынан қабылдау.
Допты жоғары лақтыру, оны оңға-солға бұрылып, астынан қабылдау.
Оңға – солға секіру.
Шеңбер бойы жүруде допты жоғары лақтырып, биікке беру.
Шеңбер бойы жүруде допты жоғары лақтырып, оңға-солға бұрылып, биікке беру.
Допты беруде оңға-солға секіру.
Допты жоғары және төменнен екі қолмен қабылдауды меңгерту.
1. Оқушылар бір-біріне бетпе-бет қарап арақашықтық 6-7 м, допты жоғары лақтырып, қайтадан қабылдап, ары қарай қарсыласына көтеріп беру.2. Бір оқушы допты жоғары көтеріп, қарама-қарсы құрбысына береді. Құрбысы допты қолын көтеріп қабылдап, қайта береді. Арақашықтық 7-8м. Допты қарсыласының қолына дәл беру керек.3. Оқушы допты еденге ұрып құрбысына береді, құрбысы допты жоғарыдан қабылдап, ұстап қайта береді.Допты төменнен қабылдауды меңгерту4. Ойыншының екі қолмен төменнен допты қабылдау тұрысын үйрету. Қол түзу тізені бүге сол немесе оң аяқты жарты қадам алға.5. Бір оқушы құрбысының қолына береді, ол допты төменнен екі қолмен қабылдап, қайта береді.Допты дұрыс қабылдауын қадағалау.6. Арақашықтық 8-10 м. оқушылар қарама-қарсы тұрып, бірінші номерлі оқушылар допты жоғарыдан қабылдап, екінші номерлі оқушылар допты төменнен қабылдау.
Допты төменнен қабылдауды меңгерту
Ойыншының екі қолмен төменнен допты қабылдау тұрысын үйрету.
Бір оқушы құрбысының қолына береді, ол допты төменнен екі қолмен қабылдап, қайта береді.
Арақашықтық 8-10 м. оқушылар қарама-қарсы тұрып, бірінші номерлі оқушылар допты жоғарыдан қабылдап, екінші номерлі оқушылар допты төменнен қабылдау.
Волейбол ойынына қатысты арнайы жаттығулар жасату.
- Әр оқушыға доп беріп жаттығу жұмыстарын жасату
- Әр екі оқушыға бір доп беріп, өзара доппен ойнауын қадағалап үйрету
- Допты кеудемен зырғанап алу тәсілін үйрету
- Допты бір-біріне жоғардан беру тәсілін үйрету
- Допты бір-біріне төменнен беру тәсілін үйрету
- Допты жанынан беру тәсілін үйрету
- Тордан доп ұру тәсілдерін үйрету
- Торда қарсылас ойыншыға тосқауыл қою тәсілін үйрету
Қорытынды
Әр түрлі қимылдарды түрлі қарқында,бағытта,түрлі жылдамдықпен орындай отырып,адам ағза жүйесінде және ішкі қүрылыстарына жақсы әсер алады.
Адам ойын үрдісі кезінде жоғары эмоциялды жүктеме және үлкен қуанышқа бөлініп,қанағат алады. Дене тәрбиесі жүйесінде волейбол ойынының маңызы зор.
Балалар және үлкендер қажетті дағдыларды имене отырып,өз бетінше үнемі дене шынықтыруды жетілдіруге,ден саулықты сақтауға, көңіл- күйін көтеруге және ұзақ өмір сүруге мүмкіндік бар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?