Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Ойын арқылы мәселелерді шешу дағдылары Мектеп: | Күні: Сынып: 8 Мұғалімнің аты-жөні: |
Сабақ тақырыбы: Жарыс ойынын ұйымдастыру |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.2.2.1 көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді көрсету және қолдана білу көрсете білу; |
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар келесіге қабілетті: - көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді көрсетеді. - Оқушылар көпшілігі келесіге қабілетті: - көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді қолданады |
Бағалау критериі | - көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді көрсету және қолданады көрсетеді ; |
Тілдік мақсаттар Спорттық ойындардағы қажетті қозғалыс дағдыларын көрсетеді және талқылайды | Пәнге тән лексика мен терминология: - Қауіпсіздік ережесі
- Допты қабылдау, жалғау, ойынға қосу
- Команда, көшбасшы, өзара көмек
- Командалық жұмыс, шабуыл соққысы
- Балама шешім, тактика, стратегия
- Қозғалыс дағдылары, дене қасиеттері
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Талқылау үшін сұрақтар - Оң нәтижеге қол жеткізу үшін командалық жұмыс маңызды ма?
|
Құндылықтарды дарыту | (Өмір бойы үздіксіз білім алу) Оқуға деген сүйіспеншілікті білуге құмарлық, шығамашылық пен оқылатын материалға сыни қарау, қарым-қатынас пен мінезді, денені және ақыл-ойды үздіксіз дамыту арқылы бойға сіңіру. Оқушылардың өз бетімен оқуға болысатын дағдылары мен қабілеттерін дамытуды қамтиды. (Ынтымақтастық) Жылы қарым-қатынасты орнату, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру мен құрылымдық ұстанымды дамыту, қарым-қатынас орнату кезіндегі сыни ойлау қабілеті. (Академиялық шындық) Басқа адамдардың ойлары мен идеяларын құрметтеу, академиялық шындықтың ұстанымдарын сақтау, плагиатқа және ақпараттың көзін көрсетпеуге төзбеушілік. |
Пәнаралық байланыстар | Физика пәнімен байланыстыру. |
АКТ қолдану дағдылары | Ойын арқылы денсаулықты шыңдау жаттығуларын біледі.. |
Бастапқы білім | Қозғалмалы ойындар |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы 0-7 7-8 | - Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі
Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз». Мұғалім Оң нәтижеге қол жеткізу үшін командалық жұмыс маңызды ма?. Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады. II. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады. (П) «Орныңды жылдам ауыстыр» жаттығуы Нұсқау: Ойыншылардың ішінен бір жүргізуші таңдалынады. Ол барлық ойыншыларда кездесетін бір затты байқап, команда береді. «Кімнің киімінде қалтасы бар, солар орын ауыстырсын». Сол кезде осы команданың қатысы бар ойыншылар жылдам орындарын ауыстыруы керек, ал олар ауысып жатқанда жүргізуші бос орындыққа отырып қалу керек. Қай қатысушы орынсыз қалса, сол келесі жүргізуші болып ойынды жалғастырады. Оқушылар бір-бірін бағалайды Оқушылар тамырдың ырғағын санайды. Мұғалім дененің құрлысын жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды. Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «Көңіл-күй ағашы» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады. Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз? | Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін. Мұғалімге ысқырық |
Сабақтың ортасы 10-20 20-30 | (Ж, Т, ҚБ) Сынып үш адамнан тұратын шағын топтарға бөлінеді. Ойыншылар үшбұрыш болып орналасады. Ойыншылардың біреуі, орта және жоғары тұрыс қалпында қалған екі ойыншыдан доп қабылдап, кері жалғайды. Серіктестері жалғаған екі доптарды кезекпе-кезек жоғарыдан қабылдап, жалғайды. Белгілі бір уақыттан соң осы әрекеттер қайталанады, бірақ доптар төменнен қабылданып жалғанады. Допты өзара ұшу қалпында ұзақ ұстаған үштік үздік болып есептеледі. (Т, Ж, ҚБ) Сынып үш оқушыдан жасақталған шағын топтарға бөлінеді. Ойыншылар бетімен торға қарап 5, 2, 3 ойын аймақтарына орналасады. 3 аймақтағы ойыншы артқа ығысады, ал 2 аймақтағы ойыншы қапталдағы жарға жақын орналасады. Алаңның екінші жартысында да ойыншылар дәл осылай орналасады. 5 аймақтан доп 3 және 2 аймақтардың ортасына бағытталады, осы кезде 2 аймақтың ойыншысы допты жалғау үшін доптың бағытына қарай орын ауыстырады. 2 аймақтың ойыншысы допты жалғаған соң, 3 аймақтың ойыншысы 2 аймақ ойыншысының артынан айналып, секіру арқылы допты алаңның келесі жартысындағы 5 аймаққа бағыттап лақтырады. Ал, алаңның келесі жартысында да осы әрекет қайталанады. допты жалғаған соң ойыншылар сағаттың жүру бағытымен орындарын ауыстырады. Тапсырманы қайталай алмаған үштік ұтылған болып есептелінеді. Дескриптор : -ойында қауіпсіздік ережесін сақтайды - допты жоғарыдан қабылдай алады. -допты жоғарыдан кері әріптесіне қайтара алады. Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға өзара бағалау жүргізуді ұсынады. Мұғалім сұрақ қояды: - Осы тапсырма қандай дене қасиеттерді дамытады? Допты қабылдауда қандай әдіс тәсілдерді қолдандыңыз? Мұғалім, оқушыларды дұрыс жолға бағыттайды және қандай да бір қиыншылықтар мен тіл проблемалары туралы ескертулер жазып алады (спорт терминологиясы және т.б.) Мұғалім кейде оқушыларға ынталандырушы сұрақтар қойып, олардың қаншалықты тапсырманы орындаумен айналысып отырғанын тексереді. Қажетті жағдайда мұғалім келіспеушілік жағдайында мәселені дұрыс шешуге талпынады. | Үлкен, бос, ойын кеңістігі, теннис доптары, ысқырық, конустар, фишкалар, өлшеуіш. Волейбол ойынының ережесіне сілтеме: http://www.volley.ru/documents/497/p2/683/ |
Сабақтың соңы 35-40 | VI. Рефлексия: Мұғалім оқушыларға «Жетістік сатысы» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді. Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады. Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары. Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды). Мұғалім үй жұмысын береді: - пән терминологиясын жаттау; - таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу. Оқушылар тамырдың ырғағын санайды. | Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін. Мұғалімге ысқырық |
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
- Композициялық тапсырмалар кезінде нәтижесі, тапсырмасы мен жабдығы бойынша айырмашылық.
- Өз қимылдар сөз қорын тереңдету үшін реттіліктерін құрғанда қабілетті оқушыларға қиындау сұрақтар қойыңыз.
| - Байқау, тыңдау, сұрақ қою.
- Оқушылар қозғалғанда қажет болғанда тоқтап, қауіпсіздік туралы біліп, тапсырмаға қатыса ма?
- Оқушылар иірілу мен бұрылу арасындағы айырмашылықты біле ме?
| - Ғылыммен байланыс – денсаулық пен дене, қауіпсіздік, салмақ/ағын динамикасы
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |