Жарыс ойынын ұйымдастыру. Дене шынықтыру, 8 сынып, дидактикалық материал. 24 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық №24 сабақ

Сабақ тақырыбы: Жарыс ойынын ұйымдастыру

Оқу мақсаттары:8.2.1.1 өзгермелі жағдайға жауап қайтара білу қимыл-әрекеттерімен байланысты білімді көрсету.

Оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.

Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салыңыз.

«Мимикалық ситуация» жаттығуы

Қатысушылар үш топқа бөлінгеннен кейін олардың топ басшылары ортаға шығып карточканы таңдайды. Онда «Денсаулық», «спорт», «Қызығушылық», тақырыптар берілген. Әр топ өз тақырыптарына байланысты мимика, панто-мимикалық ситуация құрайды. Қалған екі команда олардың басты тақырыбын табады.

Бірінші тапсырма бойынша оқушыларға бұрын игерілген дағдыларды бекіту үшін ұсыныстар беріңіз. Допты баскетбол қалқанынан қабылдау кезінде келесідей әрекеттерге назар аудару қажет:

Допты қабылдау кезінде қолдар түзу болуы керек, иықтарға артқа жазылады, доп астына «терең» отырулар тән. Бұл жағдайда қабылдаулар жабық қолдардың тыл жағымен жүзеге асырылады (үлкен саусақтар жағымен).

Сұраңыз:

- Сіз бүгін бұрын қалыптасқан дағдыларыңызды жүзеге асыра алдыңыз ба?

- Ойыншы қандай қозғалыс дағдыларына иелік етуі керек?

- Волейболда қандай қаозғалыс дағдылары негізгі болып саналады?

Оқушыларға волейбол ойын ережесін қайталап екі жақты ойын ұйымдастырыңыз.

Доппен жаттығулар жасау

Допты екі қолмен төменнен жоғары лақтыруды немесе бір жақ бүйірге жоғары орын ауыстыру арқылы төмен түсіп келе жатқан допқа жақындап барып, допты жоғарыдан беруді орындайды.

Қабырғаға жақын тұрып, қабырғаға бағыттап, 3-4 метрден допты жоғары беруді орындайды.

Әртүрлі жағдайда допты жоғары лақтырады, ойыншы допты төменнен қабылдайды. Екі қол алда алақандар біріктірліп ұсталады.

Ойыншы допты еденге соғады, доп еденнен көтерілгеннен кейін жүгіріп жетіп төменнен беруді орындайды. Қарама-қарсы тұрып І топ оқушылары допты төменнен қабылдап, ІІ топ оқу-шылары допты жоғарыдан қабылдайды.

Екі қолды бір-біріне біріктіріп ұстап,сәл еңкейе тізені бүгіп,әріптесіне беру.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу