Жарыс ойынын ұйымдастыру. Дене шынықтыру, 8 сынып, презентация. 24 сабақ.
Жарыс ойынын ұйымдастыру
Оқу мақсаты:
өзгермелі жағдайға жауап қайтара білу қимыл-әрекеттерімен байланысты білімді көрсету
Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.
(П) «Мимикалық ситуация» жаттығуы
Қатысушылар үш топқа бөлінгеннен кейін олардың топ басшылары ортаға шығып карточканы таңдайды. Онда «Махаббат», «Бұзықтық», «Қызығушылық», тақырыптар берілген. Әр топ өз тақырыптарына байланысты мимика, панто-мимикалық ситуация құрайды. Қалған екі команда олардың басты тақырыбын табады.
Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?
ОЙЫН ТАКТИКАСЫ
Тапсырма-1
Сынып екі топқа бөлінеді де, волейбол торын жағалай лекке түзеледі. Ойыншылар шабуылдау сызығының артынан бетімен торға қарай бір лекке орын ауыстырады. Бір ойыншы доппен шабуылдау аймағында, торға жақын орналасады (ойын бастаушы). Ойын бастаушы допты лақтырып жібереді де, доп тордың астына түсу үшін жалғау арқылы торға қарай бағыттайды. Ал лекте тұрған бірінші ойыншы жүгіріп шығып допты астынан қабылдап алуы керек. Қабылданған доп шабуылдау аймағына келіп түсуі қажет. Тордан допты көбірек қабылдай алған ойыншы «үздік ойыншы» болып саналады.
Тапсырма 2
Сынып екі командаға бөлінеді. Ойыншылар баскетбол алаңындағы айып алаңы сызығына, беттерімен себетке қарай бір лекке түзеледі. Лектердің біреуіндегі бірінші тұрған ойыншы допты айып алаңы сызығынан себетке лақтырады. Осы кезде екінші лектің бірінші ойыншысы айып алаңына шығып, еден ыршып жоғары көтерілген допты қабылдап алып себепке тастауға тырысады. Тапсырманы оқушылардың келесі жұбы қайталайды. Командалар тапсырмаларын орындап болған соң, оларды рөлдерімен алмастыру қажет. Себетке көп рет доп тастай алған команда жеңімапаз болып есептеледі.
Ойын кезіндегі тактиканы қолдану
Қорытынды
Дескриптор :
ойында қауіпсіздік ережесін сақтайды
- допты себетке лақтыра алады.
-себеттен қайтқан допты қайта секіріп қағып алып себетке лақтырады.
Рефлексия: Мұғалім оқушыларға «Жетістік сатысы» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді.
Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?