Ойын барысында сенімділікті бекіту. Дене шынықтыру, 10 сынып, сабақ жоспары.


Дене шынықтыру пәні бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары №

2-бөлім: Командалық ойындардағы қозғалыс дағдылары

Мектеп:

Күні:

Мұғалім:

Класс: 10

Қатысатындар саны:

Сабақта жоқ:

Сабақтың тақырыбы:

Ойын барысында сенімділікті бекіту

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.1.5.5. Қабілеттерін жоғарылату, сенімділікті арттыру мақсатында тактикалар, стратегиялар мен құрылымдық идеялармен тәжірибе жүргізу.

 Сабақ мақсаттары:

Тактикалар мен стратегиялар тәсілдері

 Бағалау критерийлері

- командада жұмыс жасай алады;

- волейбол ойынында қорғаныс пен шабуылда тактикалық әрекеттерді ойлап таба алады;

- өз-өзіне сенімін арттырады, өз қабілеттерін тактика және стратегиялармен тәжірибе жүргізу арқылы дамытады.

Тілдік мақсат

Пән лексикасы және терминология:

  • қабылдау, беріс
  • соққы, дәлдік, пас, затты біреуге беру
  • шабуыл, қорғаныс
  • тактика, техника, стратегия, шешім
  • қауіпсіздік, ойын ережесі
  • қорғаушы, шабуылшы, ойыншы, шабуылдаушы, дәнекер
  • ойын комбинациясы

Құндылықтар

Жеке жауапкершілік, көшбасшылық қабілет, бір-біріне көмек көрсету қабілеттерін дамыту.

Пәнарлық байланыс

Дене және денсаулық ғылымдарымен байланыс, қауіпсіздік, салмақ/ағым динамикасы. Информатика (интернеттен ақпарат іздеу), математика (кеңістік, бағыт және бұрыш), биология (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физика (жылдамдық, салмақ, энергия), психология (шағын топтарда жұмыс жасау) пәндерімен байланыс.

  АКТ- ны қолдану

Ғаламтордан ақпарат табу үшін ноутбуктерді пайдалану, сабақты видео құралдарға жазып алу.

Бастапқы білім

Оқушылар спорттық ойындардың, эстафетаның спецификалық түсініктерін біледі, алдыңғы сыныптарда үйренген дағдыларын игерген болады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Құралдар

Сабақтың басы

  1 мин

1 мин

4 мин

4 мин

Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі.

Әрі қарай сыныппен «Миға шабуыл» әдісі арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды:

- Сенім деген не?

- ойын барысында сенім қалай көрініс табады?

- ойын барысында бір-біріне деген сенімді қалайша нығайтуға болады?

Тақырып: «Ойын барысында сенімділікті бекіту».

Мұғалім оқушылардың сабақ мақсатын өздеріне құрастыруды тапсырады, содан кейін дайын мақсаттармен салыстыртқызады.

(С, Ж) Мұғалім жүгіру жаттығуларын денені қыздыру үшін жасатқызады. Одан кейін сынып ішінен қабілетті балағы дене бұлшықеттерін созу мақсатында аттығу жұмысын жасатқыздырады.

Кең бос кеңістік, теннистік доп, алашалар

Сабақтың ортасы

5 мин

2 мин

3 мин

3 мин

10 мин

1 мин

1 мин

(С, ЖЖ) Сынып жұптарға бөлінеді. Доппен жұмыс:

- лақтыру жаттығулары;

- жоғарғы қабылдауды шыңдау;

- төменгі қабылдауды шыңдау.

Мұғалім ойын барысында әр оқушыға кері байланыс беріп, бағалап отырады.

Сұрақ: Волейбол ойынында қандай тактикалық әрекеттер білесіздер?

(С, Т) Сынып топтарға бөлінеді. Мұғалім әр топқа шабуылдың комбинациясын ойлап табуды тапсырады.

(С, Т, Ф) Әр топ өздерінің комбинацияларын таныстырады.

Топтар өзара бірін-бірі бағалайды.

Мұғалім кері байланыс береді.

(С, Т, Ф) Оқушылар сол топтарында қалады. Мұғалім алдағы (волейбол) ойынның стратегиялары мен тактикаларын талқылауды тапсырады.

Оқу-жаттығу ойыны..

Тапсырма:Командаларға дайындалған комбинациялармен тәжірибе жұмыстарын өткізу, ойында қолдану тапсырылады.

Ойыннан кейін әр команда өз ойынына баға береді. (Нені орйындай алдық? Не қиын болды? Нені дұрыстау керек?).

Сұрақ: Ойын барысында қандай қиындықтар туындада? Өз командаларындағы ойыншыларға деген сенімділіктерінді сезіндіңдер ме?

Ресурсқа сілтеме: http://bmsi.ru/doc/2e76bd3d-a8f0-470a-955a-8b0133682534

ысқырық, ноутбуктер, волейбол доптары, тор

Сабақтың соңы

5 минут

Сабақтың соңында оқушылар рефлексия өткізеді:

  • нені білдім, неге үйрендім
  • не түсініксіз болып қалды
  • тағы немен жұмыс істеу қажет

Стикерлер, маркерлер, қаламдар.

Дифференциалды оқыту: - көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? -кабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау: – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс: - денсаулық және қауіпсіздік ережелері. - АКТ. - құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Сабақ бойынша рефлексия

  • Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асатындай болды ма?
  • Барлық оқушылар ОМ жете алды ма?
  • Егер жете алмаса, неліктен жете алмады?
  • Сабақта саралап оқыту дұрыс жасалды ма?
  • Сабақта уақыт кезеңдері бұзылған жоқ па( уақыт жоспарын орындадым ба)?
  • Жоспарға қандай өзгерістер және неге енгіздім?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Белгілер:

Б = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс Ж = жеке жұмыс

Тәж = оқушы тәжірибесі К = оқытушы көрсетеді Ф = формативтік бағалауды қолдайды



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу