Акробатикалық жаттығуларды тізбегі: Тепе теңдік және секіру. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.
Сабақ жоспары № 4
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Гимнастикалық элементтер және оның түрлеріМектеп: | Күні: Сынып: 8 Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сабақ тақырыбы: Акробатикалық жаттығуларды тізбегі: Тепе теңдік және секіру | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.3.2.1 денені қыздыру және қалпына келтіру жаттығуларының кещенін құру және көрсету, оның маңыздылығын түсіну; | |||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар келесіге қабілетті: - денені қыздыру және қалпына келтіру жаттығуларының кещенін құра алады - денені қыздыру және қалпына келтіру жаттығуларының кещенін көрсетеді. Оқушылар көпшілігі келесіге қабілетті: -акробатикалық жаттығулар кешенін құра алады. - денені қыздыру және қалпына келтіру жаттығуларын маңыздылығын түсінеді. | |||||
Бағалау критериі | - денені қыздыру және қалпына келтіру жаттығуларының кешенін құрады және көрсете алады. - денені қыздыру және қалпына келтіру жаттығуларының маңыздылығын түсінеді. | |||||
Тілдік мақсаттар |
Пәнге тән лексика мен терминология:
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Талқылау үшін сұрақтар Сендер топта қалай жұмыс істедіңдер? Сендер табысты өзара әрекеттесе алдыңдар ма? | |||||
Құндылықтарды дарыту | (Өмір бойы үздіксіз білім алу) Оқуға деген сүйіспеншілікті білуге құмарлық, шығамашылық пен оқылатын материалға сыни қарау, қарым-қатынас пен мінезді, денені және ақыл-ойды үздіксіз дамыту арқылы бойға сіңіру. Оқушылардың өз бетімен оқуға болысатын дағдылары мен қабілеттерін дамытуды қамтиды. (Ынтымақтастық) Жылы қарым-қатынасты орнату, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру мен құрылымдық ұстанымды дамыту, қарым-қатынас орнату кезіндегі сыни ойлау қабілеті. (Академиялық шындық) Басқа адамдардың ойлары мен идеяларын құрметтеу, академиялық шындықтың ұстанымдарын сақтау, плагиатқа және ақпараттың көзін көрсетпеуге төзбеушілік. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Биология пәнімен байланыстыру. | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Акробатикалық жаттығуларға сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=G38vw9xLZ6E | |||||
Бастапқы білім | гимнастикалық жаттығулары дағдылары мен білімдеріне ие. | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 0-7 7-8 |
Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.. Күтілетін нәтижелер - гимнастика жаттығуларымен айналысу кезіндегі қауіпсіздік техникасын біледі. - гимнастикалық жабдықтарды қолдану мен қозғалыс әрекеттерін орындаудағы қиындықтар мен тәуекелдерді түсінеді. -қарапайым қозғалыстар реттілігін орындай алады. -гимнастикалық жаттығулар реттілігін орындайды. Мұғалім Сіздер үшін денені қыздыру және қалпына келтіру нені білдіреді деп сұрақ қояды II. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады. (П) «Ақылды қалпақ » стратегиясын өткізеді Оқушылар акробатикалық жаттығулардың адам ағзасына қандай әсері бар екендігін жұппен талдап бір біріне сұрақтар қояды . Оқушылар бір-бірін бағалайды Мұғалім дененің құрлысын жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды. Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «смайликтер» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады. Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз? | Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін. Мұғалімге ысқырық | ||||
Сабақтың ортасы 10-20 20-30 | (Б, ЖЖ, Ж, ҚБ) Акробатика сабақтарының алдында барлық дене бұлшық еттерін жақсы созу керек, бұл ширатуды қамтиды. Оқушылар созылуға арналған жаттығулар кешенін орындайды. (Б, ЖЖ, Ж, ҚБ) Оқушылар жұбына акробатика элементтері бейнеленген қима қағаздар беріледі, олар бойынша акробатикалық элементтер кешенін әзірлейді (аударылып түсу және домалау, «дөңгелек», шпагат, әр түрлі тік тұрулар (қолға тіреніп, баспен және қолға тіреніп, жауырынмен, «қарлығаш» және т.б.). Мысалы, акробатикалық элементтерді біріктіру. Ұлдар: Оң (сол) қадаммен тепе-теңдік («қарлығаш») (ұстау...) – аяқты тақап, тіреле отырып – алға аударылып түсу – басымен және қолға тіреніп тұру (ұстау...) – тіреле отырып түсу – 2 артқа аударылып түсу – алға аударылып түсіп жауырынға тұру (ұстау...) – алға домалау және бастапқы қалыпқа тұру – 180 градусқа бұрылып алға секіру. Қыздар: Бір қадаммен аяқты ауыстырып секіру - оң (сол) қадаммен тепе-теңдік («қарлығаш») (ұстау...) – кез келген аяқты алға қойып, 180 градусқа бұрылу. Артқа аударылып түсу – артқа домалап түсіп жауырынға тұру (ұстау...) – «көпірден» бастапқы қалыпқа тұру, аяқты жоғары жан-жаққа – 2 алға аударылып түсу – бүгіліп жоғары секіру. Дескриптор : - қауіпсіздік ережесін біледі. - жаттығулар алдында денені қыздыру және қалпына келтіру жатығуларын біледі. -қолға тіреніп баспен және қолға тіреніп жауырынға тұра алады. - артқа аударылып түсіп – артқа домалап жауырынға тұра алады. Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға дескриптор арқылы өзара бағалау жүргізуді ұсынады. Мұғалім сұрақ қояды: - бұл тапсырмаларда сізде не сәтті болды, ал немен тағы да жұмыс жасау қажет? Мұғалім, оқушыларды дұрыс жолға бағыттайды және қандай да бір қиыншылықтар мен тіл проблемалары туралы ескертулер жазып алады (спорт терминологиясы және т.б.) Мұғалім кейде оқушыларға ынталандырушы сұрақтар қойып, олардың қаншалықты тапсырманы орындаумен айналысып отырғанын тексереді. Қажетті жағдайда мұғалім келіспеушілік жағдайында мәселені дұрыс шешуге талпынады. | Акробатикалық ширату сілтемесі: https://www.youtube.com/watch?v=zWk-FIDpZ5o Акробатикалық жаттығуларға сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=G38vw9xLZ6E Әрбір әрекет үшін кең, бос кеңістік, ысқырық, секундомер, бор. | ||||
Сабақтың соңы 35-40 | VI. Рефлексия: Мұғалім оқушыларға «Жетістік сатысы» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді. Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады. Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары. Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды). Мұғалім үй жұмысын береді: - пән терминологиясын жаттау; - таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу. Оқушылар тамырдың ырғағын санайды. | Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін. Мұғалімге ысқырық | ||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
|
|
| ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?