Еркін ритмикалық гимнастика жаттығулары. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 10 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық № 10

Ырғақты гимнастикаға сілтеме: http://www.wday.ru/krasotadorovie/sok/ritmicheskaya-gimnastika-dvijeniya-v-takt-m uzyike/

Сабақ тақырыбы: Еркін ритмикалық гимнастика жаттығулары

Оқу мақсаты: 8.2.2.1 көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді көрсету және қолдана білу;

8.3.5.1 басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды көрсете білу

Оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.

Күтілетін нәтижелер

- гимнастика жаттығуларымен айналысу кезіндегі қауіпсіздік техникасын біледі.

- гимнастикалық жабдықтарды қолдану мен қозғалыс әрекеттерін орындаудағы қиындықтар мен тәуекелдерді түсінеді.

-қарапайым қозғалыстар реттілігін орындай алады.

-гимнастикалық жаттығулар реттілігін орындайды. Мұғалім Сіздер үшін денені қыздыру және қалпына келтіру нені білдіреді деп сұрақ қояды

Сабақта тапсырма алдында қауіпсіздік ережесін еске салыңыз.

ЖДЖ орындайды.(жүру, жүгіру, бір орында орындалатын жаттығулар)

«ОРЫНДАРҒА ТЕЗ»

Дайындық. Барлық ойыншылар бір немесе екі бағандарға бір-бірден сапқа тұрады жәнеқолдарын алға созады, алдында тұрғандардың иығын қолының ұшымен сәл түртеді.

Бейнелеу Оқытушы белгісі бойынша: «Қашыңдар!» дегенде барлық ойыншылар жан-жаққа қашады. Екінші бұйрықта: «Орындарына тез!»

Барлығы алдыңғы негізгі жағдайға қайта тұрып, алда тұрғанның иығына қолдарын қоюы керек. Кім соңғы орын алса, сол ұтылады. Егер екі бағана ойнаса, онда ертерек реттеліп тұрған топ ұтады.

Реттелу құрылысы әр түрлі бола алады: екі сап беттерімен қарама-қарсы, екі шеңбер, серіктердің иықтарына қолдарын қою.

Ереже.1. Тек қана анықталған белгімен ғана ойынды бастау.

2. Тек қана басқарушының командасымен жүгіру.

3. Бағанаға жылдам реттелу керек, бірақ әңгімесіз және шусыз.

Тапсырма 1

Оқушылар жұпта ырғақты гимнастика кешенін орындайды:

а) басты қозғалту: қарапайым және иекті көтеріп әрі түсіріп жан-жаққа бұру, алға және артқа еңкею, айналмалы қозғалыстар;

ә) қолды қозғалту: айқас, айналмалы, көтеру және түсіну, білезіктің, тоқпан жіліктің, иықтың әр түрлі қозғалыстарын үйлестірумен бір уақытта және кезек-кезек;

б) денені қозғалту: еңкіштену және жапсырылу, еңкеюлер және бұрылулар, тербелулер, толқындар, бүгілу және жазылу – омыртқа бағанының, ияқ белдеуінің және жамбас-ұршық аймаағының белгілі бір бөліктерінде әрекеттерді әр түрлі үйлестірумен;

в) аяқты қозғалту: көтеру және түсіру, серпу, аралық немесе қорытынды тоқтап серпу, тура және әр түрлі дәрежеде бүгілген аяқтарды бүгу және жазу, табанның, тізенің, жамбастың әр түрлі әрекеттерін үйлестірумен.

Дескриптор :

- оқушы жұпта еркін ритмикалық жаттығу орындайды.

- еркін жаттығулар тізбегін орындайды.

- басты, қолды, денені, аяқты қозғалту әрекеттерді үйлестіреді.

Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға екі жұлдыз бір тілек арқылы бірін бірі бағалайды.

Мұғалім сұрақ қояды:

Бірлескен жұмыс дағдыларын бақылап және оқушыларды бағалаймыз.

Сендер осы тапсырмадан кейін өздеріңді қалай сезінесіңдер? Бұл тапсырмада қандай физикалық қасиеттерді дамытуға болады?

Мұғалім, оқушыларды дұрыс жолға бағыттайды және қандай да бір қиыншылықтар мен тіл проблемалары туралы ескертулер жазып алады (спорт терминологиясы және т.б.) Мұғалім кейде оқушыларға ынталандырушы сұрақтар қойып, олардың қаншалықты тапсырманы орындаумен айналысып отырғанын тексереді.

Қажетті жағдайда мұғалім келіспеушілік жағдайында мәселені дұрыс шешуге талпынады.

Оқушыларға «Жетістік сатысы» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді.

Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтыртыңыз.

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.

Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады.

Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды).

Үй жұмысын беріңіз:

- пән терминологиясын жаттау;

- таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу