Акробатикалық жаттығуларды тізбегі: Тепе теңдік және секіру. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 4 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық № 4

Сабақ тақырыбы: Акробатикалық жаттығуларды тізбегі. Тепе теңдік және секіру

Сабақтың оқу мақсаты: 8.3.2.1 денені қыздыру және қалпына келтіру жаттығуларының кещенін құру және көрсету, оның маңыздылығын түсіну;

Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады..

Күтілетін нәтижелер

- гимнастика жаттығуларымен айналысу кезіндегі қауіпсіздік техникасын біледі.

- гимнастикалық жабдықтарды қолдану мен қозғалыс әрекеттерін орындаудағы қиындықтар мен тәуекелдерді түсінеді.

-қарапайым қозғалыстар реттілігін орындай алады.

-гимнастикалық жаттығулар реттілігін орындайды. Мұғалім Сіздер үшін денені қыздыру және қалпына келтіру нені білдіреді деп сұрақ қояды.

Ара қашықтық сақтау.

Сыныпты 3 топқа бөлу.

П) «Ақылды қалпақ » стратегиясын өткізеді

Оқушылар акробатикалық жаттығулардың адам ағзасына қандай әсері бар екендігін жұппен талдап бір біріне сұрақтар қояды .

Оқушылар бір-бірін бағалайды

Мұғалім дененің құрлысын жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.

Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «смайликтер» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады.

Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?

Тізен ұстап тұрып кету.

Тізеден тарту.

Бір біріне көмек беру.

Бір біріне көмек беру, аяқ ұшы созылу

Қол ,аяқ жазулы.

Арқанды аяпен қысып алып шығу

Қолдын күшімен шығу.

Артқа қарау домалау түсуді үйренгенде жүйелілік барысында сақталған жөн.

домалап асып түсіп аяқты алшақ қойып тіреп тұру: артқа қарай домалап асып түсу арқылы қолды тіреп отырғаннан кейін, жоғары секіру, аяқты бірге ұстап артқа қарай домалап асып түсу.

(Б, ЖЖ, Ж, ҚБ) Акробатика сабақтарының алдында барлық дене бұлшық еттерін жақсы созу керек, бұл ширатуды қамтиды.

Оқушылар созылуға арналған жаттығулар кешенін орындайды.

(Б, ЖЖ, Ж, ҚБ) Оқушылар жұбына акробатика элементтері бейнеленген қима қағаздар беріледі, олар бойынша акробатикалық элементтер кешенін әзірлейді (аударылып түсу және домалау, «дөңгелек», шпагат, әр түрлі тік тұрулар (қолға тіреніп, баспен және қолға тіреніп, жауырынмен, «қарлығаш» және т.б.).

Мысалы, акробатикалық элементтерді біріктіру.

Ұлдар:

Оң (сол) қадаммен тепе-теңдік («қарлығаш») (ұстау...) – аяқты тақап, тіреле отырып – алға аударылып түсу – басымен және қолға тіреніп тұру (ұстау...) – тіреле отырып түсу – 2 артқа аударылып түсу – алға аударылып түсіп жауырынға тұру (ұстау...) – алға домалау және бастапқы қалыпқа тұру – 180 градусқа бұрылып алға секіру.

Қыздар:

Бір қадаммен аяқты ауыстырып секіру - оң (сол) қадаммен тепе-теңдік («қарлығаш») (ұстау...) – кез келген аяқты алға қойып, 180 градусқа бұрылу. Артқа аударылып түсу – артқа домалап түсіп жауырынға тұру (ұстау...) – «көпірден» бастапқы қалыпқа тұру, аяқты жоғары жан-жаққа – 2 алға аударылып түсу – бүгіліп жоғары секіру.

Дескриптор :

- қауіпсіздік ережесін біледі.

- жаттығулар алдында денені қыздыру және қалпына келтіру жатығуларын біледі.

-қолға тіреніп баспен және қолға тіреніп жауырынға тұра алады.

- артқа аударылып түсіп – артқа домалап жауырынға тұра алады.

Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға дескриптор арқылы өзара бағалау жүргізуді ұсынады.

Мұғалім сұрақ қояды:

- бұл тапсырмаларда сізде не сәтті болды, ал немен тағы да жұмыс жасау қажет?

Мұғалім, оқушыларды дұрыс жолға бағыттайды және қандай да бір қиыншылықтар мен тіл проблемалары туралы ескертулер жазып алады (спорт терминологиясы және т.б.) Мұғалім кейде оқушыларға ынталандырушы сұрақтар қойып, олардың қаншалықты тапсырманы орындаумен айналысып отырғанын тексереді.

Қажетті жағдайда мұғалім келіспеушілік жағдайында мәселені дұрыс шешуге талпынады.

Рефлексия: Мұғалім оқушыларға «Жетістік сатысы» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді.

Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады.

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.

Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды).

Мұғалім үй жұмысын береді:

- пән терминологиясын жаттау;

- таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу. Оқушылар тамырдың ырғағын санайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу